Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘География, Геология, Геодезия’ бөлімінің мұрағаты

Канаданың халқы мен ұлттық құрамы

Канаданың халқы мен ұлттық құрамы туралы қазақша реферат

Халқы. Канада халқының саны 32,2 млн адамды құрайды. Халықтың орташа тығыздығы әр шаршы километрге 3 адам болғанымен, халық ел аумағы бойынша әркелкі орналасқан. Табиғат жағдайлары өте қолайлы оңтүстік-шығыста 1 км2-ге 100 адамнан асады. Жалпы, Канада халкының 2/3 бөлігі елдің АҚШ-пен шекаралас оңтүстігіндегі ені 150 км-лік алапта тұрады. Елдің солтүстігінде 20—25 км2 аумақка 1 тұрғыннан ғана келеді, ал Канада Арктикалық, топаралына енетін аралдардың көпшілігшде адам қоныстанбаған. Толығырақ »

Канаданың физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық жағдайы

Канаданың физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық жағдайы туралы қазақша реферат

  • Жерінің ауданы — 9 млн 970 мың км2
  • Халқы — 32,2 млн адам (2004 ж.)
  • Астанасы — Оттава
  • Мемлекеттік кұрылымы — Британ Бірлестігі құрамындағы парламенттік конфедерация
  • Мемлекет басшысы — Ұлыбритания корольы
  • Үкімет басшысы — премьер-министр
  • Заң шығарушы орғаны — екі палаталы парламент
  • Мемлекеттік тілі — ағылшын және француз тілдері
  • Ұлттық валютасы — канада доллары
  • Әкімшілік-аумақтық бірлігі — провинциялар және аумақтар Толығырақ »

Америка Құрама штатының шаруашылығы

Америка Құрама штатының шаруашылығы туралы қазақша реферат

АҚШ шаруашылығы жедел дамуда, оның үлесіне жалпы дүние жүзінде өндірілетін өнімнің 1/5 бөлігі, өнеркәсіп өнімінің 15%-ы тиеді. АҚШ экономикасының даму дәрежесіне нақты баға беруде соңғы жылдары пайдаланылып жүрген бірқатар көрсеткіштер ескеріледі.

АҚШ экономикасының даму деңгейінің негізгі көрсеткішінің бірі — еңбек өнімділігі, өйткені бұл елдегі жұмыс істейтін әрбір адамның еңбегінің нәтижесін көрсетеді. XX ғасырдың 90-жылдарының соңына қарай АҚШ-тағы еңбек өнімділігі жылына 51 мың америка долларын құрады, яғни жұмыс істейтін әрбір адам осындай өнім өндірді. Еңбек өнімділігінің жоғары болуына ғылымға негізделген өндіріс үлесінің артуы себепші. Бұған ірі университеттер жанында жұмыс істейтін ғылыми-өндірістік орталықтар негіз болады. Толығырақ »

Америка Құрама штатының халқы

Америка Құрама штатының халқы туралы қазақша реферат

Халқы АҚШ халқының жалпы саны (290 млн адам) жағынан дүние жүзінде Қытай мен Үндістаннан кейін үшінші орын алады. АҚШ халқы ұдайы өсуі жөнінен қазіргі заманғы типке жатады: туу өте төмен (14,2°/00)> өлу коеффициенті 8,6°/00, яғни халықтың орташа жылдық өсуі 5,6°/00-ге тең. Елдегі адамның өмір жасының орташа ұзақтығы еркектерде 75 жас, әйелдерде 80 жас [1,2]. Толығырақ »

АҚШ-ң физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық жағдайы

АҚШ-ң физикалық-географиялық және  экономикалық-географиялық жағдайы туралы қазақша реферат

  • Жерінің ауданы — 9 млн 363 мың км2
  • Халқы — 290 млн адам (2005 ж.)
  • Астанасы — Вашингтон
  • Мемлекеттік кұрылымы — федерациялық республика
  • Мемлекет басшысы — президент
  • Заң шырарушы органы — конгресс
  • Мемлекеттік тілі — ағылшын тілі
  • Ұлттық валютасы — америка доллары
  • Әкімшілік-аумақтық бірлігі — штаттар және федералдық округ Толығырақ »

