‘Экономика, макроэкономика, микроэкономика’ бөлімінің мұрағаты
Биржалық котировка
Қазіргі кезде тауар биржаларындағы биржалық баға котировкасы зор мағынаға ие. Мысалы, Чикагодағы биржада тамақ өнімдеріне бағаны анықтау үшін брокерлер оқтын-оқтын жиналады. Және осы бағалар бүкіл ел ішінде қолданылады.
Биржалық котировка — контрактілік бағалардың тұрақтылығын және белгілі бір уақыт периодында (биржалық күн) биржалық келісімдер бойынша жай бағаларды енгізуді айтады. Бұл биржадан тыс келісімдерге қол қою кезіндегі бағдар болып табылады. Толығырақ »
Маклериат және биржалық конторалар
Тауар биржаларының қызметіне бйланысты негізгі қызмет етуші тұлғалар -биржалық маклерлер мен брокерлер аныкталды.
Маклериаттың негізгі міндеті — биржалық залда биржалық сауданы ұйымдастыру. Маклер — клиенттер тарапынан және тапсырыс бойынша ұсыныс пен сұранысты анықтап, биржа тарапынан келісім шарттарын келісімдеу, тіркеу және рәсімдеу жұмыстарын іске асыратын делдал. Маклер брокерлерге сауда келісімдерін жасауға мүмкіндік береді. Толығырақ »
Биржалық зал
Биржалық зал — тауар биржасының жүрегі болып табылады. Осы залда сатып алушылар мен сатушылар (өздері немесе брокерлер көмегімен) саудалауды екіжақты аукцион — бағаны сатып алушыларда көтеру және сатушыларда төмендету принципы бойынша жүзеге асырады. Биржалық саудалау — бір жерде бірыңғай және бір уақытта өтетін көп аукциондардың жиынтығы. Толығырақ »
Биржа мүшелері және биржаны басқару
Сатып алу, сату мен айырбасты жүзеге асыратын мелекеттік, кооперативтік, делдалдық (брокерлік) фирмалар, банктер, шетелдік, біріккен және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар, жергілікті деңгейдегі кез келген заңды тұлғалар биржа мүшелері бола алады. Биржадағы мүшелік биржа залында саудалауға құқық береді. Биржа мүшелері комитеттер жұмыстарына қатыса алады және әртүрлі биржалық сайлаулар мен жиналыстарда дауыстарын бере алады. Толығырақ »
Тауар биржасы жайлы түсінік және оның функциялары
Биржа — біріншіден, белгілі бір тауарларды күнделікті саудалау орны, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы шикізат, валюта, бағалы қағаздарга байланысты келісімдерге ықпал ететін сауда делдалы, екіншіден, осы саудалауды ұйымдастыратын және осы саудалауды өткізуге байланысты ережелерді жасайтын жеке және заңды тұлғалардың бірлестігі, және үшіншіден, мемлекеттің экономикалық инфроқұрылымындағы биржаның орнын анықтайтын, басты белгісі болатын, ерекше баға белгілейтін механизм. Толығырақ »
Тауар биржасы жайлы түсінік және оның функциялары
Биржа — біріншіден, белгілі бір тауарларды күнделікті саудалау орны, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы шикізат, валюта, бағалы қағаздарга байланысты келісімдерге ықпал ететін сауда делдалы, екіншіден, осы саудалауды ұйымдастыратын және осы саудалауды өткізуге байланысты ережелерді жасайтын жеке және заңды тұлғалардың бірлестігі, және үшіншіден, мемлекеттің экономикалық инфроқұрылымындағы биржаның орнын анықтайтын, басты белгісі болатын, ерекше баға белгілейтін механизм. Толығырақ »
Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі сыртқы сауда саясаты
Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына – сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дис Сакстың пікірнше: «қандай бір ел болмасын, оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланың, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ». Толығырақ »
Сыртқы сауда қызметінің түсінігі
Сыртқы сауда – тауарлармен қызметті ішке енгізуден (импорттан) және сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сауда. Сыртқы экономиканың басты көздерінің бірі — сыртқы сауда. Ал сыртқы сауда саясатына келетін болсақ – белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар жүйесі және де экспортпен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда айналымы – сыртқы сауда дамуының жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс арқылы жүзеге асырылады. Толығырақ »
Сақтандыру саласы
Сақтандыру саласы сияқты мұндай күрделі жүйенің тұтас көрінісін құру, мәні аз «жергілікті» сан сипаты өзгеруін болжауға байланысты сөзсіз қиындықтар тудырады. Дамуға объективті тәсілдеме түбегейлі ғылыми негіздерінің тұрғысынан тізбекгі сан өзгерістерінің (жеткілікті ұзақтық кезінде) ауысуы зандылық болып табылады. Сондықтан баламалы болжау сценарийлерін сан болжауларын әзірлеумен толықтырған жөн, олар тұтас алғанда сақтандыру қызметгері нарығының серпінін сипатгайды. Оларға сақтандыру бизнесінің ІЖӨ-ге қатысу параметрлері, қайта сақтандыруға табысталатын сақтандыру төлемдері мен сақтандыру сыйақыларының арақатынасының серпіні, сақтандыру қызметгерінің экспорты мен импортының серпіні жатады. Толығырақ »
Әлеуметтік сақтандырудың қажеттілігі
Қоғам дамуының объективтік факторының бірі кейбір жағдайлардың салдарынан қоғамдық еңбекте қатыса алмайтын, сондықтан тұрмыс жағдайы төмен тұлғаларды материалдық қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады.
Қоғамның осындай мүшелерін асырап күту үшін осы мақсаттарға арналған валдық (жалпы) табыстың бөлігі жіберіледі. Тауар-ақша қатынастар қызметінің жағдайларында қоғамдық өнімнің бұл бөлігі белгіленген ақша қорларын қалыптастыру (құру) және пайдалану арқылы қолданады. Толығырақ »