Инновациялық қызметтің келесі негізгі ұйым формалары бар:

  • ғылыми орталықтар және корпоративтік құрылымдар құрамындағы зертханалар. Олар ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) жүзеге асыруға, жаңа өнім мен қызметтер өндірісін және меңгеруді ұйымдастыруға бейімделген;
  • уақытша шығармашылық ғылыми ұжымдар немес орталықтар, бұлар белігілі бір ірі және оригиналды ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін құрылады. Қойылған мақсатқа жеткеннен кейін осы ұжымдар немесе орталықтар тарап кетеді немесе қайта құрылады.
  • мемлекеттік ғылыми орталықтар (МҒО) ─ мемлекеттік ғылыми ұйымдардың ерекше типі, келісуді қамтамасыз етуге бейімделген, бір жағынан, мемлекеттің ұзақ мерзімдік стратегиялық басымдылықтарының ғылым мен техника маңызды бағыттарын дамыту, екінші жағынан, ғылыми-техникалық қызметтің экономикалық және әлеуметтік мүдделерінің нақты субъектілері;
  • технопарктік құрылымдағы әр түрлі формалары (ғылыми технологиялық және зерттеушілік парктер, инновациялық, инновациялы-технологиялық және бизнес-инновациялық орталықтар, бизнес инкубаторлары, технополистер).

Технопарктар ─ бұл ғылыми-өндірістік территориялық кешендер, бұлардың мақсаты шағын және орта ғылымды қажетсінетін инновациялық фирма-клиенттерінің дамуына қажетті жақсы ортаны қалыптастыру болып табылады. Технопарктің құрылымында информациялы-технологиялық, оқу, консультациялық, информациялық, маркетингтік орталықтар, сонымен қатар өнеркәсіптік зоналар болуы мүмкін. Осы орталықтардың әрқайсысы маманданған қызмет жиынтығын ұсынады, мысалы, іздеу бойынша қызмет және белгілі бір технология бойынша информацияны жіберу, мамандарды қайта даярлау бойынша қызметтер, әр түрлі сипаттағы консультациялар және т.б.

Мысал ретінде Зеленоградтық ғылыми-технологиялық парк, Пермдық ғылыми-технологиялық парк және т.б. келтіруге болады.

Бизнес-инкубатор ─ жаңа кәсіпкерлер өзінің ісін атқарудағы дағдыларын алады, бұнда оларға құқықтық, экономикалық консультативтік көмек көрсетіледі.

Технополистер заман талабына сай ірі ғылыми-өнеркәсіптік кешендер, сонымен қатар университеттер және басқа да жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеушілік институттар болып табылады. Бұл жерде жаңа ғылыми бағыттар және ғылымды қажетсінетін өндірістердің дамуына жақсы жағдайларды қамтамасыз етуді жүзеге асырылады. Мысал ретінде Обнинскідегі, Пущинедегі технополистер келтіруге болады. Бұлар альтернативті фирмалар және жаңалықтарды меңгеруге, ноу-хау, жаңа өнім және қызмет түрлерінің аз көлемдегі серияларының өндірісін меңгеруге маманданған.

Инновациялық қызметті жүзеге асыруда үлкен маңызды орынды оның анықтылық және өз уақытындағы қаржыландыруы алады. Бұл қызмет үлкен дәрежелі белгісіздік пен тәуекелділіктік сипатта болғандықтан, оның қаржылық реттелуіне қаржылық көздерінің көптілігі, инновациялық процестердің тез ауысатын ортасына икемділік пен бейімділік маңызды.

Ресейде инновациялық қызметтің негізгі қаржыландыру көздері ─ бюджеттік және бюджеттен тыс құралдар болып табылады.

Бюджеттік құралдарға федералды бюджет, РФ субъектілерінің бюджеттері және жергілікті бюджеттерді жатқызуға болады.  Ірі масштабты ғылыми-техникалық мәселелерді, шағын және орта инновациялық бизнестерді қаржыландыру бюджеттік құралдар есебінен жүзеге асырылады.

Бюджеттен тыс құралдарға: 1) инновациялық қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың өздерінің құралдары; 2) инвесторлардың құралдары.

1. инновациялық қызметті жүзеге асыруға бағытталған кәсіпорындар мен ұйымдардың  өзінің құралдарының құрамына пайдадан аударымдар, амортизациялық аударымдар қорлары, өндірісті дамыту қорлары кіруі мүмкін.

Амортизациялық аударымдар амортизациялық қорларда шоғырландырылады. Бұл қор инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті жаңа құрал-жабдықтарды алудағы, жаңа технологияларды енгізудегі  негізгі көзі болып табылады.

Өндірісті дамыту қоры кәсіпорынның билігінде қалатын пайдалардан қалыптасады. Бұл қордың құралдарына құрал-жабдықтарды алуға, өндірісті қайта құруды жүзеге асыруға, жаңа объектілердің құрылысын қаржыландыруға болады.

2. Инновациялық қызметке инвесторлардың құралдары тартылады. Бұл мыналар болуы мүмкін: ақша түріндегі, бағалық қағаздар түріндегі тікелей салымдар, құрал-жабдықтар, негізгі қорлардың басқа түрлері, несиелік инвестициялар, акциялардағы инвестициялар, облигациялар, вексельдер және т.б.

Инновацияны жүзеге асыруға қажетті жалға беру сипатындағы қымбат құрал-жабдықтарды, энергетикалық қондырғыларды, компьютерлік және телекоммуникациялық техникалар алуға немесе қолдануға инвестициялаудың прогрессивті формасына, яғни лизингке жүгінеді.

Лизинг ─ машиналар мен құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға беру, жалға берушімен сатып алынған жалға алушы үшін  инвестициялық мақсаттағы басқа тауарлар.

