‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты
Құқық нормалары
Құқық нормалары туралы қазақша реферат
Құқық нормалары мемлекеттің бекіткен әмірі ретінде құқықтық қатынас субъектілерінің мінез-құлыктарының жалпы сипаттамаларын жол-жора, ереже ретінде ғана айқындайды. Себебі, жеке тұлғалар мен занды түлғалардың өмірде жасалатын барлық іс-әрекеттерін құқық нормаларына сиғызу мүмкін емес. Мысалы, ұрлық құдайдың құтты күні сан алуан түрде, әр түрлі сипатта жасалынады. Түнде, күндіз және заттар үйден, қоймалардан, калтадан, гараждан, мейманханадан, автомобильден, магазиннен, базардан ұрланады. Заң шығарушы орган ұрлықтың құрамының барлық сипаттамаларын құқықтық нормада бекітпейді тек нағыз мазмұнын, қоғамға қауіпті ерекше сипаттарын ғана белгілейді. Толығырақ »
Құқық нормаларын қолдану – құқықтық жүзеге асырудың ерекше нысаны
Құқық нормаларын қолдану – құқықтық жүзеге асырудың ерекше нысаны туралы қазақша реферат
Құқық құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл — қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері. Олар құқықтың пәнімен бірге ҚР-сы құқығының кез-келген саласына, оның ішінде құқық құқыққа да толық сипаттама береді. Мұның сыртында, қоғамдық қатынастардың тобы бойынша, яғни құқықтық реттеудің пәні бойынша көптеген құқық салалары өте жақын болады, ал кейде тіпті өздерінің негізгі көріністерінде тура келеді (мысалы, мүліктік қатынастар, табиғи ресурстарды қорғау аясындағы қатынастар, қаржылық және кәсіпкерлік қызмет). Сондықтан реттеу әдісі кұқықтық салаларды айырған кезде айқындауыш белгі рөлінде жиі болуы мүмкін. Толығырақ »
Құқық нормасы құрылымының түсінігі және оның элементтері
Құқық нормасы құрылымының түсінігі және оның элементтері туралы қазақша реферат
Бұған дейін айтылғандай, ҚР-ның құқық жүйесінің ерекше саласы бар, оның негізгі мақсат-міндеті айырықша сипаты бар қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл қатынастардың ерекшелігі сол, олар атқарушы билікті нақты жүзеге асыру аясында пайда болуы (тиісінше өзгертілуі және тоқтатылуы) мүмкін. Ал оларға реттеушілік ықпал жасау өзінің жиынтығы бойынша құқықғы құрайтын құқықтық нормаларға жүктелген.
Солай болғандықтан, аталған аядағы әр түрлі қоғамдық қатынастар ең жалпы түрде Қазақстан құқығының осы саласының пәнін құрайды деп айтуға болады. Құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған анықтамасынан табуға болады. [1] Толығырақ »
Құқық нормасы – әлеуметтік норманың түрі ретінде
Құқық нормасы – әлеуметтік норманың түрі ретінде туралы қазақша реферат
Халык шаруашылығы салаларының даму барысын стратегиялык жағынан болжау-жоспарлау керек екендігін өмір айқындап берді, және осы дипломдық жұмыстың жоғарыдағы бөлімдерінде олардың экономиканы баскаруда алатын рөлі, маңызы дәлелденді. Экономика дамуын болжау және жалпы мемлекеттік жоспарларды жасау үшін, 1997 жылдың наурыз айында Қазақстан Республика Президентіне тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі құрылды. Агенттікке экономиканың дамуын болжау негізінде оның басынқы багыттарын аныктау және стратегиялык жоспарлар жасау аркылы оған қол жеткізу жолдарын белгілеу тапсырылған.
Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлаудың мазмұны, көрсеткіштері мен құрылымы
Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлаудың мазмұны, көрсеткіштері мен құрылымы туралы қазақша реферат
Жоспарлау — басқарудың маңызды жүйесі және қазіргі экономикалық дағдарыстан шығу тәсілдерінің бірі. Нарықты экономикаға өту кезеңінде басқару жүйесін одан әрі дамыту және осы кезеңге тән жаңа қағидаларды басшылыққа ала отырып экономиканы жандандыру — бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Жоспарлау — белгілі мерзімге есептелген басқару объектілерін дамытуда қолайлы альтернатива таңдауға бағытталған басқару қызметінің бір түрі. Басқару объектісінің даму қарқыны және келешекте күтілетін күйі бар жоспар — жоспарлау процесінің қорытындысы болады. Жоспарда мақсат және оларды іске асыру бойынша іс-шаралар жүйесі міндетті түрде болу қажет.
Жоспарлауға келесі ерекшеліктер тән:
1. Жоспарлау алдын ала қабылданған шешім және келешекте белгілі нәтижеге жетуге бағыттылған.
2. Әр-түрлі жағдайларға байланысты жоспарға тұракты түзетулер енгізіледі, сондықтан жоспарлау жүйесі икемді және өзгерістерге бейімделуі қажет.
3. Жоспарлау процессі қате істерді болдырмауға және қолданбаған мүмкіндіктерді азайтуға бағыттылған.
Жоспарлау процесінің негізгі элементтері төменде көрсетілген.
