Жоспары:

1. Канттың философиясы.

2. Гегельдің философиялық жүйесі.

3. Фейербахтың антропологиялық философиясы.

Ғылым мен мәдениеттің, әдебиет пен өнердің жоғары қарқында  Германия еліндегі капиталистік қарым-қатынастың кеңінен дамуымен де байланысты.

Классикалық неміс философиясы бүкіл философия тарихындағы өзіне дейінгі мұраға сын көзбен қарап, философияның рухани дамуының байлығын бойына сіңіріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйене отырып, сол кездегі қоғамдық дамуды терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логикалық шығуының қайнар көзі болды. Оның ірі өкілдері: И.Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, И. В. Ф. Гегель,  Л.Фейербах болды.

И.Кант (1724-1804) жаңа замандық парадигма желісін, эпистемологиялық проблематика бағдарын онан әрі жалғастырды. Эпистемология ретінде философияны негіздеу идеясын жалғастыра отырып, И.Кант өзінің трансценденталдық философиясы көмегімен эмпиризмнен, рационализм мен скептицизмнен асып өтуге тырысады.

Рационализм мен эмпиризмді синтездеуге тырысып Кант танымдағы субъектінің  белсенділігін мойындады. Бұл белсенділік қабілет субъекттің обектіге әсерінен көрінеді. Және объект нәтижесі емес, бұл объект парасат пен ақылдың белсенді әрекеті нәтижесінде өзгеріп көрінеді. Канттың түйіндеуінше, кез-келген таным субъектпен сипатталады, яғни барлық таным оның ұйымдастырған тәжірибесінен басталады. Субъект объектке салған барлық әсердің формасы бар. Объект туралы тәжірибелік білімді біз сезімдік әсерлерді ұғымдық өңдеу нәтижесінде аламыз. Бұл формалар қатарына кеңістік, уақыт, себептілік жатады, өйткені олар таным мүмкіндігін қамтамасыз ететін алғышарттар болып табылады.

Кеңістік, уақыт, себептілік тәжірибеге дейін берілген, яғни априорлы. Оларды меңгеру жаратылыстану ғылымдарының танымдық шарттарына философиялық рефлексия жасау арқылы ғана мүмкін болады. Канттың пікірінше, барлық сезімдік әсерлер сыртқы нақтылықтан туындайды. Адамның танымдық әрекет аумағына енген сыртқы нақтылық объект деп аталады, ал танымдық қабілеттің тікелей бағытталған нәрсесін Кант зат деп атайды. Біз өзіміздің танымдық әрекетіміз аумағына енген нәрселерді ғана тани аламыз. Ал біздің танымдық қабілетімізден тыс жатқан нәрселер танылмайды және оларды Кант «өзіндік зат» деп атайды.

Кант танымның мынадай типтерін айқындайды: аналитикалық таным, синтетикалық таным, синтетикалық априорлы таным. Синтетикалық априорлы дегенді Кант тәжірибеге бағынбайтын таным деп түсіндіреді. Синтетикалық апостериори тәжірибеге бағынышты таным. Ал аналитикалық априорлы деп ұғымдар арасындағы байланыстарды талдау нәтижесінде пайда болатын таным типін атайды. Синтетикалық априорлы танымға мынадай математикалық пайымдау мысал бола алады: «түзу сызық екі нүкте арасындағы ең қысқа қашықтық болып табылады». Канттың пікірінше математика мен жаратылыстану негізделген ғылымдар болып табылады, ал олардың пікірлері жалпы мәнді және қасиетті сипат алады. Бұл ғылымдардағы зерттелетін элементтерді белгілі тәртіпке келтіру үшін қолданылатын формалар барлық субъектке тән. Демек, Канттың пікірінше математика мен жаратылыстану берік негізге сүйенеді.

Кант Юмнің скептицизмін теріске шығарып, оның тұжырымдары кемшіліктерін айқындайды, сонымен қатар рационалдық интуицияға негізделген рационалистік догматизмді де теріске шығарады.  Канттың пікірінше, рационалдық догматизмнің берік негізі жоқ, себебі рационалдық интуиция тек жалған меңгеру ғана болып табылады. Осы сәттен бастап Кант танымды зерттей бастайды. Ол дәстүрді рационализмді жалған ғылым деп есептейді, өйткені біз рефлексияны тек тәжірибе жағдайында ғана, оның шеңберінен шықпай ғана іске асыра аламыз. Ал рационалистер рационалдық интуицияның көмегімен сезімдік тәжірибе шекарасынан шығып кетеді, яғни трансценденттікке иек артады. Бірақ адам «трансценденттік» туралы біле алмайды, өйткені ол таным шарттарынан асып кетеді.

