Жоспары:

1. Марксизм философиясының алғышарттары.

2. Марксизм философиясының негізгі мәселелері.

3. В.И.Лениннің философиялық көзқарастары. 

Марксизм, тұтас философиялық ілім ретінде капиталистік монополизм тұсында Маркс және Энгельстің шығармасынан келіп туындайды, яғни бұл кезең капиталистік қоғамның өріс алған шағы болатын. Алғашқыда Маркс Гегелдің диалектикалық ілімін жалғастыра отырып, неміс классикалық философиясындағы көптеген мәселелердің ара жігін ашып берген, әсіресе философияның қоғам өміріндегі алатын орнын анықтады. Бірақта ол жас гегельшілдердің бірі және оның идеясын қолдаушысы ретінде көрініс тапқан философиялық көзқарасы кейін келе, өзінің идеясын ұсынуға тура келді.  Парижге (1843ж.) келгеннен кейінгі оның коммунистік қозғалысқа қатысуы кездейсоқ емес, соның айғағы болатын. Маркс осы кезенде пролетариаттардың ерекше таптарын көрді, және әлемдегі өмір сүріп отырған сүре жолды өзгертуге деген идеясы осымен байланыста болды. Саяси-эконмиканы талдай отырып Маркс шындығында немістің классикалық философиялық дәстүрін өзі дүниеге алып келген социалистік және коммунистік утопиялық теориясымен біріктіріп жіберді.

Ең бастысы, Маркстің фундаменталдық философиялық идеясы мынаған келіп саяды, яғни барлық рухани әлемдегі, мәдениеттегі және жан-жақты көрінуіндегі олардың қатынастары практикаға келіп тоғысады, содан өз жемісін береді. Соған сәйкес адамдар санасының барлық көріністері практикалық өмірінде мәнге ие болып, практика дамуының жалпы жолын жалғастыра түседі. Осылайша, материализмнің таралуы қоғамдық өмірді бейнелеуге арналды.

Осы негізде ой қорыта отырып, адамзат тарихының өткені мен бүгінгісі және болашағының даму кезендерінің белестерін марксизмнің негізін қалаушылар қоғамдық-экономикалық бес формацияда бөліп көрсетті. Соның нәтижесінде  қоғамның тарихи даму жолы алғашқы қауымдықтан бастап, араға құлиеленушілікті, феодальдықты және капиталистік формацияны тастай отырып, логикалық тұрғыда коммунистік қоғамға өтіп аяқталуы, кемелденуі тиіс болатын.

Егер тұтастай экономикалық теория Маркс қызметінің жемісі болса, философия шенберінде Энгельс – оның ауыз толтырып айтар қосшысы болды, яғни марксистік философияның негізгі бөлімдерінде оның тайға таңба басқандай ойлары жатты. Бұл негізінен табиғат философиясынан көрінеді. Олардың біріге отырып атқарған қызметтерінің нәтижесінде марксизм ойлау мен қоғам және табиғаттың даму зандылықтары туралы диалектикалық-материалистік ағымды бойларына сіңдіріп толықтай ілімнің сыйпатына ие болды.

Россияда бұл ілім Х1Х ғасырдың 80-жылдарында кең тарала бастады. Оның таралуына мұрындық болғандардың ең ірі өкілінің бірі, “Еңбекті босату” атты шетелдік маркстік топтың басшысы Г.В.Плеханов болды. 90 жылдардың ортасынан бастап марксизмнің ары қарай дамуына және оны қорғауға, сонымен қатар Россиядағы револяциялық қозғалысты басқаруға В.И.Ульянов (Ленин) ат салысты. Осы уақыттан бастап марксистік философияның дамуында жаңа лениндік кезен басталды.