ЖОСПАРЛАУ | НӘТИЖЕЛЕР |
АМАЛДАРЫ | |
РЕСУРСТАР | |
ЕНГІЗУ | |
БАҚЫЛАУ |
1 сурет. Жоспарлау процесінің негізгі элементтері.
Жоспарлау төмендегі принциптерге негізделінеді:
• ЖҮЙЕЛІЛІК;
• ЖИНАҚТЫЛЫҚ;
• ҮЙЛЕСІМДІЛІК;
• ИКЕМДІЛІК:
• РЕСУРС МҮМКҮНДІКТЕРІНІҢ ШЕКТІЛІП.
ЖҮЙЕЛІЛІК — жоспар шешімін жасау және негіздеу барысында экономиканың барлык элементтерін есепке алу қажеттігін ұйғарады.
ЖИНАҚТЫЛЫҚ — жоспар шешімін жасау және негіздеу барысында, оның іске асырғанда салдарын ескеру қажеттігін ұйғарады.
ҮЙЛЕСІМДІЛІК — жоспарланған объекттің жұмыс істеуін және дамуының нәтижелі болуына жоспар шешімін бейімдеу.
ИКЕМДІЛІК — жоспар шеші.мінің тұрақты болатын өзгерістерге бейімделуін ұйғарады.
РЕСУРС МҮМКҮНДІКТЕРІНІҢ ШЕКТІЛІГІ — колда бар ресурстарды ұтымды және нәтижелі пайдалану қажеттігін ұйғарады.
Экономикалык және әлеуметтік дамудың барлык жақтары, жоспар мен болжамның максаты мен талаптары, когамдык өндірістін салалары мен құрылымдарының дамуындагы сандық және сапалык өзгерістер бірімен-бірі тығыз байланыскан көрсеткіштер аркылы беріледі. Көрсеткіштер жүйесі мынадай талаптарға сай болуы керек:
— Эконо.микалык және әлеуметтік даму процессінің заңдылықтары мен мұқтаждығын ескеруі керек.
— Болжам мен жоспардың максаты мен міндетін жеткілікті дәрежеде көрсетуі шарт.
-Атаулы негізде. ягни жоспарлардағы көрсеткішті орындаушыны анық, нақты көрсетуі керек.
— Кешенді негізде, яғни ұдайы өндіріс пен әлеуметтік дамудың барлық жақтарын қамтуы қажет.
— Аймақтар мен салалардың ерекшеліктерін ескеріп, көрсетуі керек.
— Қоғамдык өндірістің жоғары тиімділігіне және істің сапасына қол жеткізуді ынталандыруы шарт.
— Жоспар көрсеткіші дегеніміз — баскару шешімінің нактылы бір тапсырмасын санмен көрсету формасы. Жоспарлық көрсеткіштер өзінің сырткы белгісіне және аткарар міндетіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олар: сандык және сапалық; натуралдық және құндык; абсолюттік және салыстырмалык; нормативтік (директивтік) және есептік көрсеткіштер.
Сандық корсеткіштер жоспардағы тапсырманыңсандық белгісін көрсетеді. Олар көлемдік және сандық болып екіге бөлінеді. Көлемдік көрсеткіштер , мысалы, өндірілген өнімнің көлемін көрсетсе, тармақтык (сандық) көрсеткіштер мектептердің, кітапханалардың т.б. санын көрсетеді.
Сапалық көрсеткіштер өндіріс тиімділігі, экономикалық құбылыстар мен процесстердің сапалық белгілерін көрсетеді (еңбек өніміділігі, өзіндік кұнның азаюы, материалдық ресурстардың шығын нормасы).
Натуралдық көрсеткіштер ұдайы өндіріс процессінің физикалық өлшем бірліктерімен өлшенетін жақтарын көрсетеді. Мысалы, өндірілген өнім көлемі (салмағы, ұзындығы бойынша). Кейбір экономикалық құбылыстар шартты-натуралды бірліктермен өлшенуі мүмкін.
Құндық корсеткіштер экономикалық құбылыстарды натуралдық-заттық құрамынан басқа құндық өлшеммен көрсетеді. Олардық арқасында әр түрлі салалар өнімдерін, еңбек шығыны мен оның нәтижесін салыстыруға мүмкіндік туады. Құндық көрсеткіштердің көмегімен экономикадағы көптеген байланыстар мен пропорциялар анықталады.
Абсолюттік көрсеткіштер өнім, еңбекақы, т.б. көлемдерін көрсетеді. Ал салысшырмалық корсеткіштер салыстырмалы өлшемдермен белгіленеді (үлес салмағы).
Директивтік көрсеткіштер, жоспардағы негізігі тапсырманы, жоғарғы органның төменгі органдарға, кәсіпорындарға бекіткен тапсырманы көрсетеді. Олардың бір түрі болып нормативтік көрсеткіштер саналады, олар басқарудың барлық деңгейіне міндетті түрде орындалуы шарт көрсеткіштер. Болжаудың негізгі мақсаты экономикалық дамудың балама бағыттарын және олардың әлеуметтік-экономикалық салдарын анықтау болғандықтан ол экономиканы жоспарлаудың алғашқы сатысы болып табылады.
