Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі жағдайы туралы қазақша реферат

Салқам Жәңгір ханның қасиетті қазасынан соңғы отыз жыл, дәлірек айтсақ, 1652 жыл мен 1681 жылдық аралығы — біртұтас Қазақ Ордасыньң үш жарым ғасырлық ұзақ тарихындағы ең күңгірт кезең. Бұл заманда Бахадұр хан билік құрған. Бұл да емескі дерек. 1676-1680 жылдарда қазақтар Хажы-Тархан әулетінен шыққан ағайынды Әбділ-Әзиз хан мен Сүбханқұлы ханның Бұкар тағына таласкан өзара соғысына араласады. Басқа тараптағы окиғалар туралы артық мағлұмат ұшыратпадык, Сірә, тыныштыкта өткен. Байлықта, берекеде өткен. Бірақ дәл осы отыз жылдықта Қазақ ордасы өзінің болашак, ауыр тағдырына қарай нық қадам басқаны күмәнсіз.

XVII ғасырдың аяғы мен XVIII  ғасырдың бірінші ширегінде қазақ кауымдық құрылымдарының ең көп бөлігі аймактың оңтүстік, орталық және солтүстік-шығыс жактарында шоғырланған. Осы кездері алты алаштан құралған Қазақ хандығының арасындағы бөліністер байқалады. Бұл М.Мағауиннің сөзімен айтқанда елде болып жатқан екі жүз жылдық қазақ-жоңғар соғысының нәтижесінде кеңінен байқала бастады. Соның бастауы Ұлы, Орта, Кіші жүздердің бір-бірінен оқшаулануы. Ұлы жүз қазактарының, қыскы жайылымдары — Оңтүстік Балқаш өңірінің құмдарында, Мойынқұмда, Іле, Шу және Талас өзендерінің аңғарларында, ал жазғы жайлауы Тянь-Шаньмен Каратау жотасының солтүстік сілемдерінде орналасты. Аймактың оңтүстігінде Ұлы жүздің көшіп-конатын өңірі Ташкент қаласы мен оған жапсарлас жаткан калаларды және отырықшылық-егіншілік қыстақтарды қоса алғанда, Ферғана алкабының солтүстік-батыс бөлігіне дейін жетіп, Шыршық және Арыс өзендерінің анғарларына дейін созылып жатты және Сырдария маңында Бұхара хандығымен шектесті, ал оның Жетісу аумағы аркылы өтетін солтүстік шектері Орта жүз қазактары қоныстанған ауданмен тікелей ұласты. Орта жүз казактары ол кезеңде Солтүстік-шығыс, Орталық, ішінара Оңтүстік-шығыс Казақстанның кең-байтақ кеңістігін алып жатты, олардың шекаралары оңтүстігінде Сарысу өзенін жәие Шу өзенінінтөмеыгі ағысын бойлай Сырдарияныңтөменгі ағысына қарай өтті, Жоңғар хандығымен шектесті, ол жактан Арал теңізі — Ырғыз — Торғай шебі аркылы солтүстікке қарай созылып, сол учаскеде Кіші жүздің шығыс қоныстарына ұштасты, одан әрі Тобыл салаларын, Үлкен Торғай өзенін және Торғайдың жоғарғы ағысындағы көлдерді бойлай жүріп, сол жерде СібІр жолындағы башқұрттардың қоныстарымен шектесті. Солтүстігінде олар Нүра мен Есілдің жоғарғы ағысына карай, Есіл бойы даласымен Ертіс бағытында, ал шығысында Ертісті бойлай Ямышев көліне дейін жалғасып, Тобыл-Ертіс өзендерінің аралығында орыс қоныс аударушыларының поселкелерімен, сібір казактарының станицаларымен және барабин татарларының қоныстарымен тоғысты. Ямышевкадан оңтүстікте, жоғарғы Ертіс өңірінде Орта жүз рулары қазактарының Жоңғар хандығымен тағы да ортақ шекарасы болды, ал жоңғарлардың жер иеліктері бұл арада Ертістің сол жақ салалары-Шар, Аягөз және Баканасқа дейін жетіп жататын [1, 97б].

