Туризм факторларын анықтап және анализдеп болған соң туризм индустриясын зерттеуді бастау керек. Туризм индустриясы экономиканың жеке саласы ретінде жоспарлы экономика жағдайында болған жоқ.
Туризм индустриясы терминінің анықтамасын берейік:
«Туризм және туризм индустриясы» түсінігі ұқсас және бір мағыналы сияқты. Ғылыми әдебиеттерде ғалымдар бұл терминге әр түрлі анықтама береді. «Туризм индустриясы» түсінігі өте көлемді және қиын. ССРО кезінде оған бірінші рет П.Г.Олдак анықтама берген: «Туризм индустриясы туризм қызметін сату және құруға маманданған қызмет көрсетуші мекемелермен мінезделеді немесе туристердің төлеу қабілеттілік сұранысын қанағаттандыруға мамандандырылған экономиканың бөлек саласы.
С.Р.Ердаулетовтың ойынша туризм индустриясы туризмнің шаруашылық деңгейін анықтайды. «Туризм индустриясы» – таза экономикалық категория болып табылады. И.В.Зорин, В.А.Квартальнов туризм индустриясын шаруашылық құрылымның дербес звеносы деп анықтады; комплексті салалар мен бөлімдерден құралған экономикалық жүйе, олардың функциялары демалыс және көңіл көтерудің барлық түріне қиын және әр түрлі сұранысты қанағаттандырумен шектеледі.
Біздің ойымызша «туризм индустриясы – бұл табиғаттағы рекреациялық байлығына сүйенетін, сервис инфрақұрылымының барлық формалары кіретін демалу және көңіл көтеруге қоғамның сұранысын қанағаттандыратын қиын, шаруашылық, өндірістік және әлеуметтік қызметтің көпқырлы жүйесі.
«Туризм және туризм индустриясы» терминінің анықтамасы жалпы қабылданғаннан бірнеше айырмашылығы болу керек. Олардың айырмашылығы теориялық бағыттың «Туризм» терминіне географиялық тұрғыдан және «Туризм индустриясы» терминіне экономикалық тұрғыдан қарау. Туризм – бұл саяхат, ал саяхат – ғасырлардан қалыптасқан түсінік, олар саяхатшы-географтармен жасалған географиялық ашылулар. Сондықтан туризм – бұл таза географиялық түсінік.
«Туризм индустриясының» экономикалық мәні бар. Индустрия сөзі үлкен өнеркәсіп деген мағынаны білдіреді (л.т. «industria» — қызмет). «Туризм индустриясын» экономикалық тұрғыдан қарау бұл саланың масштабтылығы мен тиімділігіне аз капиталдың сиымдылығы және құйылған қаржының тез өтелуіне байланысты.
«Туризм индустриясының» ерекше қасиеттері:
Туристік мекемелердің ресурстарға байланысты орналасуы, өндірістің маусымдылық және циклді мінезі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен инвестицияның міндеттілігі жатыр. Туризм индустриясын дамытуды дұрыс түсіну үшін экономикалық саланың оң және теріс жақтарын бөліп көрсету керек.
Туризм индустриясының оң жақтарына:
— ЖІӨ құрылымында туризмнен түскен табыстың өсуі;
— аудандарда әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы;
— туризм сферасында жұмыс істейтіндердің өсуі;
— экономиканың басқа салаларымен бәсекелестіктің артуы;
— аудандардың білім және ғылым потенциялының өсуі;
— агломерацияға антропогенді әсердің азаюы;
— инвестициялық бағдарламалардың тез өтелуі.
Теріс жақтарына:
— ЖІӨ құрамында табыстарды иррационалды үлестіру;
— өндірістік инфрақұрылымның кейбір салаларының стагнациясы;
— туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы;
— туризм индустриясында техникалық мамандандырылған кадрлардың азаюы;
— игерілмеген табиғи территорияларға антропогенді әсердің өсуі.
