Неке шартының жарамсыздығын тану  және оның құқықтық салдары туралы қазақша реферат

Неке шартын сот тәртібі бойынша, жарамсыз деп тану оны бұзуға қарағанда өзгеше. Неке шартын бұзғаннан кейін, ол өз күшін жояды.

Неке шартын сот Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде мәмілердің жарамсыздығы үшін көзделген негіздер бойынша толық немесе ішінара жарамсыз деп тануымүмкін. (Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы  туралы» Заңының 42 бабы).

Неке шарты мына жағдайларда жарамсыз деп танылады:

1. кәмелет жасқа толмағандар арасындағы ата-анасының, асыраушысының, қамқоршысының  келісімінсіз жасалаған неке шарты; ата-анасының, асыраушысының, қамқоршысының  сотқа арызы бойынша. Яғни ол тек соңғылардың талабы бойынша, жарамсыз деп танылады. Мұндай талапсыз ол өз заңдылығын сақтайды.

2. егер неке шарты психикалық ауру немесе ақыл-есінен айрылған адамдар арасында жасалса; ақыл-есінен айрылған тұлғалар арасында жасалған неке шарты, егер оның қамқоршысы сол уақытта психологиялық аутқу жағдайында болды деп сотқа арызданса. Өйткені мұндай тұлғалар өз іс-әрекеттерінің мәнін білмейді және өз-өздерін басқара алмайды. Сәйкесінше неке шартын жасауда өз еркін толық білдіре алмайды. Сонымен қатар неке шарты жасалғаннан кейін, бұл адам емделіп, дұрыс халге келіп, сот оны іс-әрекетке қабілетті деп танығанда, ол некені жалғасуына өз еркін білдірсе, неке шартының жарамсыздығы туралы жағдай есептен шығады. Мұндай жағдайда сот неке шартын жарамды деп таниды.

3. сот шешімі бойынша іс-әрекеті шектеулі тұлға арасында жалған неке шарты  оның қамқоршысының арызы бойынша жарамсыз деп танылады. Бұл алкогольді заттарды пайдаланатын, есірткімен шұғылданатын тұлғалардың, қамқоршысының келісімінсіз неке шартының жасалуы. Мұндай жағдайда қамқоршысының сотқа берген талап, арызы бойынша жарамсыз деп танылады.

4. егер тұлға іс-әрекетке қабілетті болып, бірақ дәл келісімді жасау сәтінде өз іс-әрекетіне жауап бере алмайтын халде болса, бұл неке шарты   сол тұлғаның тала-арызы бойынша жарамсыз деп танылады. Бірақ өмір бойына сотқа арыз беруге оның мүмкіндігі болмаған болса, бұны мүдделі болған адам жасай алады.

Егер неке шарты жасалғанннан кейін ерлі-зайыптылардың бірі іс-әрекетке қабілетсіз деп танылса, онда оның қамқоршысы неке шартының жарамсыздығы туралы сотқа арыздануға құқылы. Егер неке шартын жасау барысында қамқорлықтағы тұлғаның өз іс-әрекетін басқаруға және түсінуге қабілетсіз болғандығы дәлелденсе, қамқоршының талабы қанағаттандырылуы тиіс.

5. жаңылысу нәтижесінде құрылған неке шарты адасу негізінде іс-әрекет еткен тұлғаның, сотқа шағымы бойынша, жарамсыз деп танылады. Егер жаңылысу екі тараптың бірінің дөрекі қатесі негізінде жасалса, онда сот екі тараптың көзқарасын ескере отырып, неке шартын жарамсыз деп танитын арызға теріс жауап қайтаруы мүмкін. Жаңылысу түрінде жасалған деп Азаматтық кодекс бойынша, келісім ымыра жасау сияқтыларды айтады. Егер екі тараптың еркін басқа келісім жасаушылар белгілі бір жағдайлардың әсері нәтижесінде неке шартын жасаса, ол жаңылысу жағдайы болып есептеледі. Жаңылысу әсері негізінде іс-әрекет еткен тарап неке шартын сот бойынша қайта қарастыруға беруге құқылы.