Кіші жүздің жері казіргі Батыс Қазақстан аумағында орналасып, шы-ғысында Орта жүздің коныстарына, ал оңтүстігінде Карақұм құмдарына карай және Сырдарияның төменгі ағыстарына дейін карақалпактардың қоңыстарына, сондай-ак Түркістан каласы аймағына карай созылып ба-рып, онда Үлы жүз бен Орта жүз тайпаларымен шектесті. Оның жазғы жайлаулары Үстірт жазығында, сондай-ақ Ор, Жайық, Елек, Жем, Темір өзендерінің салалары бойында, Мұғалжар тауы аймағында, ал қыскы қыс-таулары — Ырғыз өзені, оның салалары ауқымында, Сырдарияның төменгі ағысын бойлай, Ырғыз бассейнінің оңтүстік жағында (Тәуіп күмдары), Арал теңізінен батыска қарай (Сам құмдарына дейінгі шағыл күмдар), Манғыстау түбегінде, Атырау алкабында, Нарын құмдарында (Каспий тенізінің жағасына карай) орналасты. Орта жүз Орталық Қазакстанды алып жатты, оның жазғы жайлаулары мен кысқы кыстаулары Сарысу өзенінің бойында, Есілдің жоғарғы ағысында, Тобыл салаларының, Торғай өзенінің бойында, Ұлытау мен оған жапсарлас жатқан көлдер аумағында болатын. Батысында олар еділ калмақтары қоныстанған өңірмеи шектесті, ал солтүстігіне жақыныракта — Ырғыз, Ор және Елек өзендерінің орта ағысы алкаптарында — олардың Ноғай жолының башқұрттарымен шекарасы өтті.

Негізінде көшпелі тұрмыс салты жатқанқазақ қоғамының патриархат-тық-кауымдық құрылысы қазақ қоғамы дамуына елеулі ыкпал жасады, ол біртіндеп ру топтары мен ұжымдық құрыльмдарға ыдырап, олардың би-леушілері окшаулануға ұмтылды. Елде барған сайын алауыздыкпен қыр-қыс-тартыс етек алды. Әр түрлі сұлтандардын топтары бір-бірімен ең жақсы жайылымдық алаптарды иелену мен басып қалу үшін бақталасты. Қырқыстарға сырт жақтан колдау көрсетілді. Соның салдарынан бірігу

сарыны баяулады.

Жүздердің, құрылымын кұраған барлық буындарды, олардың шыққан тегін бір нақты не аңызға айналған бабаға телитін күрделі генеалогиялык аңыздар болды. Жекелеген есептеулер бойынша, XVII ғасырдың аяғы — ХVIIIғасырдың басында барлық үш жүздің құрамына 112 шамасында ру бөлімшелері кірген.Осы буындарды құраған қазақ халқының жалпы санын зерттеушілердің көпшілігі сол кезеңде 2—3 миллиондай адам деп көрсетеді.

XVII—XVIIIғасырлар аясында қазаққоғамында интеграциялық сарын күшейді, ханбилігі нығайып,үш жүз өкілдерінің жиналысы біршама тұрақ-ты түрде шакырыла бастады, оларда ең көкейкесті мәселелер талқыла-нып, шешілді. Ол кезде қазақ хандары мен сұлтандарының саяси ыкпал өрісі дәстүрлі көшпелі аудандарға ғана емес, сонымен қатар Сырдария-ның төменгі және орта ағысы бойындағы көршілес отырыкшы-егінші және сауда-колөнерші аймақтарға таралды, онда 1695 жылы Ташкент жази-расымен бірге 32 қала мен оларға жапсарлас жаткан жер қазақтарға ба-ғынды. Ташкент, Сығанак, Сайрам, Созақ, Аккорған, Отырар, Қарнақ,Икан, Сауран сиякты калалардың тұрғындары қазақ билеушілерінің пай-дасына жыл сайын ақшалай және тауарлармен алым төлеп тұрды, ал ауыл-дық егінші халықтан сиыр мен койдың нақты санынан ясак алымы және жиналған өнімнің 1/5 не 1/10бөлігі мөлшерінде астық бажы алынды. Со-нымен бірге Сыр өңірі аймағының қала халқы ішкі саяси өмірінде және көршілес халықтармен сыртқы тоқайласулар саласында белгілі бір авто-номиясын сақтап қалды жөне оларды қалалар түрғындарынын сауда-кол-өнер топтары мен мұсылман дінбасылары арасынан сайланатын жергілікті озін-өзі басқару органдары басқарды.  XVIII ғасырдың басында сырттан соғыс қаупі төнген жағдайларда қазақ жүздерінің өз ішінде де әлеуметтік-саяси жағдай айтарлыктай тұрақтанды, бұған жергілікті рубасыларының, сұлтандар мен хандардың Жоңғар хандығының әскери белсендігінің өсе түсуі және накты бар күштердің берін сырттан жасалатын экспансияға карсы күресу үшін жүмылдыру қажеттігі нәтижесінде көшпелі коғамның жаңа қажеттеріне бейімдеп, дағдылы құқықты заң аркылы регламенттеу және әлеуметтік практикаға оның бірсыпыра жаңа нормаларын енгізу жөніндегі бірлескен күш-жігері едәуір дәрежеде себепші болды. Хан билігін күшейтуде, қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық дәстүрлер мен нормаларды регламенттеуде, ішінара жанартып, бір ізге түсіруде Жәңгір ханның ұлы және мүрагері, белгілі тарихшы А. И. Левшин «Ликург» және «Айдаһар» деп бейнелеп атаған (1680—1718 жылдары ел билеген) Тәуке хан үлкен рөл атқарды [2, 161б].