Өзінің көзқарасын негіздей отырып, Кант екі дәлел келтіреді: 1. Біз тәжірибе мүмкіндігіміз шекарасынан тыс жатқан нәрселерді сезіммен қабылдай аламмаймыз. Сондықтан трансценденттік біздің танымымыз шекарасынан тыс орналасқан және ол таныла алмайды. 2. Рационалистер өз түйіндерін дәлелдеу барысында «растайтын» және «терістейтін» дәйектер келтіреді. Мұның  екеуі де салмақты болғандықтан берілген жағдайды бірдей дәлелдейді де, теріске де шығарады. Мұндай «растайтын» және «терістейтін» дәйектеме бірдей мөлшерде дәлелденіп және теріске шығарылатын болғандықтан адамды априорлы теориялық тығырыққа әкеліп тірейді. Кант мұны антиномия деп атайды. Антиномиялар біздің трансценденттік туралы ешнәрсе біле алмайтындығымызды көрсетеді. Сонымен, таным үрдісінде метафизикалық сұрақтар үнемі туындап отырады, алайда оларға толық жауапты біз бере алмаймыз деп санайды Кант.

И.Кант өзіне дейінгі ойшылдардың эмпиризм мен рационализм саласындағы сынаржақтылығын ашып көрсетіп, адамның философиялық талдауы ойлауға, идеяға, ақыл-зердеге, субъектіге бағытталуы тиіс деді. Оның шығармашылығының «сынға дейінгі» және «сыншыл» кезеңдері философиялық даналыққа толы.

Гегель (1770-1831) Кант пен Фихтенің  ерекше дара идеяларын шығармашылық тұрғыда танытуға тырысты, сонымен қатар өз құқығында ақыл-ойды негіз демекші болды, яғни Жаңа заман философтарының шығармашылық жетістіктерін жалғастырады. Егер Кант трансцендентальды алғышарттарды – қабылдаудың екі формасын, яғни кеңістік пен уақытты, он екі категорияны және априорлы суъект пен берілген себептілік принципін аштым және негіздедім деп ойласа,  Гегель өз ілімін жаңа негіздерден алып шығады. Кантпен салыстырғанда Гегель трансцендентальды алғышарттарды тарих құрастырады деп санады, өйткені ол Абсолюттік идея дамудың интерсубъективті үрдісі болып табылады. Абсолюттік идеяның өзіндік дамуын Гегель өзінің «Рух феноменологиясы» (1807) түсіндіреді. Ол бойынша бұл үрдіс екі деңгейде көрінеді: индивидтің санасы деңгейінде және тарих деңгейінде. Гегель әр түрлі формалар арқылы өзіндік санаға қарай бағытталған сананың салтанатты шеруін көрсетеді. Абсолюттік идеяның өзіндік дамуының бүкіл осы күрделі драмалық жолын қалыптасуы мен даму үрдісі ретінде қарастыруға болады және оның барысында индивидтің көзқарасы, санасы, тәжірибесі өзгеріп, болмысының «негіздері шайқалады». Сананың өзгерісі үрдісінде Гегель гносеологиялық теориялар мазмұнын, олардың шектеулілігін анықтай отырып, сыни тұрғыда қарастырады. Сонымен қатар ол танымның әр түрлі формалары арасындағы өткелдерді сипаттай отырып, танымды қалай пайда болғаны тұрғысынан баяндайды. Сананың пайда болу жолын анықтай отырып, Гегель ақиқат пен өзін-өзі тану күрделі диалектикалық үрдіс деген тоқтамаға келеді. Ақиқат өзгермейтін нәрсе емес және абсолюттік біліммен мәңгіге берілмейді, оған таным үрдісінде жетуге болады және ол әрекетпен байланысты.

Гегель бойынша адам әлемі өлі, дайын, өзгермейтін және абсолюттік заттар жиынтығы емес, өзінің адами әрекетінің нәтижесі болып табылады. Адам қоршаған нәрсенің бары — өзгертілген әлем, адам әрекеті барысында қалыптасқан әлем.

Гегельдің пікірінше, тарих – бұл адамның адам болу, әлеуметтену үрдісі және адамзаттың өткен жолы. Бұл оған өзін-өзі тану үшін қажетті негіз болып табылады. Сонымен тарих адамға қатысты алғанда сыртқы, онан тыс нәрсе емес, нақты тірі адамдар онда өмір сүретін, болатын, ойлайтын, сезінетін нәрсе. Адам тарихи өзіндік даму нәтижесі болғандықтан, осы алғышарт негізінде тарихты зерттеумен айналысады. Гегельдің түсінігінше тарих рефлексия үрдісі сияқты, оның барысында адам белгілі бір негізге келіп тоқтайды. Бұл рефлексия дамудың диалектикалық заңдарына бағынады.