Қазіргі қалыптасқан нарықтық қарым-қатынас экономиканың жоспарлау түрін жоймайды, керісінше экономикалық және әлеуметтік Дағдарыстан шығудың бір тәсілі болып жаңа құндылыққа және сапаға ие болады.
Қазіргі дүние жүзілік экономика дамуында ұйымшылдық және жоспарлылық күшею тенденциясы тән. Барлық елдерде болжау және жоспарлау тәжірибиесі кең таралғаны, осыған дәлел. Сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінде жоспарлаудың мазмұны және мақсаттары өзгеруде.
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі аса маңызды және күрделісі — индпкативтік жоспарлау болып табылады.
Индикативтік жоспарлаумен қамтамасыз етудің маңызды себептеріне төмендегілер жатады:
1.Ұлттық экономика индикаторларында (бюджет, қаржы, пайыздық ставка және т.б.) мемлекеттің ролі артуда. Макроэкономикалық балансты орнатуға және қолдауға мемлекет ынталы болып тұр және басқару субъектісі ретінде орын алуда. Сөзсіз, мұндай басқару — ұлттық экономика дамуының проблемалары және келешегі бойынша білімсіз және стратегиясіз мүмкін емес.
2.Нарықтык қарым-қатынастың қажеті жоқ немесе шектелген экономика салаларында индикативтік жоспарлауды қолдану қажет (қорғаныс жүйесінде, ғылым жіне білім саласында). Бұл салаларда ресурс үйлестіруде нарықтық қарым қатынастан тыс тәсілдерді қолдану қажет.
3. Мемлекеттік жоспарлаудың негізгі міндеті — инфляцияны, жұмыссыздықты, бюджеттік дефицитті және т.б. жеңу.
4. Қазіргі кезде ұлттық экономиканың интеграциясы мемлекеттік немесе макроэкономикалық жоспарлаудың ролінің артуына себеп болып тұр.
5. Табиғи ресурстар азаю және экологиялық қауіпсіздік жүйесін кұру сияқты, глобальды мәселелерді шешу үшін макроэкономикалык жаспарлау қажет.
Индикативтік жоспар келесі бөлімдерден құралады:
1. Өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына сараптама.
2. Жобаланған мерзімге әлеуметтік-экономикалық даму саясатының мақсаты және міндеттері.
3. Макроэкономикалық саясат
3.1. Қаржылық-несиелік саясат;
3.2. Салықтық-бюджеттік саясат;
4. Құрылымдылық саясат.
4.1. Сауда саясаты;
4.2. Бағасаясаты;
4.3. Құнды қағаздар нарығының саясаты;
4.4. Инвестиция саясаты.
5. Экономика секторларын дамыту
5.1. Өнеркәсіп;
5.2. Ауыл шаруашылығы;
5.3. Құрылыс;
5.4. Көлік және бапланыс;
5.5. Қаржы саласы;
5.6. Сауда;
5.7. Ғылым және технологиялар.
6. Әлеуметгік даму
6.1. Халык, жұмыспен қамту және еңбек ресурсының дамуы;
6.2. Кедейшілікпен кұресу және халықты әлеуметтік корғау;
6.3. Әлеуметтік-экономикалық дамуда әйелдердің қатысуы;
6.4. Білім беру;
6.5. Денсаулық сактау;
6.6. Мәдениет, спорт және туризм;
7. Қоршаған ортаны қорғау.
Әлеумеггік-экономикалык мақсатгарды шешу мерзімінің ұзақтығына байланысты индикативтік жоспарлар жүйесі стратегиялық, орта мерзімдік, және жылдық жоспарлардан тұрады, олар макро-аумақтық, салалык деңгейді қамтиді.
Республика Президенті Н.Назарбаевтің 1997 жылғы Қазақстан халқына жолдауында жарияланған «Қазақстан-2030» — жоспары стратегиялық жоспарға жатады. Стратегиялык жоспарлар ұзақ мерзімге жасалады және ұлтық экономика дамуының ұзак мерзімдік мақсаттарын, мәселелерін, басынқыларын анықтайды және оларды жүзеге асыру кезендері мен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың жалпы бағыттарын белгілейді.
Стратегиялык, жоспарлау — көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар сонғы кездері кеңінен колданып жүрген арнаулы білім саласы. Ол баскаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталады және тек әскери ғана емес, сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасады. Стратегиялық жоспарлар төмендегі бөлімдерден тұрады:
1. саланың ағымдағы қал-күйіне баға беру;
2.жоспарлы кезеңдегі министрлік жұмысының мақсатын анықтау;
3. басынқылар;
4. SWOT — максаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін талдау;
5. мақсаттарға қол жеткізу стратегиясы;
6. стратегияларды жүзеге асыру кезеңдері, немесе аралық мақсаттар.
SWOT — ағылшын әріптерінің аббревиатурасы. Қазак тілінде күшті (ұтымды) және әлсіз жақтар, мүмкіндіктер мен қатерлер мағынасын береді. Ол сыртқы және ішкі жағдайларды жүйелеу негізінде алға қойған мақсаттарға жету стратегиясын жасау үшін қолданады.