Жәңгірұлы Тәуке хан (1626-1718) – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Кунделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді. 

Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып — өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек, Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса — береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез — халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды. 
Бірақ, бұл, әрине ол кезде ешқандай шапқыншылық болған жоқ, бірыңғай бейбіт күн туып, қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті дегенді білдірмесе керек. Керісінше, Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау 1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін оның немересі Цеван Рабтан билік басына келген кезде де толастаған емес. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717 жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың болғаны белгілі. Бұл арада мәселе елдің өз ішінде тыныштық орнауында, халық арасында ырыс қазығы — ынтымақтың берік қағылып, ағайынаралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл-ойының жоғары көтеруінде. Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды. Тәуке хан билік басында өте ұзақ, әбден қартайып, қаусаған шал болғанша отырып, 1718 жылы өз ажалынан қайтыс болды.

Тәуке хан уақытша болса да ішкі өзара қырқысты токтатып, жүздер арасында тыныштық орната білді, сол арқылы қазақ руларының коныстарын сырттан басып кіруден кауіпсіздендірді. Алайда сұлтандардың билік үшін күресі мен окшаулануға ұмтылуы көп ұзамай бірлікті бұзды, мұны көршілері дереу пайдалана қойды. Оңтүстік-батыстан жайық казактары қолдаған еділ қалмақтары шапқыншылық жасады, солтүстіктен сібір ка-зактары шабуылдады; Жайыктың арғы бетіндегі қоныстардан башқұрттар да дәмеленді. Оңтүстіктен казақтарға Орта Азия хандықтарының (Бүхара, Хиуа) билеушілері кысым көрсетті. Бірақ қазақ халқына ең каһарлы қауіп шығыстан — күшті де агрессияшыл Жоңғар хандығы тарапынан төнді.

Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жайылымды кеңейту қажет болды, мұнын өзі жер алаптарын бөлісуге және жаңа жайылымдар іздеуге әкеп соқты. Бұған Жоңғар хандығы мейлінше қатты мұктаж болатын.

Жоңғарлар сауда-қолөнер орталықтары мен керуен жолдарын өздеріне бекітіп алуға ұмтылды. Олар үшін бұл өмірлік кажетті шара еді.

Тәуке билік еткен кезеңде қазақтар мемлекеттілігінің күшті сыртқы жаулар алдында беделін арттыру мақсатында оны нығайтуға бағытталған манызды кадамдар жасалды. Кіші жүздің саны аз және әлсіз жеті руын жетіру деген бір тайпаға, ал Орта жүздің уактарымен керейлерін бір уақ керей бірлестігіне біріктіруді халықтың ауызша дәстүрі осы ханның есімімен байланыстырады. Жауға қарсы күресу үшін ірі бірлестіктер мен рулар ғана күшті және жаксы қаруланған қол шығара алатынын ескергенде, әлгі жаңалықтар қазақ жасақтарының, жауынгерлік қабілетін арттыруға мүмкіндік берген. Сонымен бірге жер мен су жөніндегі топтар арасындағы таусылмас алауыздықтар мен жанжалдарды жою үшін Тәукенің бастамасы бойынша, билер мен аксақалдар кеңесі әртүрлі кауымдар мен рулардың көшіп жүретін жерлері неғүрлым айқын бөлініп, ру бөлімшелері ішінде ру таңбаларын пайдалану ретке келтірілген, казақ қоғамында тарихи қалыптасқан дағдылы құқық нормаларын бір жүйеге келтіру, ішінара толықтырулар жүзеге асырылған.