Біздің атап өткен туризм индустриясы дамуының оң және теріс жақтары тұрақты емес, олар біздің ұлттық экономикамыздың жаңа секторларының қалыптасуына байланысты өзгертіліп және толықтырылып тұрады.
Туризм индустриясының оң және теріс жақтары оның экономикадағы және қоғамдағы орнын анықтайтын факторлардың бір бөлігі ғана.
Туризм индустриясының құрылымын және қазіргі этапта оны басқару құрылымын анықтау қажет.
Қазақстанда В.Г.Волошин туризм индустриясының құрылымын көрсетті. Біз Қазақстанның туризм индустриясының альтернативтік, бірыңғайландырылған құрылымын ұсынамыз.
Біздің берген нұсқамыздың негізгі айырмашылығы табиғи рекреациялық потенциалды енгізу. Қазақстан үшін табиғи рекреациялық потенциал факторы оның масштабтылығы, әр түрлілігі және қайталанбайтындығы жағынан тең келмейтін байлық. Қазақстан экономикасының қазіргі даму этабында туризм индустриясына құйылатын қаржының жетіспеушілігі кезінде бұл фактор оның құрылымының басты элементі болуы керек. Көрсетілген құрылым туризм индустриясының қазіргі бөлімін қамтиды және Қазақстан Республикасының жаңа туристік саясаттың құрылуына негіз бола алады. Демек, туризм индустриясы қиын экономикалық жүйе. Қазақстанда туризм индустриясының дамуы мемлекеттің бюджетіне қаржы түсіріп, туризммен байланысты және Қазақстан экономикасының басқа салаларына қатысты қиын әлеуметтік, экологиялық, демографиялық және басқа проблемаларды шешуге көмектеседі.
Батыста туризмнің әлеуметтік-экономикалық мәнін бұрыннан түсінген. Сондықтан да 20-ғасырдың 80-жылдардың аяғында туристік ұйымдардың әр түрлі эксперттері мен барлық мүмкіндіктегі комиссиялары 2000 жылдары және одан да ары 2025 жылдары туризм қандай болады? – деп болжам жасауға ұмтылған, себебі оның әсерлі даму стратегиясын құрастыру қажет болды. Сол кезде, 80-шы жылдары, туризм өзінің мәні бойынша халықаралық қызмет түрлерінің ең бір алғашқы бірінші дәрежелі болады деп жазылды. Мұны біз оны дамытуға жұмсалып жатқан қаражаттың динамикалық көтерілуінен біле аламыз және де бірінші жоспарға үлкен трансұлттық қаржылық топтар өздерінің транспорт қорымен, қонақ-үй комплекстік байланысымен, электронды есептеуіш және ақпараттық орталықтарыменен ене бастады.
Әлемдік туристік нарықты 2020 жылға дейінгі аралықта маңызды сегменттер есебінде ДСҰ круизді, конгресс туризмді, тақырыптық-қалалық туризм, мәдени туризм, эксклюзивті және спорттық туризм, сондай-ақ жағажайлық демалысты атады. Ал сол кезде әлемде 2020 жылы болжаған туризмнің келу саны 156,1 млн. адамды құрауы мүмкін.
Қазақстан үшін бұл кезеңде әлемдік туристік нарықта оқиғалы және спорттық туризм маңызды сегмент болып табылады, оған Республикада жеткілікті рекреациялық ресурстары бар.
Әлеуметтік туризм және еңбекшілердің демалысы бойынша халықаралық ассоциациясының президенті Ж.Фошенің ойынша, туризмді дамыту тек қаржылық табыс түсіру негізінде ғана болса және де әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық аспектілерді көрсете алмаса, мұндай жұмыс ұзаққа бармайды, адамдар мен оны қоршаған орта үшін келешегі жоқ деген.