Оңтүстік-Қазақстан облысының даму жоспарынын
SWOT-талдауы
Миссия — аумақтык мүмкіндіктерді іске асыру негізінде экономиканың нақты секторын өркендету
Басты мақсат — облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейі мен оның сапасын арттыру
Күшті жактар
1. Ауыл шаруашылығының дамуына ауа райының колайлығы
2. Облыстың жоғарғы транзиттік әлеуеті
3. Көптеген еңбек ресурстарының саны
4. Жекеменшіктің көп үлесі
5. Эспортка негізделген өндірістер (макта, талшығы)
6. Мәдени және тарихи орталықтардың саны
Әлсіз жактар
1. Өндірістік базаның бәсекелестік қабілетсіздігі
2. Облыстың субвенциялық бюджеті
3. Қаржы ресурстарының жеке секторга өту қабілетінің төмендігі
4. Накты жер нарығының болмауы
5. Қоғамда кылмыстық іс-әрекеттердің өсуі
6. Экологиялық және эпидемиологиялык жағдайдын өршуі
Мүмкіндіктер
1. Үлкен өкілеттіктердің, бюджеттік қарым-катынастарды қоса орталыктан аймақтарға таралуы
2. Ауыл шаруашылығы өнімдері мен кайта өңдеу өнімдері үшін сыртқы және ішкі нарықтар әлеуеті
3. Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту
4. Дәстүрлі емес секторға инвестицияларды тарту
5. Шекаральщ сауда мен кызмет түрлерінің ұлғаюы
6. Альтернативті энергия көздерін пайдалану
Катерлер
1. Облыстың электр тарату және сумен қамтамасыз ету жағынан баска мемлекеттен тәуелділігі
2. Халықтың заңсыз көшіп қонуы және контрабандалық қылмыспен айналысуы
3. Көрші мемлекеттерден аймақта билікке бәсекелесуі
4. Сыртқы және ішкі нарықтардың жоғалуы импорттық тауарларға, сауда кедергілеріне жол беруі
Күтілетін нәтижелер
— Кірісті көбейтудіц және салык салу базасын кеңейтудің есебінен бюджетпіін субвеніщясыздыгына шыгу
— Облыстың өндіріс әлсуетін диверсикацияіау уиіін негіз қалау
— Ауыл шаруашылыгын сауықтыру және оны әрі қарай дамыту және онын базасында бәсекелестікке кабілетті қайта өңдеу өндірістерді қуру
— Облыс өндірісі мен халкын эісумыспен каліту көлеліінде, орта эісәне шагын кәсіпкерліктің үлесін арттыру
— Ксізіргі замангы техпо.погияларды, басқару дагдыларып және маркетингтік қызмет көрсетуді енгізе отырып тікілей инвестициялардың агымына эісагдай эісасау
— Облыстың қурылымдық экопомикалык, реформаларын аяқтау және жергілікті өнімдердің экспортқа шыгуын кәбейту
— Транзиттік әлеуетін эісузеге асыру жәие облыстың көлік жуйесінің біртутастыгын қамтамасыз ету
— Облыстың энергетикалык, (газ, электр) және су ресурстары бойынша сыртқы тәуелдігін төмендету
-Жергі.іікті ерекшелікпіерін ескере отырып, об.іыстың аудандары мен қалаларын дамыту
Қоғамның даму үрдістерін болжау деңгейі неғұрлым жоғары болса экономиканы басқару ісі де соғұрлым тиімді болады.
Болжам дегеніміз белгілі бір объектінің болашақтағы жай-күйі, даму жолдары туралы ғылыми-дәлелді пікір. Болжамдарды зерттеп дайындау процессі болжау деп аталады. Болжау — қоғам өмірінің
барлық саласында даму теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады.
Ол негізінде екі мағынадан тұрады. Біріншісі, болжап айту, яғни мәселенің болашактағы перспективасын, жәй-күнін суреттеп, бейнелеп беру. Екіншісі, болжап көрсету, ескерту, яғни мәселенің болашағы туралы барлық ақпаратты тиімді пайдалана отырып, оны шешу жолдарын көрсету, анықтау.
Қазіргі кезде, ғалымдардың бағасы бойынша экономикалык болжам жасаудың 150-ге жуық әдісі бар. Іс жүзінде соның 15-20 шақтысы ең негізгі әдістер ретінде қолданылады.
Сыртқы белгісіне сәйкес, болжау әдістерін екі топқа бөлуге болады: интуициялық әдістер (эксперттік баға әдістері) және математикалык әдістер.
Интуициялык әдістер, (эксперттік баға әдістері) екі топқа белінеді: дербес эксперттік бага беру және коллективтік эксперттік бага беру әдістері. Бірінші топқа: интервью (сұхбат) жүргізу; логикалык анализ жасау; сценарий құру әдістері жатады. Екінші топқа: комиссия кұру; коллективтік идеяны жинақтау («дөңгелек стол») және «Дельфи» әдісі кіреді.
Математикалық әдістер де екі топқа бөлінеді: экстрополяциялық әдістер және модельдер кұру әдістері. Бірінші топка ең кіші квадраттар; экспоненциялдық түзеу; тұраксыз орташа көрсеткіштер әдістері енеді. Екінші топқа кұрылымдық модельдер, матрицалық модельдер әдістері жатады.
Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды тану және саналы түрде қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелік, кешенділік, жоспар жасау тәртібі, реті мен логикасының бірлігі және жоспарлау қағидалары мен әдістері жатады.
