Тынық мұхиты туралы қазақша реферат
Тынық мұхит алабына енетін өзендер биік таулардан басталады, жоғарғы ағысында таулық сипатта болады. Ағыны қатты болғандықтан тау жыныстарын тез бұзады және жылдам ағызып тасымалдайды. Ірі өзендеріне Амур, Хуанхэ, Янцзы, Меконг жатады. Муссондық климат жағдайында өзендердің деңгейі жыл мезгілдеріне қарай өзгереді, қыста географиялық ендікке байланысты кейбіреуі қатады. Солтүстіктегі ұсақ өзендерді қоспағанда барлығы дерлік жаңбыр суымен қоректенеді.
Алаптың ең ірі өзені Хуанхэ сары түсті , сазды шөгінді жыныс – лесстен түзілген жазықпен ағатындықтан, суы лайлы және сары болады. «Хуанхэ» қытай тілінен аударғанда « сары өзен» деген мағынаны білдіреді. Ағызып әкелген жыныстардың жиналуы өзен арнасын биіктетеді. Сондықтан күшті муссондық жаңбырлар кезінде су деңгейі шұғыл көтеріледі. Өзендегі аппаты тасқындар дамбалар мен бөгеттерді бұзып, жолындағы егістік пен елді мекендерді басуы нәтижесінде миллиондаған адамдардың қаза табуына себепші болды. Қазіргі кезде Хуанхэ өзеннінде күшті су тасқындарына төтеп беретін, бетондалған мықты бөгет салынуда. Өзен сары теңізге жыл сайын көлемін ұлғайтып отыратын кең атырау жасап құяды. Кеме қатынасына көп пайдаланылмайды. Хуанхэ ұзындығы жағынан Азияның екінші өзені болып есептеледі. Оның ұзындығы – 4845 км, бассейнінің ауданы – 745 мың км , орташа жылдық шығыны 4500 м3с – қа тең. Батыс Европадағы Дунай өзенінің ұзындығы жағынан едәуір артық болғанымен бассейнінің ауданы және тасымалдайтын суының мөлшері жөнінен Хуанхэ одан қалып қояды. Бұл, Хуанхэнің жауын – шашыны аз облыстарды басып өтетіндігіне, салалардың аздығына байланысты. Өзен Кунь – Лунь тауынан басталады да жоғарғы ағысының екпіні қатты болады. Хуанхэ ежелгі массив Ордосты айналып өтіп, орта ағысында орасан зор тік бұрышты бұрылыс жасайды. Лесс үстіртін кесіп өткенде өзен суы көптеген нәрселерді ағызып ала кетеді де жазықтыққа жеткенде оларды жағалыққа ығыстырып шығарады. Тасқындар кезінде Хуанхэ алып келетін қалқып жүретін материялдардың көлемі су массасының 40% — іне жетеді.Жоғарғы және ағысында Хуанхэ көп жерлерде тар шатқалдармен ағады және оның көптеген шоңғалды учаскелері болады. Өзен жоғарғы ағысында өзінің аса ірі салаларын таудан алады да, ортаңғы және төменгі ағысында ондай салалар мүлде болмайды. Хуанхэ төменгі ағысында, жоғарыда айтылғандай тасып, үлкен территорияға жайылған кезінде өзендер алып келген салындылардан құрылған кең аллювиальдық жазықтың шегінде ағады. Біздің заманымыздан 600 жыл бұрын Хуанхэ арнасының Тяньцзиннен солтүстікке таман, ал оңтүстікте Сюйчжой ендігінде болғанын айтсақ та жеткілікті. Өзеннің төменгі ағысы мен сағасы тарихи кезең ішінде кем дегенде алты рет айтарлықтай өзгеріп миллиондаған адамның үлкен апатқа ұшырауына себепші болады.
Хуанхэнің үнемі орын ауыстыруы және оның бассейніндегі су тасқынының жиі болуы өзеннің тұнба үстімен қоршаған ортадан жоғары көтеріліп ағатындығынан, сондықтан суының деңгейі аздап көтерілсе арнадан шығып ұзаққа жайылып кетеді.Су тасқындары жаз кезіндегі күшті муссондық жаңбырлардан кейін болып тұрады. Шілде мен қыркүйекте оларды көбіне тайфундар туғызады. Көктемде және жаздың басында су тасқынына жоғарғы ағыс тұсында және тауда еріген қар себепші болады. Өзеннің бүкіл бассейніндегі ормандардың толық дерліктей жойылуы, сонымен қатар мұз кептелулерінің өзеннің жоғарғы ағысында төменгі ағысқа қарағанда әлдеқайда ерте ашылатындығы су тасқынын күшейте түседі. Қазіргі кезде Хуанхэде су тасуына қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп, электр станциялары салынуда және кеме катынасы жағдайлары жақсартылуда.
Тағы рефераттар
- Етістіктің көсемше түрінің зерттелуіне Ы.Е.Мамановтың қосқан үлесі
- Қарахан мемлекеті
- Инновациялық процестің негізгі кезеңдері
- Бәсеке және бәсекелік күрес
- Еврейлердің ұлттық ошақ идеясын жүзеге асыра бастауы