Мұндай банкеттер әдетте қонақтарды отырғызу протокалына сәйкес болатын дипломатикалық, ресми қабылдаулар өткізіледі.
Банкет мәзірінде салыстырмалы түрде азғантай суық дәмтатымдар, бір ыстық тамақты қосу керек. Банкет-түстік үшін міндетті түрде сорпа, екінші ыстық және тәтті тағамдарды, жемістерді, сусындарды өзіне қосады. Дәмтатымдар, тағам және сусындар ұсыну тәртібін білу қажет. Тағамдарды ауыстыру мәзерде жазылғандармен сәйкес келуі тиіс. Банкет басында суық балық дәмтатымдарын және жаңа көкөністер, ал кейіннен еттен, құстан дәмтатымдарды, кейін сорпаны береді. Сорпадан кейін балықтан, еттен, құстан, көкөністер мен ыстық сусындармен – кофе, шаймен аяқтайды.
Мұндай банкеттерде қызмет көрсетудің міндетті шарты болып – тағам, сусындарды ұсынудың және құралдарды ауыстырудың тездігі, өйткені үстелде қонақтарға қызмет көрсету үшін әдетте протокол шегімен шектелген болады. Іс-тәжірибе көрсеткендей банкет қатысушыларының әрбір 12-16 — на 3 даяшыдан келеді. Қызмет көрсету барысында үштен екісі тағамдарды таратса, үшіншісі шарап құяды. Тағамдарды шектеулі мөлшерде 4 – 5 ұсынуда және үстелдердің жақын араласуынан қызмет көрсететін даяшылар тағам ұсыну мен сусындар құюды араласып атқара береді.
Жоғары дәрежелі банкеттерде қызмет көрсетуде даяшылар саны үлкеюі мүмкін. Бұл жағдайда тағам ұсынатын даяшымен екінші сусын беруші жұппен жұмыс істейді.
Банкет болатын күні менеджер персоналды жинатып банкеттің кімнің құрметіне немесе қандай себеппен болатынын хабардар етеді. Банкеттің басталуы уақыты, жынысы, ұлты, жасы және т.б бойынша қатысушылардың құрамын және мөлшерін нақтыланады.
Банкетті ұйымдастыруда аперитив ұсыну да қарастырылады. Ол қонақтар жиналатын залда алғашқы қонақтардың келуінен бастап банкетті үстелге отыруға үшін шақыруға дейін 15 – 40 мин аралығында беріледі. Аператив қонқтарға банкет коктейль кезіндегідей даяшылармен ұсыналады.
Банкет басталғанда даяшылар өз секторларында қонақтарға отыруға жәрдемдесіп, банкет бойында оларға қызмет етумен қолы босамайды. Квалификациялы жұмыс, элегантты сыртқы көрініс, кеңпейілділік, тактикалық және қонақтарға жақсы қарым – қатынас қызмет көрсету мәдениеттің міндетті шарты және қатысушыларда көтеріңкі көңіл күйді тудырады.
Банкетте қызмет көрсету кезінде әрбір даяшы келесі ережелерді білуге міндетті:
- Кез келген тағам не сусын басқа даяшылармен бір мезгілде ұсынылады.
- Барлық дәмтатымдар, тағамдар, горнирлермен сусындар және т.б. қонақтарға сол қолмен сол жақтан берілуі тиіс.
- Тамақты беру кезінде қонақ сөйлесіп жатса немесе тыңдап отырса кішкене күте түріп, біраздан кейін жай кешірім сұрап, тағамды ұсынады. Сол кезде тағаммен үстелді немесе наны бар тарелканы тигізуге болмайды.
- Қонақты қалауымен тағамды өзі салып алады, бірақ өтініш білдірсе, даяшы оң қолмен түрлі құралдар арқылы тағамды тарелкаға салып бере алуы керек.
- Даяшы тағамды алдын ала шашықпен жауып алақанында ұстайды.
- Бірінші кезекте қадірлі қонақтарды кейіннен протокол —— қызмет көрсетеді.
- Дипломаттық этикет бойынша темекіні банкет соңында кофені беру кезінде шегеді.
- Салатниктер немесе соусниктерді ұсыну алдында кіші поднос немесе тарелкамен үстіне салфетка жауып қояды.
- Егер қонақ ұсынылған тағамнан бас тартса, онда осы тағамды ұсынарда, алдыңғы тағамнаның ыдыстарымен құралдары алынады.
- Ұолмен жеуге болатын кейбір тағамдарды ұсынарда қонақтың оң жағына лимоны бар жылы су ыдысын саусақтың ұшын жуу үшін қойылады.
- Отырғандарға қызмет көрсетуде тағамды ұсыну тек сол жақтан беріле бермейді. Алдын – ала қойылған немесе құйылған жеке қолдану ыдыстары қонақ алдына даяшымен оң қолмен және оң жақтан ұсынады және қойылады. Осылайша ыстық дәмтатымдар, барлық сорпалар, ыстық сусындар, тәтті тағамдар және т.б. ұсынылады.
- Қолданылған тарелкалар және құралдарды алмастыруда қонақтың оң жағынан оң қолмен және сол жақтан сол қолмен ауыстырылуы мүмкін.
- Барлық сусындар әдетте оң қолмен оң жақтан этикеткасы қонаққа қаратылып құйылады.
- Сусындар ассортиментін ұсынуда сол жақтан 2 – 3 бөтелкені этикеткасы қонаққа қаратып сол қолда ұстап тұрады. Қонақ сусынды таңдап болған соң даяшы бөтелкені оң қолға ұстап оң жақтан барып құяды.
- Кезектегі тарелка мен құралды ауыстыру немесе жинауды барлық даяшылармен бір мезгілде жүзеге асырылады.
Тағы рефераттар
- Құқықтық қатынастың құрылымы
- ВИЧ/СПИД. Қалай алдын алу керек?
- Қонақ үй мәліметтер қорын құру дипломдық жұмыс
- Құжаттардың бланкілерін, мөрлер мен мөртабандарды есепке алу және сақатуға құжаттарды оперативтік сақтауға байланысты ұсынымдар
- КАСПИЙ БАНКІ АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА