Жарнама туралы қазақша реферат
Жарнама – маркетинг комплексінің басқа элементтерімен әрекет ететін, нарыққа және маркетинг комплексінің басқа да элементтеріне (тауар, баға, өтім және өткізу) белсене әсер ететін коммуникация құралдарының жалғыз құрамы. Табысты тауар саясатының көптеген сұрақтары жарнама қызметінің тиімді ұйымдастырумен тікелей байланысты. Жарнама шығындары баға анықтау кезінде ескеріледі. Жарнама өтім қызметі барысында нарықты тауар және сату орындары жөніндегі тиісті ақпаратпен қамтамасыз етеді, сонымен қатар ол нарықпен кері байланысты орнатады.
Маркетингтік коммуникацияда жарнама жетекші рольді атқара отырып, бөлек және оның басқа элементтермен бірге де қолданыла алады.
Ақтөбе қаласында тағы қандай жарнама құралдарын дамытуға болады? Осы сұраққа өзімнің ұсыныстарым арқылы жауап іздеп көрейін:
1. Светодиоттық экрандар (плазмалық телевизорлар).Біріншіден, бұл экрандардан жарнамалық видио роликтерді көрсету, екіншіден, жас өспірімдерге демалу алаңы ретінде қолдануға болады, үшіншіден, жүгірме жолын да енгізуге болады.
2. SMS, MMS (ұялы телефондардағы функция). Осы функциялар арқылы жарнама текстерді немесе қысқа роликтерді таратуға болады.
3. Жалюзилердегі жарнама. Бұл жарнама құралы Ақтөбе қаласында болса да, қарқынды дамымаған, тіпті жоқтың қасы, деп айтуыма болады. Мұнда тауардың имидждік жағын көрсету арқылы белгілі бір аудиторияны қаратуға болады.
4. TV-банер (вставка).Бұл да, ноу-хау болмаса да, өте тиімді жарнама құралы ретінде болып саналады. Сондықтан да, осы құралды қарқынды дамытқан жөн деп ойлаймын.
5. Жарнамалық сағат.Жолда келе жатқанда, біз сағатқа қарай отырып, соның қасындағы жарнамаға көңіл аударуымыз (мұнда көбінесе имидждік жарнама қолданылады).
6. Жүретін жарнама (сэндвичтік адам). Енді мен, бұл жарнама құралы Ақтөбе қаласында жоқ деп тура айта алмаймын. Бұл адам бір кейіпкердің киімін кие отырып, көшеде немесе үлкен сауда орталықтарында белгілі бір тауарды және марканы жарнамалайды.
Жалпы, жарнама нарықта әрбір фирмаға, мекемеге өте тиімді құралдың бірі болып есептелінеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Маркетинг негіздері»
Нысанбаев С.Н., Садыханова Г.А. Алматы, 2002 ж.
2. «Рекламная кампания»
Асеева Е.Н., Асеев П.Н. М: «Приор», 1996 г.
3. «Маркетинг теориясы мен практикасы»
Ильясов Д.К. Алматы: Қазақ университеті, 2002 ж.
4. «Маркетинг»
Есімжанова Е.Р. Алматы, «Экономика», 2003 ж.
5. «Халықаралық сауда»
Молдабекова А.И. Алматы, 2002ж.
6. «Маркетинг нарықтану»
Сатыбалдыұлы С. Алматы, 1999ж.
7. «Хабаршы» журналы
Аликбаева №5, Алматы, 2007 ж.
8. «Айқын» газеті
Сарсенов Ж. №66, 16 сәуір, 2009 ж.
9. «Заң газеті»
Төлегенұлы №74, 20 мамыр, 2009ж.
10. «Паблик Рилейшнз»
Шарков Ф.И. Москва, 2009ж.
11. «Реклама»
Ромат Е.В. Москва, «Питер», 2008ж.
12. www.profinance.kz
Тағы рефераттар
- Жұлдызды аспан және аспан сферасының тәулік бойынша айналуы. Кульминация
- Ар-намыс, қадір-қасиет, іскерлік бедел құқығы
- Алтын және бағалы металдар мемлекеттік музейі
- Қаракерей Қабанбай
- Акша массасы жане миндетти резервтер нормасы