В.И.Ленин өзінің алғашқы еңбектерінде халықтармен, ресми марксистермен және басқада саяси бағыттын өкілдерімен айтысқа түсіп, марксизмнің тазалығын сақтай отырып, жеке жалпы философиялық сұрақтарды қайта өндейді. Марксизмнің философиялық теориясына алғашқы қосқан манызды еңбектерінің бірі “Материализм және эмприокритицизм” деп аталады. Бұл еңбектегі назар аударылған мәселелер автордың материалистердің өкілі ретінде идеалистік философияның идеяларымен тартысқа түсуі. Осы тартыстан келіп туындаған пікірлердің бірі материалистік-диалектикалық-философтар мен табиғат зерттеушілерінің ішінара одақ құруының қажеттілігі туралы қорытындысы.

Табиғи тарихи процестің заңдылығы ретінде қоғамның дамитындығы туралы Маркс идеясын өкшелей отырып, Ленин мынадай тұжырымға келеді, яғни капитализм еңбекті қоғамдандыра отырып, пролетариаттық төнкерістің тарихи қажеттілігін жасап және социалистік қоғамның іргетасын қалайды. Орыстың жұмысшы таптарының тарихи мәнің анықтай отырып, Ленин дәл осы таптардың болашақтың айнасы екендігін, яғни патшаға қарсы шығып қана қоймай тұтастай буржуазия мен капитализмге қарсы бостандыққа және олардың халықаралық жұмысшылар қозғалысының алдынғы шебінен табылатындығын айтты.

Ленин үшін мемлекет мәселесі ерекше нақты формада тұрды, нақтырақ айтқанда сұрақ пролетариаттың буржазиялық мемлекетке қатысы туралы және социалистік төнкерістен кейіңгі жалпы мемлекетке қатысы туралы өрбіді. Ленин классикалық марксизмнен келіп шығатын мемлекет идеясын, яғни “тұншыққан және езілген машина” ретінде қабылдап, таптық қоғам жағдайында тарихи қажеттілік керек екендігін аңғрды. Сондықтанда көпшілік езілгендер мен қаналушылар үшін буржуазиялық мелекет – жау, езілгендер мен қаналушылар біріге отырып оларды жоятындығы күмәнсіз. Өзінің соңғы еңбектерінде В.И.Ленин Россиядағы үлкен кедейшіліктің орын алуы ескі мемлекеттік аппараттың сақтала отырып жаңа жағдайға өтуінде жатыр, яғни жаңа басқару орындарында ескі бюрократтық сапа сол күйінде қалғандықтан деп, баға беріп отырды. Өзінің өлер шағында Ленин елді мемлекет қатарында қайта біліммен қамтамасыз ету, өнеркәсіптерді және ауыр шаруашылығын ғылыми-техникалық  құралдармен жабдықтау немесе мәдени төнкерістер  экономиканың көтерілуіне алып келеді деп санады.

Теориялық еңбектерінде, әсіресе қазан айынан кейін Лениннің алдында маркс философиясының болашақ дамуына көптеген принципиалды бағдар жасағандығы байқалады. Бірақта қоғамдық-саяси жағдай, елдегі Сталиннің жеке үстемдік ету саясаты марсизмнің ары қарай шығармашылық дамуына айтарлықтай кедергі жасады. Барлығы бірде –бірде өз өнің айналдырып, тұрпайылық денгейге келе бастады. Еркін шығармашықпен айналысу және философияға тән ой шерту мүмкіндіктері тарылып, марксизмнен ауытқуға тура келді. Осылайша 1922 жылы елден Н.А.Бердяев, П.Сорокин, Н.О.Лосский, С.Л.Франк, С.Н.Булгаков және т.б. философтардың тұтас бір тобы басқа елдерге қоңыс аударды. Лениннен қалған философия мен жаратылыстанудың одағы атты өсиеті теріске шығарылып, “бар халықтың көсемі” атты жалған ой үстемдік етті. Осыдан келіп философия мен гуманитарлық ғылымдардың көптеген салаларына шала сауатты адамдар келе бастады.