Туризм дамуының ғаламдану концепциясын құрастыру әлемде әлеуметтік мәнге ие, егер де адам дамуының ұзақ мерзімдік болжамына сүйенетін болсақ, онда туризм дамуының максималды дәл ғаламдық концепциясы үшін адам дамуының экологиялық және демографиялық ұзақ мерзімдік болжамдарын анализдеу керек . Ал мұндай ұқсас болжамдарды әр елдің ғалымдары үзбей зерттеп отырады. Вашингтондық «World watch» институты өзінің шығарған жылдық «Әлемнің қазіргі жағдайы 1998» атты баяндамасында мынадай ескертулер бар, яғни әлемдік ресурстарды (қолдану) пайдалану келесі 50 жылдың ішінде бірден көбейеді. Біздің жер шарындағы халық 60 пайызға көбейеді деп болжануда. Сонда 6 миллиардқа жуық адамға тағы да 3,5 млрд. адам қосылады. Бұл өзімен бірге табиғи ресурстар шығынның көлемін үлкейтеді. Баяндамада айтылғандай, соңғы 50 жылда әлем өзінің орман массивінің тең жартысын жоғалтып алған.
Әрине экономиканың мұндай саласын қарыштатып дамыту үшін көп көлемде табиғи рекреациялық ресурстарды қолдануға тура келеді. Бұл өз кезегінде маңызды проблемаға айналып отыр. АҚШ-та, Еуропада, Қытайда, Үндістанда, Таяу Шығыста және Африкада су қоры азаюда. Баяндамада әлем елдерін планетамызды қоршаған ортаға қажетті экологияны қарастыруға шақырады. Бұл Қазақстан үшін де көкейтесті мәселенің бірі.
Келесі бір адам дамуындағы маңызды, ұзақ мерзімді болжам жер халқының санағы жайындағы демографиялық болжам. 2001 жылы БҰҰ есебі бойынша халықтың саны ұдайы өсіп отырады деп болжаған, яғни 2050 жылы 9,3 млрд-қа және де 2150 жылы 10 млрд. деңгейінде тұрақталады делінген. Бірақ та кейінгі кездері демографтар жиі-жиі мүлдем басқа болжамдар жасап отыр.
Әрине бұл демографиялық факторлар туризм индустриясының қарыштап дамуына үлкен әсер етуі сөзсіз, себебі түсінікті де.
Келесі бір адам дамуындағы ұзақ мерзімдік маңызды болжам планетамыздағы ғаламдық құрғақтану, бұл өз кезегінде туризм дамуының концепциясын нақтылай түсуге елеулі әсер етеді.
БҰҰ-ның 2002 жылы 21-наурызда шыққан баяндамасында, Судың Дүниежүзілік күнін атап өту кезінде, егер де дәл қазіргідей сол масштабта әлем суды осылай пайдаланатын болса, 2025 жылы 2,7 млрд. адам су тапшылығына кезігеді делінген. Тағы 2,5 млрд. адамның тұщы суға жетуі шектелген болады.
Ең бір су жетіспеушілік салдарынан дау-жанжал туындайтын әлемдегі аумақтардың бірі Орта Азия. Сондықтан да Сібірлік өзендердің суын осы аумақтарға бұру мәселесі өте актуальды болып отыр. Бұл мәселе Кеңестік заманда да талқыланып, белгісіз себептермен кейінге ысырылып қойды. Қазіргі кезде бұл «өзендерді бұрмалау» жобасы Қазақстан мен Орта Азияның қызығушылығын тудырып отыр. Егер де бұл жоба іске асар болса, онда аумақта тек қана туризм индустриясын дамытып қана қоймай, бірқатар өзекті мәселелердің шешім табары сөзсіз.
Халықаралық туризмді мамандар біріншіден қызметтер мен тауарлардың халықаралық саудасының бөлігі ретінде қарастырады. Ол кезегінде халықаралық сауда-саттық теориясының абсолюттік басымдылық теориясын; салыстырмалы басымдылық; факторлардың қарым-қатынасын қатыстырады.
Абсолюттік басымдылық халықаралық туризмде маңызды роль атқарады. Керемет табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштер шығу туризмінен басқа елдердің алдында абсолютті басымдылықты байқатады.