Экономикалық жағынан лизинг несиемен ұқсас. Басқаша айтқанда, егер лизингті жеделдік, қайтарымдылық, төлемділік шарттарына негізделген меншікті уақытша қолдануға беру құралы ретінде қарастырсақ, онда оны негізгі қорларға тауарлық несие ретінде классификациялауға болады, сонымен қатар олардың активті бөлігіне ─ құрал-жабдықтар жатады. Бірақ лизинг дәстүрлі банктік несиелеуден тартымдырақ, әсіресе тез дамытын шағын және орта кәсіпорындарға.

Лизингтік компаниялар, көпшілік жағдайда бір уақытта лизинг беруші ─ кәсіпорындарға, жиі жеке тұлғаларға құрал-жабдықтарды жалға беруді қамтамсыз ететін мамандандырылған мекеме. Лизингтік компанияның негізгі мақсаты өздерінің клиенттеріне қажетті бұйымдарды алуға және оларды алдын ала белгілі бір  төлемге сай  белгілі уақытқа жалға беру болып табылады.  Жалгерлік аяқталғаннан кейін материалдық құндылықтарды жалға алушы фирма лизингтік компанияға қайтарып береді, не келісім шарттың уақытын ұзартады немесе қалдық құны бойынша оны сатып алады.

Лизингтің тиімділігі сонда, ол арқылы жалға алушы қазіргі техниканы сатып алуға көп ақша жұмсамайды. Бұл жалгерлік форма шағын және орта кәсіпорындар үшін тартымды. Лизинг тұтынушылардың ғылым мен техниканың жаңа жетістіктеріне жол ашады.

Лизингтің экономикалық мазмұны және оның жалға беруден (аренда) айырмашылығы келесілерден тұрады. Белгілі бір материалды құндылықтарды жалға алу кезінде жалға алушы олардың иесі болмайды және осы меншікке байланысты құқықтық міндеттерге ие болмайды. Лизингті алушы меншік құқықтарына байланысты міндеттерді өзіне жүктейді. Лизингті беруші жалға беруші сияқты лизинг объектісінің иесі болып қалады. Лизинг объектісін жойылуы немесе қолдану мүмкін емес жағдайда лизингті алушы қарызды өтеу міндеттерінен босатылмайды.

Кей кезде, лизингтің жалға беруден айырмашылығы тек қана құқықтық аспектілерде және келісу жағдайларына байланысты деп қарастырады. Бірақ, шын мәнінде бұл олай емес. Лизинг алушы жалға берушіден айырмашылығы, ол лизинг берушіге ай сайын ақы төлемейді, амортизациялық аударымдардың толық сомасын төлейді. Лизинг объектісінде дефектер болған жағдайда лизинг алушы объектіні жеткізушіге наразылық білдіреді, ал лизинг беруші кепілділік міндеттерінен толықтай босатылады. Жалпы жалгерлік келісімдік қатынастар сатып алу сату қатынастырына ауыстырылады, бірақ меншік құқығы берілмейді. Осыдан, келісімнің бастапқы уақытында лизинг объектісі біршама үлкен сомаға амортизацияланады, бұл амортизация нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. Жалға алу кезінде және ол бойынша төлемдерді төлеу көлемі нарық конъюнктурасына (сұраныс пен ұсынысқа) байланысты. Лизингтің жалгерліктен айырмашылығы лизингті алушы келісімнің аяқталу уақытында алдын ала келісілген бағамен өз меншігіне ала алады. Лизингтік компания мен лизингті алушылардың арасында жалға беру уақыты, оның үзілмеуі, жалгерлік төлемдердің көлемі, оларды төлеу кезеңі, лизинг объектісін сақтандыру жағдайлары, жалгерлік аяқталған уақытта мүлікті иемдену мүмкіндіктері туралы өзара келісімге келіп, қол қояды. Жалгерліктің уақытына байланысты лизингтер былай бөлінеді: рейтинг ─ бірнеше күннен бастап бір айға дейін жалға беру, хайринг ─ бірнеше айдан бастап бір жылға дейін, лизинг тегінде ─ бір жылдан бастап бірнеше жылға дейін. Халықаралық тәжірибе бойынша лизинг уақыты құрал-жабдықтардың амортизация периодына байланысты. Әдетте лизинг уақыты мына периодтан аз:

Амортизация периоды, жыл                     3   4   5  6-7  8   9-10

Лизингтің минималды уақыты, жыл        3   3  4    5   6      7

Машиналар мен құрал-жабдықтарды жалға алудың орташа уақыты 5-8 жыл,  жылжымайтын мүлікті жалға алу уақыты 10-20 жыл аралықтарын қамтиды. Лизингтің уақыты әр түрлі елдерде әр түрлі нормативтік құжаттармен анықталады. Шетелдік әдебиеттерде лизингтің мәні ─ жалгерлік пен банктік несие элементтерінің бірігуінде деп тұжырымдалған. Оның жалгерлікпен туыстыратын меншік құқық қатынастыры, ал несиемен ─ жеделдік және қайтарымдылық. Қалған жағдайлар салықтық, азаматтық, сауда заңдылықтарының ерекшеліктеріне байланысты. Олар лизингтің экономикалық мәнін өзгертпейді, тек қана оған ұлттық ерекшелік береді.

Лизингтік  операциялардың көлемі бойынша әлемдік лидер АҚШ, Еуропада ─ Ұлыбритания саналады. Инвестициялық қызметті қаржыландыру мен ұйым формасын таңдар алдында, инновациялық жобаның тиімділігіне қаржылық-экономикалық талдау жасау қажет.
Тағы рефераттар