6. өтірік, зорлық-зомбылық, үркіту негізінде, сонымен қатар ауыр жағдай нәтижесінде, өзіне қолайсыз жағдайда жасалған неке шарты жарамсыз болып табылады. Неке шартын жасау барысында өз еркін толық білдіре алмаған, сол үшін өз көзқарастарының мүддесі үшін іс-әрекет ете алмаған тараптың сотқа талап-арызы бойынша, неке шарты жарамсыз деп танылады. Ескере кететін жайт, зорлық-зомбылық, үркіту тек екі тараптың болуымен қатар, тағы да мүдделі тарапқа да жасалуы мүмкін. Жалған неке шартын жасауда белгілі бір мақсатпен басқа тарапты жаңылысқа әкеледі. Жалған айту – белсенді іс-әрекет ету (жалған ақпарат тарату) және әрекетсіздік (неке шартына әсер ететін маңызды фактілер туралы үндемеу) түрінде болады. Зорлық-зомбылық – шарт мүшесіне денелік немесе моральдік зорлық жасап, оған неке шартын жасауда күш көрсету, яғни бұл заңға қарама-қайшы іс-әрекет болып есептеледі. Қорқыту – шарт мүшесіне психологиялық әсер ету. Неке шартын жарамсыз деп тану үшін қорқыту болжамалы түрде емес, нақты түрде болуы керек.

Неке шарты әділетсіз шарт және осыған сай оны жарамсыз деп тану үшін екі өзара байланысты фактордың болуы маңызды:

А) зардап шеккен тарап ауыр жағдайлардың тууына байланысты келісімді жасауға мәжбүр болады.

Б) екінші тараптың кінәлілігі: ауыр жағдайларды біле отыра, келесі тарапты келісімге отыруға мәжбүрлеуі, ерлі-зайыптылардың бірі үшін өте қолайсыз жағдайда қалдыратын шарт.

Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы  туралы» Заңының 2 бабына сәйкес: неке және отбасы мемлекетпен қорғауға алынады, ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі, отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісім негізінде шешу, отбасылық кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық беру; неке заңына неке шарты қайшы келмеуі қажет.

Мысалы, кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделері мынадай жағдай нәтижесінде бұзылады: мүгедек жұбайын қажетті үйі және қажет заттарсыз тастауы кезінде.

Егер шарттың талаптары ерлі-зайыптылардың бірін өте қолайсыз жағдайда қалдыратын болса, олардың бірінің талап етуі бойынша да сот неке шартын толық немесе ішінара жарамсыз деп тануы мүмкін. Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы  туралы» Заңының 42 бабының 2 тармағының талаптарын бұзатын неке шартының  талаптары жарамсыз деп танылады.

Неке шарты тек бұзылып қана қоймай, сонымен қатар заң талабына сай келмегендіктен жарамсыз деп танылады. Мұндай контрактінің ерекшелігі – оның құқықтық негізінде жасалмауы.

Неке шарты жарамсыз деп танылатын құқықтық негізге байланысты ол жасырын немесе жалған болуы мүмкін (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 160 бабы).

Ресей федерациясының Отбасы кодексінің 44 бабының 1 тармағына сәйкес, Азаматтық заңнамадағы жарамсыз келісімдер негізімен қарастырылғандай, неке шарты сот бойынша толық немесе ішінара жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Неке шарты — ерлі-зайыптылардың неке шартында белгіленген мүліктік құқықтары мен міндеттерін  белгілейтін екі жақты келісім түрі. Келісімнің жарамдылығы белгілі бір шарттарды орындаудан пайда болады. Азаматтық кодекс бойынша келісім мына жағдайда жарамды:

А) келісімнің мазмұнызаңға қайшы келмесе;

Б) келісімді жасау үшін оның мүшелері толық іс-әрекеттілік қабілетінде болса;

В) келісімнің талаптарына оның мүшелерінің еркі сай келсе;

Г) заңмен қарастырылған жағдайлар, арнайы бекітілген үлгіге сай сақталуы керек.

Келісімдердің жарамдылығы туралы аталған шарттар неке шартына да қолданылады. Жоғарыда көрсетілген шарттардың  келгенін орындамаған жағдайда неке шарты  жарамсыз деп танылады. Неке шартын сот жарамсыз деп таныған жағдайда ғана ол жарамсыз деп танылады.

Егер неке неке заңымен қарастырылған негіздер бойынша жарамсыз деп танылса, онда неке келісімінде жарамсыз деп танылады.

Тағы да неке шартын жарамсыз деп танитын негіз – некеге тұрушы тұлғалардың неке жасына жетпеуі. Жергілікті басқару органдарының шешімінсіз неке жасына жетпеген тұлғалар арасында неке жасалса, бұл заң бұзушылықтың немесе некеге отырушылар атынан жалған айтудың көрінісі болып табылады. Мысалы, жасы туралы жалған ақпарат беру. РФ Ок 14-бабына сәйкес,  егер некеге отырғандардың бірі басқа некеде тұрған болса, онда кодекс қағидалары тікелей бұзылып, неке шарты жарамсыз деп танылады.