Жоспар жасау логикасы — барлық деңгейде жалпымемлекеттік жоспарларды әзірлеумен байланысты нақтылы әрекеттердің тәртіпке бағындырылған реті. Оның негізгі идеясы барлық жоспар жасау процесінің басталатын және соған бағынатын негізгі пунктін анықтау. Жоспар жасау логикасының негізгі элементтеріне төмендегілер жатады
1. жоспарлау кезеңіндегі экономика дамуының максаттарының жүйесін калыптастыру (логиканың негізгі пункті);
2. базистік кезеңдегі экономика дамуын талдау және оның деңгейлерінің параметрлерін анықтау;
3. жоспарлы кезеңдегі қоғамның қажеттіліктерінің көлемі мен кұрылымын аныктау;
4. қоғамның қорлары мен кажеттіліктерін үйлестіру және жоспарлы кезеңдегі экономика дамуы жоспарының жобасын әзірлеу;
5. жоспар жобасын талқылау және бекіту.
Жоспар жасау логикасы жоспарлау кағидалары деп аталатын белгілі бір заңдылықтарға сүйенеді. Олардың негізгілерінің қатарына төмендегілерді жаткызуға болады:
1. Басқарудың ғылыми нақтылы және тиімді болу қағидасы. Яғни, жоспарлауда экономика дамуының объективті заңдарының талаптары, отандық және шет елдік тәжірибе мен ғылымының жетістіктері назардан тыс қалмауы тиіс. Жоспардың ғылымң нақтылануы жиналған тәжірибені, нақты қалыптасқан жағдаиларды елемеумен және жоспарлаудағы жагымпаздыкпен (басшы адамның кез келген идеясын дұрыс деп табумен) сиыспайды.
2. Жоспарлаудың үздіксіз болуы. Ұзақ мерзімдік жоспарлар бірнеше орта мерзімдік, ал орта мерзімдік жоспарлар, қысқа мерзімдік жоспарлардан кұрылуы тиіс.
3. Жалпы мемлекеттік және жеке мүдделерді үйлестіру қағидасы. Жоспарды ойдағыдай орындау көбінесе жалпыхалықтық мүдделердің, ұжымдар мен жеке адамдардың мүдделерімен қаншалықты тиімді үйлескеніне байланысты. Аталған мүдделерді назарға ілмеу, экономиканы басқарудың тиімділігін төмендетеді.
4. Жетекші салаларды белгілеу аркылы экономикада тиімді үйлесімділікті (сандық катынастарды) қалыптастыру қағидасы. Жетекші салаларды, басынқыларды белгілеу — бар қорларды дамудың сол кезеңі үшін аса маңызды салалар мен аумақтарды дамытуға, ірі әлеуметтік-экономикалык мәселелерді шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.
5. Жалпымемлекеттік жоспарлардың бірлігі мен кешенділігін қамтамасыз ету қағидасы. Жоспарлардың бірлігін қамтамасыз ету екі жақтан тұрады. Біріншісі — жоспардың методологиясының, көрсеткіштер жүйесі мен реттегіштерінін бірлігі, екіншіден-материалдык бірлігі. Жоспарлардың кешенді болуы кез келген
деңгейдің жоспарлары экономиканың барлық жақтарын, байланыстарын бір-бірінен ажыратпай қамту керек екенін білдіреді.
Жоспардың жасалу ерекшеліктеріне, қамтитын ауқымына байланысты жоспар жасау үшін бірнеше әдіс қолданылады. Олар: экономикалык анализ (талдау), нормативтік, баланстык, экономикалык-математикалық, бағдарламалық-мақсатгықт.б. әдістер.
Жоспар жасау ісі, біріншіден, экономика дамуының өткен мерзімдегі көрсеткіштерін талдауды, зерттеуді талап етеді. Бұл жұмысты орындау үшін экономикалық талдау әдісі қолданылады. Оның негізгі мақсаты экономикалык даму деңгейін, пайдалынылмаған ресурстарды тауып, оларды қолдану жолдарын, салааралық қатынастардың тиімділігін, өткен мерзімдегі жоспардын орындалуы, не орындалмау себептерін, жоспарлау ісінде жіберілген кемшіліктерді анықтау болып табылады. Ол үшін экономикалық анализ және синтез, топтастыру, теңеу, индекстер мен корреляциялық коэффициенттерді есептеу, статистикалық әдістері қолданылады.
Экономика дамуы жоспарының барлық көрстеткіштерін нақтылау үшін, әсіресе, пайдаланатын материалдар мен шикізат ресурстарының кажетті көлемін анықтау үшін жоспарлау органдары мен ғылыми-зерттеу институттары жасайтын прогрессивті жоспарлау нормалары мен нормативтерді пайдаланады.
Баланстық әдіс, жоспар көрсеткіштерін тығыз байланыстыру үшін колданылатын негізгі әдіс. Бұл әдіс экономикадағы барлык пропорцияларды құру кұралы болып саналады. Жоспарлау ісінде баланстардың калыптасқан жүйесі колданылады. Баланстар негізінде үш топқа бөлінеді. Олар: материалдык, еңбек ресурстары, кұндык баланстар. Бұлардан басқа салааралық және халық шаруашылығы баланстары қолданылады.
