Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘География, Геология, Геодезия’ бөлімінің мұрағаты

Каспий теңізінің солтүстік жағасы, Еділ мен Жайық өзендері

Каспий теңізінің солтүстік жағасы, Еділ мен Жайық өзендері аралығының көп жері Атырау облысының Құрманғазы ауданына қарайды. Теңіз жағасының шекарасын Еділ өзенінің теңізге құятын Қиғаш саласы анықтайды. Осы Қиғаш өзенінен Исатай ауданының Забурын елді мекеніне дейінгі жағалық аймақ түгелдей Құрманғазы ауданының жері. Бұл жердің экологиялық жағдайынан сөз қозғау үшін оның бұрынғы жағдайы қандай екеніне көз жеткізу керек.
Толығырақ »

Қазақстанның су қоры

Қазақстан Республикасы: Су қоры. Қазақстан жерінде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының таралуы және Су қоры олардың деңгейлік ерекшеліктері ең алдымен климат факторларына, жер бетіне түсетін жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелді. Су қорларының ішінде, әсіресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күшті. Бірақ көпшілік өзен-көлдердің деңгейлері үнемі күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлш. қалыпты орташа деңгейден 2–4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтік аймақта жайласқан Қ-ның маңызды табиғи қорларының бірі – жер асты суы. Су қорлары кең-байтақ аумақта біркелкі таралмаған. Толығырақ »

Қасқасу шатқалының өсімдіктер ресурстары олардың шаруашылық маңызы және сақтап қорғау

Флораны зерттеу барысында өсімдік жабындысын сақтаумен қатар оны шаруашылықта тиімді пайдалану мәселелері де қамтылады. Бұл түсінкті, себебі флораны зерттеушінің алдындағы міндеттің (мақсаттың) бірі өсімдіктерлің ресурстарына, бүгінгі жағдайына, қолдану мүмкіндіктеріне, сол секілді қорғап сақтау тәсілдеріне назар аудару болып табылады. Сондықтан флораның құрамында әр түрлі шаруашылық маңызы бар бағалы өсімдіктер анықталды. Толығырақ »

Қасқасу флорасының конспектісі

1. Cystopteris filix fragilis (L) Borbas — Пузырник ломкий — мортылдақ. Көп жылдық. Таудың бүталы белдеулерінде, көлеңкелі жартастарда, сондай-ақбұлақ жағаларында өседі.

Спора: VII-VIII.  Толығырақ »

Қасқасу шатқалы флорасының биологиялық көп түрлілігі

Бұл тарауда шатқал флорасына таксономиялық талдау жасалып, сирек кездесетін өсімдіктердің тіршілік формаларына сипаттама жазылды. Сонымен қатар өсімдіктер ресурстары мен оларды қорғау туралы мағлұматтар берілді. Толығырақ »

Қасқасу шатқалы флорасын зерттеу тарихы

Батыс Тянь-шань тау жүйесін оның ішінде Қаржантау жотасын флорасын зерттеу осыдан 100 жылдан астам уақыт бұрын, яғни Орта Азиядағы ірі географиялық экспедициялар кезінде басталған болатын. Толығырақ »

Қасқасу шатқалының орналасуы мен табиғат жағдайы

Қаржантау жотасы оңтүстік-батыс — тянышань провинциясына кіреді. Ол Талас Алатауы тау жоталарынан оңтүстікке қарай орналасқан.

Қазақстанға Қаржантау, Өгем жоталары және Піскем жотасының солтүстік баурайы жатады. Толығырақ »

Оңтүстік Қазақстан облысының көрікті жерлері

 Оңтүстік Қазақстан – ежелгі цивилизацияның жері. Ежелгі дәуірден бастап қазақ жерінің тұрғындары тұрмыстық мәдениетті құраған болатын.

Ұлы жібек жолы жерінің қиылысында Оңтүстік Қазақстан облысының жері қазақ мемлекетінің бесігі болып есептеледі. Оңтүстік Қазақстан облысы тарихи ескерткіштерімен әйгілі – қорғандар, бекіністер, ежелгі қалалық кесенелер, тұрғындардың қоныс қалдықтары жетерлік. Оңтүстік Қазақстан облысының 802 тарихи және мәдени ескерткіштердің ішінен 528 археология ескерткіштері, 42 тарихи ескерткіштері, 226 архитектулық ескерткіштер.   Толығырақ »

Шымкент қаласының рекреациялық объектілерінің даму тарихы

Ұсынылған жұмсытың бірінші тарауында рекреациялық ресурстар және объектілер, территориялар туралы жалпы түсінік берліді. Осы түсініктемелерді есепке ала отырып Шымкент қаласы және оның маңындағы рекреациялық ресурстарының, яғни антропгендік рекреациялық ресурстардың даму тарихы мәселесін ашып көрсетуін жөн көрдік. Рекрациялық объектілердің даму тарихы қаланың тарихымен тығыз байланыста. Толығырақ »

Шымкент қаласы және оның маңындағы территорияның табиғат жағдайы

Геологиялық-геоморфологиялық жағдайы 

Шымкент қаласы және төңірегінің территориясы Тянь-Шань тауларының тау алды етегінде жазығында Сайрам және Бадам өзендерінің арасындағы суайырықта теңіз деңгейінен 506 м биіктікте орналасқан. Қала территориясының аумағы 300 км2 құрайды, жалпы облыстың жер көлемінен 0,3 % құрайды. Толығырақ »