Жақын туыстар арасында немесе асырап алғандар мен асырап алушылар арасындағы жасалған неке шарты және неке жарамсыз деп танылады. Өйткені ол РФ Ок 137-бабына сәйкес, ата-ана және бала қатынастарына тең. Мұгдай жағдайлар сот тәжірибесінде кездеседі. Егер неке шарты туыстар арасында жасалған болса, ол ешбір жағдайда жарамды бола алмайды.

Заң егер шарттың  талаптары ерлі-зайыптылардың бірін өте қолайсыз жағдайда қалдыратын болса, олардың бірінің талап етуі бойынша да сот некешартынтолық немесе ішінара жарамсыз деп тануы мүмкін. Бұл негіздер неке шартын жасаудағы ерлі-зайыптылардың сүйенетін отбасы заңы қағидаларынан шығады. Ол ерлі-зайыптылардың бірін мүлдем мүліксіз жағдайға қалдыруына бірден бір қарсы болып табылады (РФ Ок 42-б. 3-т).

Іс-әрекетке қабілетсіз жұбайымен ( РФ Ак 171-б) немесе іс-әрекетке қабілетсіз ерлі-зайыптылардың арасында жасалса, немесе ол тек жай көрініс үшін (жалған келісім) (РФ Ак 170-б) жасалған болса, ол заң негізінде (РФ Ак 169-б) қарсы келсе, неке шарты  жарамсыз болып табылады.

Неке шартының кейбір шарттарына қайшы келетін жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайда сот оның мазмұнына бас шарттар қосуды  немесе қоспауды ұйғарған болса, онда бұл шарт  ішінара өз күшін сқтайды

РФ Ок 27-б. 1-тармағына сәйкес, егер неке жалған болған жағдайда, неке шарты  жарамсыз деп танылады деген негіз ерекше көрсетілген.

Жалған неке деп – отбасы құру үшін құрылған неке емес, тек белгілі бір мақсатпен мүліктік жеңілдіктер немесе сондай құқықтарды пайдалану үшін құрылған неке (жұбайының тұратын жеріне тіркелу құқығы, жұбайының өлімі жағдайында оның мүлкіне ие болу құқығы және т.б.)

Бұл жағдйда жалған неке табиғаты – жалған келісімнің құқықтық табиғатымен салыстырылады, өйткені екі жағдайда да заңды іс-әрекет қандай да бір сәйкес құқықтық нәтижеге келумен жасалынбайды, яғни неке де және неке шарты  де тек көрініс үшін жасалынады.

РФ Ак нормалары бойынша неке шарты маңызсыз немесе таязды болып есептеледі. Мысалы, егер ол алдамшы немесе жалған келісім болса, ол мүліктік қатынастарды реттеу үшін емес, тек иесін өзгерту арқылы мүлікті тартып алудан құтылу (мүлік әйеліне немесе күйеуіне беріледі). Неке шарты  жұбайы іс-әрекетке қабілетсіз болғанда да, маңызсыз немесе таязды болып табылады.  ҚР Ак 161-бабына сәйкес неке шарты толықтай немес ішінара жарамсыз болып табылады.

Некені жарамсыз деп танудың құқықтық нәтижесі РФ Ок 30-бабына сәйкес, некенің барлық құқықтық нәтижесін жою. Мұнда некені жарамсыз деп танудың негізгі мәндері құрылады. Ол тек ажырасу мүмкіндігін ғана беріп қоймай, некеге дейінгі жағдайды қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Ерлі-зайыптылар ортақ фамилияны қолдануға, ортақ азаматтықты қолдануға құқысы жоғалады, жұайының үйін пайдалану құқығынан айрылады.

Некесі жарамсыз  деп танылған ерлі-зайыптылардың мүліктеріне отбасы заңының заңының нормалары қолданылмайды, мүліктік жеке меншік туралы азаматтық заң нормалары қолданылады  РФ Ак- 244.

Некенің жарамсыздығы неке шартының да жарамсыздығына әкеледі. Неке шартын жарамсыз деп тану бұл жағдайда осы келісімнің спецификалықтылығымен түсіндіріледі. Ол арнайы субъектілік құрамды білдіреді және тек некеге тұрушы немесе тұрған тұлғалар арасында құрылады.

Сәйкесінше некенің құрылуы неке шартының негізі болып табылады. Онсыз неке шарты  өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан некенің жарамсыздығы  неке шартының де жарамсыздығы болып табылады. Неке шартының жарамсыздығының нәтижелері РФ Ак 157-б. және РФ Ак 167-бабында айқындалады. Олар келісімнің жарамсыздығын құқықтық негізде белгілейді.