Еңбек баланстарының көмегімен экономика салаларында еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолдары, халық шаруашылығын жұмысшы. және .маман кадрларымен камтамасыз ету көрсеткіштері анықталады.
Құндық баланстар арқылы қоғамдық жиынтык өнім мен ұлттық табысты бөлудегі дұрыс экономикалык пропорциялар кұрылады. Мемлекеттің, кәсіпорындардың, халыктың қаржылық ресурстарын дұрыс пайдалану жолдары анықталады.
Жоспардың экономнкалық тнімділік тұрғысынан оптималді вариантын аныктау үшін экономикалык-математикалық әдіс қолданылады. Осы әдіске сүйене отырып, экономикалық құбылыстардың математнкалық модельдері кұрылады. Мысалы, болжамдық халық шаруашылығы балансының моделі, салааралык өнім өндіру және тұтыну балансының моделі.
Сызықтық программалау әдістерін пайдалану арқылы өндірісті жоспарлау ісінің көптеген күрделі мәселелері шешіледі.
Жоспарлаудың бағдарламалык-мақсаттык әдісі экономикадағы кұбылыстарға, ірі мәселелерді шешуге жүйелік, кешенді көзкарас керектігіне негізделген. Себебі, кез келген саланың дамуы басқа да салалардың — шикізат беретін, отын-энергия, қосалқы бөлшектер шығаратын және сол саланың өнімдерін пайдаланатын, сол салага әр түрлі қызмет көрсететін салалардың дам.у көрсеткіштерімен тығыз байланыста болады. Сондықтан, алға койған мақсатқа жету жолдарын көрсететін жоспар жасалған кезде осы байланыстардың бәрі ескерілуі керек.
Бағдарламалық-мақсаттық әдіс мемлекеттік, салааралық және аймақтық бағдарламалар жасағанда қолданылады. Бағдарламаларда алға койған мақсат анықталады және сол мақсатқа жету жолдары мен құралдары көрсетіледі.
Бағдарламалық-максаттық әдіс: біріншіден, экономика дамуындағы күрделі мәселелер ішінен ең негізі, ең көкейкесті ғылыми-техникалык, экономикалық, әлеуметтік мәселені айқындауға мүмкіндік береді; екіншіден — сол мәселені шешу үшін керекті материалдық, еңбек және каржы ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын көрсетеді; үшіншіден, кешенді мәселелерді шешу мақсаты мен мерзімін экономика мүмкіндіктері мен ресурстарын үйлестіреді, соның арқасында жоспардың баланстық үйлестіру деңгейін көтереді; төртіншіден — кешенді бағдарлама көрсеткіштерін салалық және аумактық жоспарлардың көрсеткіштерімен байланыстырады.
Индикативтік жоспар Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің «Министірліктер мен ведомстволарға арналған жылдық стратегиялық жоспарларды дайындау жөнінде әдістемелік ұсыныстарына», Қазакстан 2030 ұзақ мерзімді стратегиясына, Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялык даму жоспарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының аймақтық ерекшеліктерін ескере отырып жасалынады.
Әлеуметтік-экономикалык дамуының индикативтік жоспары жыл сайын республика, облыс, сондай-ақ аудандар мен калалардың орта мерзімге дейін арналып әзірленеді және әміршілдік емес, ұсыныс сипатына ие, яғни нарык субъектілеріне бағыт беруші болып табылады. Индикативтік жоспар экономиканың барлық салалары (қаржы, өнеркәсіп, көлік, ауыл шаруашылық, экспорт, импорт және т. б.) бойынша аймақтың алдагы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалык дамуының мақсаты мен міндеттерін және негізгі багыттарын қамтнді.
Индикативтік жоспарлау қазіргі таңда тұрған мәселелерді кешенді шешуге және этап бойынша стратегиялық мақсаттарға жетуге бағыттылған мемлекеттің орта және ағымды мерзімге әлеуметтік-экономикалық саясатын айқындайды.
Жоспарлау барысында, ен алдымен мақсат айқындалады немесе жобаланған кезеңде неге жетуіміз керек. Сосын стратегия айқындалады, қойылған мақсатка жетуге есептелген істің тәуір болып бітіуінің тәсілдерін таңдалады. Қолда бар ресурс, басымдылықтарға және мүмкіндіктерге карай, әр экономика саласының стратегиясы жасалынады.
Мұнда облыстың әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары өндірістік және әлеуметгік инфрақұрылымның, шағын және орта бизнестік, кедейшілікпен және жұмыссыздыққа қарсы күрестің басымды бағыттары карастырылады.