Егер Гегельге дейінгі ойшылдар тарихты қателіктер мен адасушылықтар тарихы деп есептесе, Гегель салыстырмалы шындық ұғымын енгізе отырып, ақиқатты салыстырмалы шындықтарды анықтау және олардың даму үрдісі деп есептеп, ақиқаттың осы түсінігінсіз ғылымның мүмкін болмайтындығын айтады.

Гегельдің  ойынша жоғары ақиқатты философия ашады, өйткені ол өзінің жеке даму жолына рефлексия жасай отырып, болмыстың шынайы мәніне қол жеткізеді. Ал өнерге, дінге, ғылымға келер болсақ, олар бізді ақиқатқа тек қана жақындатады. Тек философия, Гегельдің түйіндеуінше, болмыстың шынайы картинасын беріп, әлем негізін игереді. Ал әлемнің негізі болмыс пен ойлаудың бірегейлігі болып табылады. Ол «Логика ғылымында» (1812-1814) болмыстың идеалды негізі мен оның өзіндік даму тәсілдерін ашады. Гегель бойынша дамушы ойлау – мәнділіктің нақты негізі. Ақыл-ой танымының құралы – ұғым. Ұғым қозғалысы қайшылықтар арқылы жүзеге асады. Қоғам қозғалысы үрдісінің өзі қарапайымнан күрделіге қарай жүріп, абстрактылыдан нақтылыға, бүтіндікке немесе категориялар жүйесіне шығуымен сипатталады. Білім жүйесін қалыптастыруға септігін тигізетін логика формасы диалектикалық логика болып табылады. Диалектикалық логика, — деп түйіндейді Гегель, әлемді қарапайым тұрғыда бақылаудан оның мәнін ғылыми түсінуге дейін көтерілуге мүмкіндік береді.

Фейербах философиясы өзінің қайталанбас ерекшелігімен байқалады.  Фейербахтың дүниетанымы жаңа бағытқа, яғни материалистік бағытқа бет бұрды. Ол адамның сезімін, сезімдік танымын өте жоғары қойып, оның ішінде сүйіспеншілікке айырықша мән берді.

Фейербахтың философиялық эволюциясы Гегельдің адамның мән-мағынасына, оның өзіндік санасы арқылы түсіндіруіне сын айтудан басталады. Гегельдің философиясына жасалған бұл сын Фейербахтың жалпы идеализмнен бас тартқанын көрсетеді. Фейербах идеализмнің дінмен етене байланысын түсіне білген.

Фейербахтың антропологизмі бірінші кезекте адам проблемасын, оның ең басты бірден-бір және әмбебап пәні ең жоғарғы өлшемі. Бірақ, Фейербах адам мәселесінде толық материалистік көзқарас жүргізе алмады. Оның түсінігінше, адам – жеке индивидке тән абстракты жай ғана биологиялық тіршілік етуші.

Таным теориясында Фейербах эмпиризм мен сенсуализмді жақтады да, агностицизмге қарсы шықты. Бірақ ол ойлаудың дүниетаным процесіндегі ролін, мәнін жоққа шығарған жоқ, объектіні сипаттағанда осы субъектімен, яғни адамның ісімен байланыстыруға тырысты, адамның дүниетанымы мен оның ой-санасы туралы туралы бірталай құнды пікірлер айтты. Қорыта айтқанда Фейербах бұрынғы материализмнен, оның жай сезім арқылы берілетін тұрпатынан шығып кете алмады. Фейербахтың антропологизмі адамды табиғаттың қарапайым бөлігі деп қарастырады. Оның шеңбері табиғатпен шектелген яғни төменгі жағынан немесе табиғаттың материалистік, жоғарғы жағынан немесе табиғаттың материалистік, жоғарғы жағынан, яғни қоғамның идеалистік түсінігін береді.

Дін мәселесіне қатысты бұл ойшылдың өзіндік көзқарасы болды. Дін-көзқарас, дүниетаным ретінде анықталды. Ол дінді бүкіл адамзат мәдениетімен, әдебиетімен және философиямен тығыз байланысты деп қарады. Мұндай пікір бұрын соңды ашық айтылмаған. Бірақ, сол кездегі саяси әлеуметтік жағдайдың қайшылықтарын шеше алмағандықтан, Фейербахтың көзқарасы және оның дүниетанымы көптеген түсінбеушіліктерге байланысты өзінің тар өрістілігін көрсетті.

Дегенмен, классикалық неміс философиясы – адамзаттың мәдени-философиялық дүниетанымында ерекше орын алатын, аксиологиялық сипаттағы ерекше ілім.
Тағы рефераттар