XVIII ғасырдын алғашкы үштен бір ширегіндегі қазақ хандықтарының ішкі саяси өміріне барлық үш жүзі өкілдерінің жалпы шешімді талап ететін мәселелерді талқылау үшін ара-тұра шақырылып тұратын біріккен жиналыстары тән. Түрлі мәліметтерге карағанда, олар мәслихат құру үшін жыл сайын жиналып отырған. Онда «қайда қыстап, қай өнірді жайлау керек, тыныштықка калай қол жеткізіп, қалай соғысу керек» деген мәселелер талкыланған. Мәслихаттарда аса маңызды экономикалық және саяси мәселелер, соның ішінде коныстарды бөлісу, көшіп-қону тәртібі, ру аралық жанжалдарды талқылау мәселелері, соғыс пен бейбітшілік және сыртқы катынастар мәселелері жөнінде шешімдер қабылданған. Алайда Тәуке хан мен оның ең жакын серіктерінің билікті шоғырландыру және қазақ тайпаларын саяси топтастыру, қазақтар арасында интеграциялық үрдістерді дамыту механизмін күшейту жөнінде колданған жеке үлкен күш-жігеріне қарамастан, көшпелі тұрмыс салты, оның геосаяси жағдайы және қоғамдық қатынастардың ерекшелігі себепті онын қызметі мен саясатын елеулі нәтижелерге жеткізбеді. Сондықтан Тәуке өмірінің сонғы жылдарында-ак, әсіресе ол кайтыс болғаннан кейін қазақ қоғамында әр жаққа тарту сарыны қайтадан күшейді және оның ең жақын мирас-қорларына басқа хандар мен сұлтандардың оқшаулануға ұмтылысын тежеу барған сайын қиындай түсті.

XVIII ғасырдың екінші онжылдығының ортасына қарай қазақтардың батыстағы, солтүстіктегі және әсіресе оңтүстік-шығыстағы көршілерімен қарулы кақтығыстарының үздіксіз өрши түсуі және олардын бір-бірінен едәуір қашық жаткан бірнеше географиялық аудандарда бір мезгілде соғыс агрессиясына карсы ұйымдаскан тойтарыс беру кажеттігін талап етуі. Қазақстан аумағында біртіндеп біркатар ірі әскери-саяси орталықтар құруды қажет етті, олардың билеушілері қазақтарға өз ықпалының әлеуметтік-аумактық ауқымын кеңейтуге және дәрменсіз аға ханға мүлдем тәуелсіз болуға барын салып ұмтылды.Мәселен, әбден қартайған Тәукенің тірі кезінде-ақ Кіші жүздің қазақ руларының шағын бөлігі және Орта жүз көшпелілерінің кейбір тайпалық бөлімшелері соңғы екі ғасыр бойы қазақ халкы арасында жетекші саяси жағдайда болған жергілікті Жошы ұрпактарының үлкен әулеттерінін бірінен шықкан Қайып сұлтанды (1717 ж. өлген)өздерінің ханы етіп сайлады. Мұңдай тандау Кіші жүз қазақтарының ақсақалдарын қанағаттандырмады, олар 1710 жылы Арал маңындағы Қарақұмға кеңесу үшін жиналып, дала дәстүрін бұзып және төтенше жағдайлар себепті жас сұлтан Әбілкайырды (1748 ж. өлген) өздерінің ханы етіп жариялады, ол ата-бабасы бұрын ешқашанда казақ ханы болып сайланбаған басқа бір сұлтан тұқымының өкілі еді. Шамамен сол кезде Орта жүздің қоңырат құрылымының көптеген әлеуметтік топтары мен найман руларынын, көпшілігі қазақ сұлтандарының баска бір үлкен әулетінің өкілі Тұрсын ханның (1717 ж. өлген) билігін таныған еді. Ұлы жүз қоныстарында XVIII ғасырдың алғашқы екі онжылдығында Иман (XVII ғасырдың аяғы — XVIII ғасырдың алғашкы жылдары), Рүстем (1712 ж. өлген) және Абдолла (шамамен 1719 ж. өлген) хандар қазақ рулары мен қауымдарын кезектесіп баскарды, олар Ташкент пен оған жапсарлас жатқан қалаларды да иеленген. Деректемелерде жоғарыда аталған хандарға қоса басқа да бірқатар билеуші.Жошы ұрпақтарының, есімдері аталады, бірақ олардың билік етуі туралы қандай да болсын нақты және біршама анық мәліметтер табылған жоқ.
Тағы рефераттар