Сталиннің культке айналу уақытында, тоталитарлық жүйенің үстем етіп тұрған шағында философиядан ақиқаттын ауылы алшақтай бастады. Бір жағынан марксистік философияның мәні арта түсті. Ал екінші жағынан көптеген философиялық сұрақтар, әсіресе тірі философиялық идеялар формалданып, философия қайдағы жоқ абстрактылық схемаға айналды. Бір ғана ғылыми философияның негізінде қарапайым қолданбалы марксизм түсіндіріліп, нәтижесінде көптеген манызды философиялық мәселелер ойдан таса қалды.

Расында, КПСС-тің ХХ -съездінен кейін философия мәдениетінде бірсыпыра тіршілік нышаны біліне бастады, яғни философия тарихына, диалектика және диалектикалық логика мәселесіне, диалектиканың категорияларына, жаратылыстанудың философиялық мәселелеріне  және т.б. біршама назар аударыла бастады. 60 жылдардың аяғы мен 80 жылдардың басында философия адам мен гуманизм мәселесіне назар аударып, яғни ядролық қарудың үрейінен туындаған соғыс пен бейбітшілік, қоршаған ортаны сақтау мен тимді пайдалану, қоныстану мен өніммен қамтамасыз ету және т.б. тақырыптағы мәселелерді көтере бастады. Сол кездегі бар манызды зерттеуге ие болған ғылыми танымның логикасы мен методологиясына бағытталған сұрақтар әлемдік неопозитивистік философияның негізінде қарастырылды. Осы бағытта Э.В.Ильенков, Б.М.Кедров, П.В.Копинин және т.б. философтар ат салысты.

Бірақта бұл көзқарастар тоталитарлық жүйені түбірімен өзгертуге құдіреті жетпеді. Философия басқа қоғамдық ғылымдар тәрізді бұрынғысынша идеологияның құрсауынан босап шығалмай соған қызмет етті.  Жаңа идеялардың пайда болуы марксизмнің жолын кесіп өтуіне үзілді кесілді тиым салып, одан төмен тұрды. Оған қарсылық көрсеткендердің болашағы өмірімен жауап беруіне тура келді. Бұл уақыттары “новаторлық” қабілеттер, яғни шер толқытқандар ақиқаттан алшақтаған болып саналды. Философияның атқаратын қызметі социализмнің шаш бауын көтеру болды.

Марксизм, сөзсіз философияның дамуына және құнды идеялардың алға дамуына үлкен үлес қосқан болатын. Бірақ барлық философиялық мәдениетті марксизмге әкеліп тіреу орынсыз болар еді.

Осылай бола тұрсада, осы уақыттың қиыншылығына қарамай, Қазақстанда халқаралық мойындауға ие болған философия, логика және ғылыми методологиялық мектептер қалыптасты. Ол мектеп қабырғаларынан Ж.М.Абдильдин, А.Н.Нысанбаев, А.Х.Касымжанов, К.Х.Рахматуллин, М.З.Зотов, М.Ш.Хасанов, А.А.Хамидов, А.Г.Косиченко, М.С. Сабит, М.С. Орынбеков және т.б. тәрізді көрнекті, талантты ғұламалар мен ғылымды ұйымдастырушылыр шықты.

Олардың еңбектерінде, материалдарында жаратылыстану мен әлеуметтік ғылымдар диалектикалық ойлаудың принципінде зерттеліп негізделді. Осы тұста таным қызметінің манызды принциптерін талдай отырып, осы пәнді тұтас, өз өзімен қозғалатын және ішкі байланыстарының қажеттілігін қарастыруды талап етті.

Қазахстандық философия және методологиялық ғылымдар мектептерінің тарихын шартты түрде үш кезенге бөлуге болады.