Кордильер

Кордильер туралы қазақша реферат

Солтүстік Американың Алякадан Мексикаға дейінгі батыс жақ шет аймағын орасан зор Кордильер тау жүйесі алып жатыр. Кордильер тауы құрылымы мен орфографиясының жалпы ерекшеліктерін өзінің бүкіл өн бойында сақтап қалған. Кордильер тауын бірнеше физикалық-географиялық аймаққа бөлуге болады. Ол аймақтардың шекаралары климаттық белдеулердің шекараларымен белгіленеді. Толығырақ »

Жағалық (Мексика маңы және Атлант маңы) ойпаттар

Жағалық (Мексика маңы және Атлант маңы) ойпаттар туралы қазақша реферат

Жағалық ойпаттар – матриктің ең жас табиғи аймағы. Олар үшін жайпақ бедер, күшті батпақтану, жылы ылғалды мұхиттық климат тән. Бұл әсіресе субтропик өсімдіктерінің өсуіне қолайлы жағдай. Территорияның өзіндік ерекшелігін анықтайтын негізгі табиғат процестеріне ойпаттың өзімен шектесіп жатқан Орталық және Ұлы жазықтардың, Аппалачтың ықпалы мол. Олар мұндай беткі ағын мен грун суларын бағыттау арқылы шөгілген өнімдер жағалауға қарай тасылады. Осы жиналма материалдар ойпаттың негізгі беткі төсенішін қалыптастырады.

Геологиялық ұрылымы бойынша ойпаттар бір-бірінен ерекшеленеді. Атлант маңы ойпаты негізінде платформалық типке жақын Аппалачтың ежелгі қатпарлық құрылымдары жатыр. Мексика маңы ойпаты Мексика шығанағының қозғалмалы облысының бөлігі ретінде байқалады. Толығырақ »

Аппалач тауы және Ньюфаундленд аралы

Аппалач тауы және Ньюфаундленд аралы туралы қазақша реферат

Ньюфаундленд аралы өзінің көлемі 111 мың км2 шамасында. Ол материктен солтүстікте жіңішке Белл-Айл бұғазы арқылы, ал оңтүстік-батыста бұдан едәуір енді болатын Кабота бұғазы арқылы бөлініп жатыр.

Ньюфаундленд — материктен бөлінген арал, ол орасан зор көлемдегі материктік таяз жағалауда жатыр. Осы таяз жерлердің бедерінен өзен аңғарлары айқын байқалады. Мұның өзі бұл жерлерді бұдан біршама уақыт бұрын мұхит суы басқанын көрсетеді. Ньюфаундлендтің төңірегінде теңіз түбінің едәуір жоғары көтерілген учаскелері — банкалары бар. Олардың ішіндегі неғұрлым белгілісі — аралдың оңтүстік-шығысына таман жатқан Үлкен Ньюфаундленд банкасы. Ол өзге банкалармен қоса есептегенде шамамен Ньюфаундлендтің өзі көлеміндей жерді алып жатыр деуге болады. Толығырақ »

Орталық және Ұлы жазықтар

Орталық және Ұлы жазықтар туралы қазақша реферат

Лаврентий қыратының оңтүстігіне қарай және Аппалач тауларының батысына қарай Миссисипи өзенінің орта ағысының екі жағын; ал жоғарғы ағысының батыс жағын алып жатқан алқап — Америка Құрама Штаттарының Орталық жазық деп аталатын аймағы. Бұл аймақтың оңтүстіктегі шекарасын солтүстік ендіктің 32—33°-ы бойымен жүргізуге болады.  Толығырақ »

Гренландия және Канадалық арктика архипелагы

Гренландия және Канадалық арктика архипелагы туралы қазақша реферат

Гренландия — Жер шарындағы мейлінше үлкен арал, 2   миллион шаршы километрден астам жерді алып жатқан орасан зор физикалық-географиялық аймақ.

Гренландия европалықтардың батыс жарты шардағы ең алғаш рет ашқан құрлығы болатын. IX ғасырдың аяқ кезінде Исландиядан жүзіп келген нормандар оған тұңғыш рет аяқ басты.  Гренландияны зерттеу ісін даниялық отаршылдар ХVІII ғасырда қолға алған болатын. Ал, XIX ғасырдың бас кезінде бұл жұмысты ағылшындар жүргізді, одан кейін негізінен Скандинавия елдерінің ғалымдары жалғастырды. Толығырақ »