Әлеуметтік нормалар ұғымы, қызметтері, түрлері
Әлеуметтік нормалар ұғымы, қызметтері, түрлері туралы қазақша реферат
Кез келген коғам, өзінің болашақтағы даму перспективасың анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалык болжамдар қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін — ұзақ, орта, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет. Экономикалық болжам дегеніміз экономикалык прогностиканың барлык әдіс-тәсілдерін, кұралдарын қолдануға және экономикалық кұбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық жоспарлау процессі. Толығырақ »
Құқық бұзушылыққа алдын ала жол бермеу
Құқық бұзушылыққа алдын ала жол бермеу туралы қазақша реферат
Құқық бұзушылықтың мүлдем жою мүмкін емес. Жоғарыда қарастырылған теориялардың барлығы, құқық бұзушылық табиғи процесс екенің түсіндірген. Барлық юриспруденция саласы толығымен адаммен байланысты, ал адам бұл күрделі биологиялық, психология – эмоциялық, физиологиялық жиынтықтардан тұратын тірі жан. Сондықтан да, адамды тәрбиелеу, зерттеу керек. Адамнан дұрыс тұлға құру үшін, оған әсер ететін, оны бағындыратын күш керек. Толығырақ »
Құқық бұзушылықтың себептері, факторлар
Құқық бұзушылықтың себептері, факторлар туралы қазақша реферат
Қылмысты зерттеуге арналған ғылымның бір саласы криминология 19 ғасырдың екінші жартысында пайда болған. Алғашқыда оны қылмыстық этимология, қылмыстық социология деп, атап жүрген.
Назарға алған жөн, кейбір криминалистік концепциялар, құқық бұзушылыққа көзқарасттар, ғылымның пайда болғанға дейін айтылған және осы салаға байланысты зерттеулер жүргізілген. Осы саладағы алғашқы теориялық құрылымды Аристотель мен Платонда таба аламыз. Құқық бұзушылық мәселесін шешуге 18 ғасырдың көп ойшылдары зерттеуге күш салған, бұлар Беккариа, Бентам, Вольтер, Гельвеций, Гольбах, Дидро, Локк, Монтескье және т.б. Олар құқық бұзушылықтың пайда болғаның социальдық тұрақсыздықтан, қоғамның тәртіпсіздіктен көріп, репрессияларды тоқтатуға, профилактикалық жұмыс жасауға шақырған. Толығырақ »
Қылмыс және теріс қылық
Қылмыс және теріс қылық туралы қазақша реферат
Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді. 1) Қылмыс. 2) Теріс қылық.
Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет — әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктік және басқа да құқықтары. Қылмыстың заңды сипаты – оларға қылмыстық заңмен тыйм салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылады. Қылмысты заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандық белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болмаса, қылмыс болып саналмайды. Толығырақ »
Құқық бұзушылық түсінігі, тарихы
Құқық бұзушылық түсінігі, тарихы туралы қазақша реферат
Жер бетінде адамзаттың пайда болуымен, планетада күрделі процесстер жүре бастады. Алғашқы да, адам баласы жабайы өмір сүріп, минимальді қажеттілігін қоршаған ортада бар заттармен қанағат болды. Неолит кезіндегі «революция», қола мен темірдін ашуы, адам баласын прогресс жолына салды. Еңбектің нәтижесінде, алғашқы тайпалар, материалдық – техникалық базасын жақсартты, сонымен бірге адам арасындағы қарым – қатынастар күрделене бастады. Алғашқыда, тобырда немесе ру ішіндегі тартыстарды ақсақалдар кеңесі шешті. Тайпалық одақтардың пайда болуымен, үлкейе бастаған қоғамды, көсемдер реттеп тұрған. Адам баласы, дүниеге келгелі шақтан, қоғаммен, басқа адаммен тығыз қарым – қатынаста болады. Адам жалғыз өмір сүру мүмкін емес. Сонымен де, қоғам ішінде қарым – қатынастың алуан түрлі процесттер жүреді. Соның ішінде құқық бұзушылық.
Құқық бұзышылықты түсіну үшін, екі жақтан қарауға болады, бұл: 1.Социальдық 2.Құқықтық жақтан.
Социальдық көзқарасынан құқық бұзушылыққа қарасақ – ол субьективті және обьективті әрекеттерге байланысты. Қоғамға обьективтік әсерге социальдық, экономикалық , психологиялық процесстер жатады.[1] Бұларға мысал ретінде, Қазақстанды 1991-98 жылдарындағы кезенді еске алған жөн. Осы кезде халықтың өте төмен деңгейде өмір сүруі, инфляцияның жоғарлығы, жұмыссыздық, мемлекеттің үлкен кризистік жағдайда болуы, бұның барлығы, құқық бұзушылықтың жоғары деңгейіне әкеліп соқты. Сонымен бірге, Кеңес Одағы құлдырап, ТМД елдері нарықтық қатынасқа бет бұрай бастады. Сол кездерде әлеуметтік теңсіздік пайда болып, адамдар қайта класстарға бөліне бастайды. Және де, адамдардың өмірге деген көзқарасы өзгере бастайды. «Советтік мектептен» өткендер, жаңа заманның, «батыстық – нарықтық» принциптерін дұрыс түсіне алмай «психологиялық шокқа» түседі. Мемлекеттің шекарасы шетел елдеріне ашылуы, көптеген апат әкеле бастады, яғни осы кездерде есіртке, қару – жарақ, шетелдің басқа да тауарлары әкеле басталды. Моральдық және мәдени жағынан, Қазақстан қоғамы өте үлкен зардапқа ұшырады. Осы кездерде бандитизм, рэкит, тонау, есіртке сату, проституция, кең қанат жайды. Аталған құқық бұзушылықтың түрлері ең ауырлардың бірлері. Ол жалпы бір қоғамға емес, бүкіл мемлекетке қауып төндіреді. Олармен күресу үшін, тек бір ғана тұлғаны жазаға тартумен шектелмеуі тиіс, проблема мемлекеттік дәрежеде шешілуі тиіс.
