Загрузка...

Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Загрузка...
Рефераттар бөлімі

‘Тіл ғылымы, Филология, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу’ бөлімінің мұрағаты

Жамбыл Жабаев

Жамбыл Жабаев (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.

Жамбылдың  өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық-жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. Толығырақ »

.

Құнанбайұлы Абай (1845-1904)

Құнанбайұлы Абай (1845-1904) – қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі. Шын аты —  Ибраһим. Туған жері – бұрынғы Қарқаралы ауданына қарасты Шыңғыс тауының баурайы. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ-даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан – Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл-әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы. Толығырақ »

Ыбырай Алтынсарин туралы

Ыбырай Алтынсарин. Қазақ мәдениетінің кемелденуіне үлкен үлес қосқан тұлға – Ыбырай Алтынсарин. Ыбырай халық ағарту ісінің практикалық және дидактикалық мәселелерін шешуге тікелей ат салысты, алғашқы педагогикалық оқулық “Қазақ хрестоматиясын” және қазақ балаларына орыс тілін үйретуге арналған оқу құралдарын жазды. Сонымен бірге Ыбырай қазақтың әдеби тілінің негізін салушылардың бірі және халықтың ауыз әдебиетін, әдет-ғұрпын зерттеуші ретінде белгілі; Толығырақ »

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Қазақстан мәдениетіне үлкен үлес қосқан қазақтың алғашқы ғылымдарының бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Ол Омбының кадет корпусының яғни орыстың әскери мектебінің түлегі. Арғы атасы Абылайды пір тұтқан Шоқан өз халқының мәдениетін жоғары деңгейге көтеруге тырысты. Бұған негізгі құрал оның ағартушылық әрекеті болды. Толығырақ »

Көрнекті ақын – жыраулар

Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы ақын – жыраулардың жарыққа шығарған өлең–жырлары болып саналады. Бұлар қазақ мәдениеті мен әдебиетінің аса маңызды мұралары.

15–18 ғасырлардағы қазақ әдебиетінде он екі–он үш ақын–жырау аса көрнекті орын ұстады. Олардың өлең-жырларынан халықтың өмір-тіршілігі, көңіл–күйі, салт–санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез–құлық өлшемі мен дүниеге көзқарасы, сол дәуірдің рухы бейнеленді. Толығырақ »

Әйтеке би, шын аты Айтық Бәйбекұлы

Әйтеке шын аты Айтық Бәйбекұлы (1683-1722) – Кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. Әйтеке ержете келе билікті мақал-нақылмен мәнерлеп айтатын, дауды әділ шешіп, “тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып” өте әдемі сөйлейтін әділетті, білгір шешен би болған. Әйтекенің артында қалған мол мұрасы, оның халқына арнаған өлеңдері, толғамдары.  Толығырақ »

Қазыбек би Келдібекұлы

Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Қазыбек бала жасынан шешендік өнерге бейім өседі. Ол ел арасындағы айтылып жүрген дана сөздерді, мақал-мәтел, ақын-жыраулардың тақпақ, терме, толғауларын, шешен, билердің ұтымды сөздерін есіне сақтап жүреді. Әсіресе, әке тәрбиесі оған мол әсер етеді. Жасынан ел билігіне араласады, Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығысында орналасқан Совет ауданына орта жүздің атақты биі, Қазыбек бидің аты берілді.  Толығырақ »

Төле би Әлібекұлы

Төле Әлібекұлы (1663-1756) қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Төле би ұлы жүздің биі. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Арабша, парсыша тарихи кітаптарды көп оқыған. Төленің әкесі Әлібекте сөзге ділмәр шешен би болған кісі. Төле он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл, парасаттылығын, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.  Толығырақ »

Шәкәрім Құдайбердіұлы ( 1858 – 1931 )

Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы

( Шәкәрім – философ,ақын ) 

Шәкәрім Құдайбердіұлы

( 1858 – 1931 ) 

Мазмұны

  1. Қазақтың бес арысы
  2. Шәкәрім  Құдайбердіұлының өмірі мен өмір сүрген ортасы
  3. Шәкәрім – қазақ әдебиетінің класигі
  4. Шәкәрім – философ
  5. Шәкәрімнің асыл мұрасы  Толығырақ »

Логикалық қателер

Логикалық қателер — ойлану барысында ойдың бұрыс жолмен кетуінен туындайды. Негізінен ой қорытындысында, пікірде, ұғымдарға анықтама беруде, дәлелдеу мен теріске шығаруда, жалпы ойлау кезінде ойдың логикалық жүйесінің, логикалық заңдардың бұзылуын білдіреді. Толығырақ »