‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты
ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
ОТБАСЫНА ЖӘНЕ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРҒА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ туралы қазақша реферат
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады (1); Балаларына камқорлық жасау және оларды тәрбиелеу — ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы (2); Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті (3) — делінген. Бұл көрсетілген қағидалар халықаралық құқықтың осы мәселелер жөніндегі негізгі ережелеріне сәйкестендірілген. Толығырақ »
Ресей Федерациясындағы неке шарты
Ресей Федерациясындағы неке шарты туралы қазақша реферат
Неке шарты бұл екі тұлға арасындағы отбасы құқығымен реттелетін азаматтық-құқықтық қатынастар. Отбасы құқығымен реттелетін қанынастар отбасы – құқығымен реттелетін тұлғалар шеңбері, олардың арасындағы қатынастар болып табылады.
«Отбасы» деген не деген сұрақ мемлекеттің өзіне түсініксіз. РФ Отбасы Кодексінің 31 бабының 3 тармағына сәйкес ерлі-зайыптылар некелерін өзара құрмет және өзара түсіністік, көмек, отбасының өркендеуі мен күшейюіне бағыт кезінде құруға тиіс. РФ Отбасы кодексінің кіргізілген ережелердің ішінде тек екеуі ғана ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік емес қатынастарды реттейді:
— 31 бабтың 2 тармағында отбасындағы мәселелерді ерлі-зайыптылардың теңдігі қағидасына сүйеніп шешу. Толығырақ »
Неке шартының жарамсыздығын тану және оның құқықтық салдары
Неке шартының жарамсыздығын тану және оның құқықтық салдары туралы қазақша реферат
Неке шартын сот тәртібі бойынша, жарамсыз деп тану оны бұзуға қарағанда өзгеше. Неке шартын бұзғаннан кейін, ол өз күшін жояды.
Неке шартын сот Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде мәмілердің жарамсыздығы үшін көзделген негіздер бойынша толық немесе ішінара жарамсыз деп тануымүмкін. (Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңының 42 бабы).
Неке шарты мына жағдайларда жарамсыз деп танылады: Толығырақ »
Неке шартының өзгерілуі мен бұзылу тәртібі, мерзімі
Неке шартының өзгерілуі мен бұзылу тәртібі, мерзімі туралы қазақша реферат
Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы туралы» Заңының 41 бабаының 1 тармағына сәйкес неке шарты ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша кез келген уақытта өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Неке шартын өзгерту туралы немесе бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады. Сонымен бірге неке шартын өзгерту немесе бұзу неке шартына сәйкес жасалады, яғни сәйкесінше ол жазбаша жасалады және нотариуспен куәландырылады.
Неке шартын орындаудан бір жақты бас тартуға жол берілмейді. Егер шарттың бұзылуы мен өзгертілуіне бір тарап себепші болса, келесі тарапқа кеткен шығын үшін орнын толтыруды талап етуге құқылы. Толығырақ »
Неке шартының мазмұны және оны жасаудың тәртібі
Неке шартының мазмұны және оны жасаудың тәртібі туралы қазақша реферат
Көптеген мемлекеттердің заңгерлеріне неке шартының түсінігі бұрыннан белгілі. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарында атақты ажырасу процесстерін кездестіруге болады. Атақты болуының себебі: көп миллионды мүліктің неке шартына байланысты бөлінуі.
Мақсатымыз — біздің заңдарымызға байланысты неке шартының құқықтық түсінігін және Ресей Федерациясының заңдарында бекітілген неке шартының құқықтық түсінігін қарастыру. Толығырақ »
Неке шартының дамуы және оның тарихы
Неке шартының дамуы және оның тарихы туралы қазақша реферат
Неке – ерлі-зайыптылардың арасындағы мүліктік емес қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Некеге тұрушы немесе некеде тұрған ерлі-зайыптылардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты – нотариуспен расталған, жазбаша түрде некеге тұратын немесе некеде тұрған ерлі-зайыптылардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады. Толығырақ »
Мұрагерлердің құқықтарының пайда болу мәселелері
Мұрагерлердің құқықтарының пайда болу мәселелері туралы қазақша реферат
ҚР-ның АК-нің мұраны алу институты мұраны алу шарты мен тәртібін егжей-тегжей анықтаған деп айтуға болады.
ҚР-ның АК-нің 1072-бабына сәйкес мұралық мүлікті алу үшін мұрагер оны қабылдауы тиіс. Бұрын, Қазақ КСР-нің АК-сі қолданыста болған кезде (1999 жылғы 1 шілдеге дейін) мұралық құқықтарды мұра қалдырушы адам қайтыс болғаннан кейін кез келген уақытта ресімдеу мүмкіндігі болған. Толығырақ »
Мүліктік құқық және мүліктің жеке түрлерін мұраға қалдыру
Мүліктік құқық және мүліктің жеке түрлерін мұраға қалдыру туралы қазақша реферат
Қазіргі өркениетті заманда азаматтардың (мұра қалдырушының) жеке меншігінде әр түрлі мүліктер (жер учаскелері, пәтерлер, кәсіпорындар, шаруашылық серіктестікке қатысушылардың үлестері, шаруа қожалығы, қозғалмалы мүліктер және т.б.) бар.
Мүліктің жеке түрін мұраға қалдыру Қазақ КСР-нің АК-нің бір ғана бабымен шектелген еді, ол 556 бабы, яғни: «Қолхозшы үйіндегі мұрагерлік». Қазірде ҚР-ның АК-нің 1082 бабына сәйкес «Шаруа немесе фермер қожалығындағы мұрагерлік». Толығырақ »
Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлік және мұрадағы міндетті үлес
Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлік және мұрадағы міндетті үлес туралы қазақша реферат
ҚР-ның АК-нің 1067 бабында ұсыну құқығы бойынша мұрагерлікті жүзеге асыру ережесі көзделген. Осы ереженің мәтінінде бір қатар сәйкессіздік пен қателіктерге жол берілгені байқалады. Біріншіден, баптың атауы ереженің мазмұнына сәйкес келмейтіні көрініп тұрғаны білінеді. Мысалы, мұра қалдырушының өзінен бұрын қайтыс болған баласынан қалған немере мұрагерлікке шақырылғанда, ол немереге ешқандай «ұсыну құқығы» берілмейді. Оған тиесілі мұрадағы үлестің иесі әкесі болар еді, бірақ ол мұра ашылғанға дейін қайтыс болғандықтан мұра қалдырушының немересі әкесінің өкілі іспетті мұраға шақырылады. Сондықтан ҚР-ның АК-нің 1067 бабын «Өкілділік құқығы бойынша мұрагерлік» деп атаған жөн болар еді. Толығырақ »
Өсиеттің нысаны. Құпия өсиет
Өсиеттің нысаны. Құпия өсиет туралы қазақша реферат
Бұрынғы Қазақ КСР-нің АК-нің 540 бабына сәйкес, өсиетті орындау өсиетте тағайындалған мұрагерлерге немесе өсиет қалдырушы тағайындаған арнаулы жаққа, яғни өсиетті орындаушыға жүктеледі. Өсиетті орындаушы арнаулы жақ тағайындалған күнде оның өсиеттің өзіне жазылған немесе өсиетке қоса тіркелген жеке арыз арқылы білдірілген ризалығы қажет. Әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адам, сондай-ақ өсиет қалдырушы ұшін қсиетке қол қойған адам өсиетті орындаушы бола алмайды. Толығырақ »