Абсолюттік басымдылықты табиғи ескерткіштер бойынша мына топтар иемденеді: Непал, Қытай, Пәкістан (территорияларында әлемдегі ең биік шыңдар 8 мың метрден жоғары, оның ішінде Эверест те бар), АҚШ (Гранд-Коньон); Венесуэла (әлемдегі ең биік сарқырама) және т.б.
Абсолюттік басымдылықты тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша мына топтар иемденеді: Египет (Гиза-Дахшур ауданындағы пирамидалар, ежелгі Фивтер); Греция (Афинадағы Акрополь, Бассаедегі Аполлон Эникурейдің храмы); Франция (Версальдағы саябақтар мен сарайлар және — Фонтенбло); Ресей (Санкт-Петербург, Мәскеудегі — Қызыл алаң және Кремль); Қытай (Қытайдың ұлы қорғаны)және т.б.
Жоғарыда аталып кеткен елдер өздерінің абсолютті басымдылықтарын халықаралық туристік нарықта керемет туристік өнім құрап пайдаланып өз секторын қалыптастырады.
Қазақстанда өзінше орналасқан бірқатар табиғи ескерткіштер кейбір абсолютті басымдылықты иемденеді. Мысалы, әлемдегі ең солтүстіктегі таулы шың Хан-Тәңірі, биіктігі — теңіз деңгейінен жеті мың метрден жоғары, әрі Алматы сияқты мегаполистің қасында орналасқан. Жақын маңда аэродром болғандықтан Алматылық турфирмалардың қызметкерлері Алматыдан альпинистерді вертолетпенен 3,5-4,5 сағатта Хан-Тәңірінің астына апарып тастай алады. Бұл басқа жеті мың метрлік шыңдары бар елдердің алдындағы айқын басымдылық.
20-шы ғасырдың соңғы 10-жылында ТМД елдерінде туризм индустриясына келген тікелей инвестицияның көлемі үлкен емес. Сондықтан да мамандардың айтуынша мұндай инвестициялардың нәтижесін әзірге Батыс елдері пайдалануда. Басқаларына қарағанда инвестициясының кең тараған түрі жобалы несиелеу, жобаға бірге қатысу; басқаруға келісім шарт жасау.
Қазақстан Республикасы шетелдік инвесторларға тартымдылығы келесідей басты негіздермен анықталады:
- Потенциалды жоғары пайда коэффициенті.
- Нарықтың үлкен потенциалы.
- Табиғи ресурстарды пайдалану мүмкіндігі.
- Болашақта Шығыс пен Батысты біріктіруші халықаралық транспорттық маршруттық перспективасының болуы.
1997-2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының өкілетті ұйымдармен 171 инвестициялық келісім шарт 1240 млн. доллар көлемінде түзілген. Оның ішінде туризм саласына 12,21 млн. доллар тартылған.
Туризм саласына мұндай аз көлемдегі инвестицияның негізгі себебі:
- Қазақстан Республикасы бағдарламасының жоқтығы.
- Жеткілікті сервистің және сол жердегі коммуналдық құрал-жабдықтың жоқтығы.
- Республика территориясындағы транспорттық кестенің оптималды еместігі.
Жаңа инвестициялық саясаттың негізгі міндеті – Қазақстандағы өту кезеңінің жағдайында инвестициялаудың қазіргі моделін нақты жағдайларға адаптациялау. Олардың бірі – инвестициялық қаржыландыруды бюджеттік емес көздерінде мобилизациялау. Бұның арқасында дамыған мемлекеттерде капиталды салымдардың және ұлттық шаруашылықтың негізгі бөлігін қамтамассыз етеді.
Тағы рефераттар
- Облигацияларды сату жолымен тартылган заемдық қаражаттар бойынша операциялар
- Табиғатты қорғайық, аялайық! балабақшадағы ашық сабақ
- Адамзат қоғамының эволюциясы
- “Оғыз қаған” дастанының тарихилығы
- Мектеп жасына дейінгі әр түрлі мекемелерде және отбасында балалармен дене тәрбиесі жұмысын ұымдастырудың ерекшеліктері