Бірінші кезең (60-70-жылдар) ғылыми танымның логика-методологиялық мәселелерін талдай  отырып, логика мен таным теориясы ретінде тұтастай диалектикалық позицияда қарастырды. Қазақстандық методологиялық — ғылыми мектептердің қалыптасуына Ж.М.Абдильдиннің, А.Н.Нысанбаевтің, К.Х.Рахматуллиннің, М.С. Орынбековтің және т.б. монографиялары үлкен мұрындық болды. Көптеген мақалалардың қатары тек Қазахстанда ғана жарық көрмей Россия, Польша, Германия, Венгрия,  Болгария елдеріне де таралды. Олар теориялық-философиялық денгейді арттыруда  көптеген басқа ғылымдар салаларында ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен маңызға ие болды.

80-жылдардың басында Қазақстандық философиялық ғылымы дамуының екінші кезені басталады. Ол кезеннің бірінші жоспарында пәндік-практикалық қызметтерді субъективтік тұрғыда түсіндіру, ғылыми проблемаларды әлеуметтік мәдени тұрғыдан үлкен қызығушылықпен зертеу тұрды. Сонымен қатар осы кезенде ғылыми танымның методологиялық мәселелерін жүйелі түрде зерттеуге әлеуметтік пен категориялдық анализдерді біріктіру жүзеге асты. Екінші жоспарында “Материалистік диалектика ғылыми танымның логикасы мен әлеуметтік қызметі ретінде”- үлкен лауазымға ие болып, мұрындыққа айналды..

Ғылыми зерттеулердің қорытындысы бойынша ұжымдасып және жеке дара  А.Н.Нысанбаевтың, М.С. Сәбиттің және т.б. монографтары дүниеге келді. Онда ғылыми танымдағы категориялдық пен әлеуметтік мәдени талдаулардың шектеулі бірлестігі тұтастай және жеке пәндерде көрініс табады: математикада (А.Н.Нысанбаев, Р Кадыржанов), физикада (М.З.Зотов, А.Г.Косиченко, М.С.Сәбит, М.С. Орынбеков), астрономияда (К.Х.Рахматуллин), биологияда, химияда және т.б.

Қазақстандық методологиялық мектепте республикамыздағы ойшылдармен ғана емес, Москва, Ленинград, Киев, Минск және т.б. қалалардың философиялық орталықтарындағы алдынғы қатарлы философтарымен етене байланыста болды.

90-жылдардың басынан үшінші кезең, қазіргі философиялық және методологиялық ғылыми мәселелерді зерттеу кезеңі басталады. Бұл кезеңнің өзіне тән сипаты ғылым мен техникаға марксистік анализ жасаудан босап, жаратылыстану, техникалық, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарды философиялық-методологиялық және дүниетанымдық мәселелерімен зерттеуге  бет алды. Пәндік-практикалық қызметтің принциптеріне, идеологиядан еркін, тарихи философиялық және тарихи мәдени мұраларға сүйене отырып, қазақ ойшылдарының зерттеу пәні әлеуметтілік пен тұлға болмысын   тануда диалектикалық-логикалық принциптерді пайдаланды.

Осы тұста Философия институты мен философиялық оқу орындары кафедраларының философтары мен ғылыми методологтары ғылыми таным мәселелерінің барлық спекторларын қамтитын функцияларын диалектиканың принциптері мен категорияларын қайта өңдей отырып жүзеге асырды. Философиялық ізденістердің жаңа тенденциялары өз жемісін қазақ философиясы мен мәдениетінің тарихы бойынша (А.А.Касабек, Т.И.Әбжанов, Ж.А.Алтаев, Ғ.Есім, Т.Х Ғабитов, Б.Г.Нуржанов), жатсыну проблемасы бойынша (К.А.Әбішев, З.А.Мұқашев, А.А.Хамидов), этникалық интеграциялау мен рухани құндылықтардың бағытын іздестіру проблемалары бойынша (Б.К.Кудайбергенов, Н.Ж.Байтенова, Ж.Ж.Молдабеков) және т.б. диссертациялар мен монографиялар жарық көрді.

Бұл кезеңнің өзіне тән сипаты евроцентрлік логикалық парадигманың негізінде Шығыс пен Батыстың әртүрлі ойлау дүниелерін диалог ретінде талдап көрсету.


Тағы рефераттар