Жарамсыз келісім құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Екі тарап әрқайсысы келіскен келісімі бойынша алғанын қайтаруы тиіс, егер ол дәл сол кезде мүмкін болмаса, онда ақшалай беруі керек, бұдан басқа сот кінәлі тарапты шарттың жарамсыздығына әкелгені үшін жазаға бұйыруы мүмкін. Некенің жарамсыз деп танылу себептері:

—  мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылады;

— егер некеге тұрушы адамдардың біреуі екіншісінен құрылған

отбасы мүшелеріне, жеке басының және қоғамның қауіпсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруы бар екенін жасырса, соңғысы сотқа некені жарамсыз деп тану туралы талаппен жүгінуге құқылы;

— некені жарамсыз деп тану тек қана сот арқылы жүргізіледі;

— сот некені жарамсыз деп тану туралы соттың шешімі заңды

күшіне енген күннен бастап, үш күн ішінде соттың шешімімен некеге тұру мемлекеттік тіркелген жердегі азаматтық хал актілерін жазу органына көшірме жіберу керек міндетті;

— некенің жарамсыздығы оның қиылған күнінен бастап саналады.

Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға:

1. егер неке жасына толмаған адаммен неке қиылса, кәмелетке толмаған жұбайы, оның ата-анасы, қорғаншы және қамқоршы орган немесе прокурор құқылы;

2. егер некеге тұруға ерлі-зайыптылардың бірінің ерікті келісімі болмаған жағдайда: мәжбүр ету, алдау, қателесу немесе өзінің жай-күй салдарынан некеге тұруды мемлекеттік тіркеу кезінде өзінің әрекеттерінің маңызын түсінбей және өзін-өзі билей алмауы себепті неке қиылған болса, неке тұру арқылы құқығы бұзылған жұбай, сондай-ақ прокурор;

3. некені қиюға кедергі келтіретін мән-жайлардың бар екенін білмеген жұбай, әрекетке қабілетсіз деп танылған жұбайдың қорғаншысы, оның алдындағы бұзылмаған неке бойынша, қиылған неке арқылы құқықтары бұзылған басқа да адамдар, сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы орган мен прокурор;

4. жалған некеге тұру жағдайында прокурор, сондай-ақ некенің жалғандығы туралы білмеген жұбайы талап ете алады.

Неке жасына толмаған адаммен, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы істі қарау кезінде іске қатысуға қорғаншы және қамқоршы орган тартылады.

Некенің жарамсыздығын болғызбайтын жайттар:

Егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сәтке заңға орай оның қиылуына кедергі жасаған мән-жайлар жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды. Егер кәмелетке толмаған жұбайдың мүдделері талап етсе, сондай-ақ оның некені жарамсыз деп тануға келісімі болмаған жағдайда сот неке жасына толмаған адаммен қиылған некені жарамсыз деп тану туралы талап-арыздан бас тарта алады. Егер мұндай некені тіркеткен адамдар істі сот қарағанға дейін іс жүзінде отбасын құрса, сот некені жалған деп тани алмайды. Ерлі-зайыптылардың арасында заңмен тыйым салынған туыстық дәрежесі болған не некені тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың біреуі басқа бұзылмаған некеде тұрған жағдайларды қоспағанда, некені ол бұзылғаннан кейін жарамсыз деп тануға болмайды.

Некені жарамсыз деп тану себептері:

Некені жарамсыз деп танылған адамдар бірлесіп сатып алған мүліктің құқықтық режимі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің үлестік меншік туралы ережелерімен реттеледі. Ерлі-зайыптылар жасасқан неке шарты жарамсыз деп танылдады. Некені жарамсыз деп тану мұндай некеде туған немесе неке жарамсыз деп танылған күннен бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған балалардың құқығына нұсқан келтірілмейді. Некені жарамсыз деп тану туралы шешім шығарған кезде сот некені жарамсыз деп тану үшін негізге алынған мән-жайлардан некеге тұру кезінде бейхабар болған жұбайдың (адал ниетті жұбай) екінші жұбайдан асырауға қаражат алу құқығын тануға құқылы, ал некені жарамсыз деп таныған кезге дейін бірлесіп сатып алынған мүлікті бөлуге қатысты, сондай-ақ неке шартын толық немесе ішінара жарамды деп тануға құқылы.

Адал ниетті жұбай азаматтық заңдарда көзделген ережелер бойынша өзіне келтірілген материалдық және моральдік зиянды өтеуді талап етуге құқылы. Адал ниетті жұбай некені жарамсыз деп таныған кезде өзі неке қиюды мемлекеттік тіркеу кезінде таңдаған тегін сақтап қалуға құқылы.

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері азаматтық хал актілерін жазу органдарында некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап туындайды.

.

Тағы рефераттар