Жоспар

1. Заттарды қарау

2. Құжаттарды қарау

3. Қаралған заттай дәлелдемелерді сақтау

1. Заттарды қарау. Тергеу барысында әр түрлі заттардың және олардың бөліктерін дәлелдемелік маңызы болуы мүмкін. Ондай заттарды тергеуші оқиға бролған жерді қараған кезде тінті мен алуды жүргізгенде табуы мүмкін, оларды куәгерлер, жәбірленушілер, сезіктілер және айыпталушылар беруі мүмкін. Егер оқиға болған жерден табылған затттарды қарау ұзақ уақыт алатын болса немесе басқа да негіздер болса, онда қарауды тергеу жүргізіліп жатқан орынға жеткізіп қарауға болады. Осы жағдайдағы заттардың қарауы өз алдында джеке тергеу әрекетінің мазмұнын құрайды. Жеке заттардың қарауын, олар табылған жерінде қаралған күннің өзінде де, тергеуші кабимнетінде қайта қарау көбінде тиімді. Бұл қарауға барынша қолайлы жағдайлар жасап, қарау мұқият жүргізуге мүмкнідік береді.

Заттардың қарауы, олардың іс үшін елеулі маңызы бар білгілері мен сипаттары тергеушінің көзінен таса болмайтындай етіп жүргізілуі тиіс.

Заттарды қарауы, олардың сыртқы сипаттарын зерттеуден басталады. Тергеуші заттың жағдайын, оның атауын және оының не үшін арналғанын анықтайды, қажет болса, осы заттарды пайдалану ережелерін панықтайды. Содан кейін әрі қарай қарау барысында ережелерін анықтайды. Содан кейін әрі қарай қарау барысында заттардың жеке белгілерін, оның ахаулары және ерекшеліктері анықталады, оның қандай мақсатта пайдаланғандығын куәлайтын белгілер, тергелініп жатқан оқиғаға байланысын көрсететін белгілер анақталады. Барлық осы деректер  қарау хаттамасында бекітіледі және оған қаралып жатқан заттың фотосуреттері тіркеледі.

Заттардың қарауы, олардың сараптық зерттеуін ауыстыра алмайды. Осыларды ескере отырып, тергеуші қарау барысында, біріншіден, кейін сараптық зерттеудің болатын іздер мен белгілерді табуға күш жұмсауы керек, екіншіден, қаралынып жатқан заттармен жұмыс істегенде, олардың сақталауы мен дәлелдемелік күшіне кепілдік болатын жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтауы керек.

Оқиға болған жерді қарау кезінде жерді нгемесе үй-жайды тінту, алу тергеу әрекеттері кезінде алынған не тергеушінің талап етуі бойынша ұйым және азаматтар берген заттар ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексіенің 222-бабының ережелері бойынгша қарауға жатады. Аталған заттарды қарағаннан кейін ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексіенің 121-бабының ережелеріне сәйкес заттай дәлелдемелер танылуы мүмкін.

Затты тергеуші заттай дәлел ретінде тану және оны іске қосып тіркеу туралы қаулы шығарады. Осы қаулыда дәлелджі іспен бірге қалдыу немесе оны иесіне немесе адамдар мен ұйымдарға сақтауға өткізу туарлы мәселе шешілуге тиіс.

Егер заттар ауқымдыф болуына немесе өзге де себептергше байланысты қылмыстық іспен бірге сақтауға келмесе, олар фотосурет немесе бейнежазба құралдарысмен түсіріп алу мүмкіндігінше мөрмен бекітілеге және тергеуші көрсеткен орында сақталуы тиіс. Істе заттай дәлелдің жатқан жері туралы істе тиісті анықтама алуы тиіс.

Тез бұзылатын заттай дәлелдемелер, егер олар иесіне қайтарылмайтындай болса, тиісті ұйымдарға мақсатына сай пайдалануға не алынған сомаларды қылмыстық істе жүргізуші органның депозитіне енгізі отырып сатуға өткізіледі. Негіздер болған кезде олар тиісті тегі мен сапасы жағынан бара-бар заттармен қайтарылады немесе оның құны төленеді

Анықтау органы істі тергеушіге берген кезде немесе ол бір ангықтау органынан екінші анықтацу органынан, не бір тергеушіден  екіншісіне берілген ретте, сонымен қатар іс прокурорға және сотқа жіберілгенде заттай дәлелдемелер іспен бірге жөнелтіледі. Заттай дәлелдемелер  буып-түйілген және мөрмен бекітілген күйінде оларды даралайтын белгілері көрсетілген тізімдеумен бірге беріледі.

Қылмыстық іс тергеу сатысында тоқтатылған кезде дәлелдемелер туралы мәселе ҚР Қылмыстық іс жүргізу Кодексіенің 121-бабының үшінші бөлігінің ережелері бойынша шешіледі. (ҚР ҚІЖК-нің 223 бабы).

2. Құжаттарды қарауы. Құжаттарды қараудың мақсаты болып құжаттарға заттай дәлелдемелік маңыз беретін белгілерін анықтау мен бекіту табылады, сорнымен қатар құжаттармен куәланғандығын немесе іс үшін маңызы бар мән-жайлар мен фактілер баяндалғандыған анықтау болып табылады.

Қараудың бастапқы сатысында тергеуші құжат туралы жалпы  мағлұмат алуы керек. Осы кезде анықталады:

—         құжат нені білдіреді;

—         осы құжат кімде және қай жерде сақталады;

—         құжаттың сыртқы түрі және реквизиттері;

—         құжаттың пайда болуы, құжаттың бұл адамға кімнен келген.

Тергеушінің кейінгі әрекеттері осы құжат бойынша қандай рөл атқаратындығына тәуелді; дәлелдемелік зат, не болса фактілер мен мән-жайларды кәулайтын құрал ретінде болуы. Дәлелдемелік заттар болып табылатын құжаттарды қараған кезде тергеуші, өзінің қолы жеткен құралдармен құжаттың мазмұнын, нышнын, материалын және оынң жеке бөліктерін; қойылған қолдарын, мөр таңбаларын және басқаларды зерттей отырып, құжаттың шынайлығы туралы сұрақты шешеді. Жасандылықтың белгілерін табу үшін қараудың арнайы тәсілдері қолданылады, мысалы, белгілі бір жарық бұрышынан немесе көз қиыңғынан, жарыққа қаратып, үлкейткіш әйнектер арқылы қарау және с.с. қажетті жағдайларда қарау эффектілі болуы үшін маманды қатыстырады (криминалист, химик және т.б.). Құжаттың тұтастай жалғандығын немесе кейбір жерлерінің жалғандығын көрсететін барлық белгілер толықтй қарау хаттамасында бекітіледі.


Тағы рефераттар