Субьективтік жақтан қарасақ, мұнда жеке тұлғаның мінез-құлқысы, менталитеті, алған тәрбиесі, қоршап тұрған қоғамның әсері тиеді. [2]
Құқықтық жақтан қарасақ, құқық бұзбауға алдын ала шарттар істеу керек деп, яғни алдын ала қандай да бір әрекетке немесе әрекетсіздікке тыйм салатын заңды бекіту.
Тарихқа назар аударсақ, бұрынғы ерте өркениетте Вавилон, Шумер, Египет елдерінде қоғамдағы тәртіпті дін қызметшілері сақтаған. Оның себебі, адамның өмір көзқарасы толығымен Жаратушымен бірге болды. Яғни, ертедегі қандай да дін болмасын, ол қоғамдағы адамдардың арасындағы қарым – қатынасты реттеуші рөлін атқарды. Мұндай принцип орта ғасырларға дейн сақталып тұрды. Оның себебі, ислам мен христиан діні, адам баласына кең қолдау тауып, оның нормалары, ережелері, кейбір қоғам үшін заң ретінде болды, Мысалы, Ислам дінінде Шариғаттың заңдары қазіргі кезінде де, араб елдеріне басты заң болып табылады. Бірақ та, көбінесе, қоғамды реттейтін заңдарға, бұрынғы этикет нормалары, әр халықтың дәстүріне, менталитетіне сай, заң қабылданады, элементарлық нормалар да, заңдастырылуы мүмкін.
Біздің заманымызға дейн 20-16 ғасырда Хаммурапи заңдары шықты. Бұл кезеңде алғашқы қарапайым қоғам күрделене басталғаның, ішіндегі қатынастарды жаңа жолмен шешу керек екендігін түсінік пайда болады. Алғашқы және қазіргі қолданып жатқан заңдарға назар аударсақ, олардың басты принциптері бірдей екенің көруге болады. Яғни, қоғам ішіндегі тәртіпсіздіктерді тоқтату, халыққа жат істерге жол бермеу. Бірақ уақыт өткеннен сайын, заңдар адам ойлап тапқан барлық жасаныс сияқты табиғат заңына бағынатын болғандықтан, олар да ескіре бастайды. Мысалға, 4000 мың жыл бұрын қолданылған Хаммурапи заңдары, 21 ғасырға сай келмеуі мүмкін. Себебі, жоғарыда айтылғандай, адамзат үнемі прогресс жолында тұр. Қарым – қатынастар күрделене бастайды, прецеденттер пайда болады. Бұның барлығын реттеу үшін, заңдар үнемі жаңару керек. Заңдар қоғамды реттеумен бірге, оның ең басты атқаратын рөлі, алдын – ала құқық бұзушылыққа жол бермеу. Ұлы грек ойшылы Солон, Афин азаматтарының көптеген қиындықтарды шешу үшін, бұрын қолданған заңдарға реформа жүргізді. Оның пайдасы, қалалықтарға айқын көрінді. Афиндықтар енді Солонға үлкен құрметтпен қарап, оған толығымен сене бастады. Ойшыл, афиндықтардан заңды 10 жыл өзгертпеуге ант алды. Реформатор түсінген, заңдар қалай да керемет болғанымен, уақыт өткен сайын оларды қайттан жаңарту керек. Сондықтан да, ол тек қана 10 жыл уақытқа ант алған. Солон заңдардың кереметтігі неде болған? Біріншіден, заңдар қарапайым халықтың жағдайын жақсартты, екіншіден қарыздар жойылды, экономикалық жағдай жақсарды, сот жүйесі жаңарды. Бірақ, сол заманға Солон заңдары қандай да керемет болғанымен, құл иелінушілік жойылған жоқ, жер мәселесіне онша көп назар аударылған жоқ.
Дамып келе жатқан адамзат, этнос-халық болып бірігіп, мемлекет, басқару жүйесін, мемлекеттік апараттарды ойлап тапты. Алғашқы, тұрақсыз, кейде формальді шекаралар пайда болды. Мемлекет ішіндегі құқық бұзушылықты тоқтату, оған жол бермеу үшін жазалау, сот апараттары құрыла бастады. Құқық бұзушылық – бұл енді тек бір кішкентай қоғам емес, тұтас мемлекет шешетін мәселеге айналды.
Құқық бұзушылық пайда болу уақытын нақты айту қиын. Бірақ теология көзқарасына сүйінсек, алғашқы бұзықты жасаған Құран, Інжіл кітаптарында жақсы суреттелген Адам мен Хауа. Құдайды қанша алдағанмен бұзық
3
жасаған үшін олар жазаға тартылды. Бұдан мынандай мораль туады, қандай да келісімді, шартты, құқықты бұзған үшін, міндетті түрде жазаға тартылуы тиіс.
Құқық бұзушылықты, қоғамды реттеу жұмысында, әртүрлі діндер үлкен рөл атқарған. Мысалға, орта ғасырларда Рим катольдік шіркеу пайда болуымен, батыс Еуропаның барлық саяси жағдайы Рим папаның қолында болды. Сол кезде қатаң жазалаушы орган ретінде инквизиция құрылды. Рим папасы құрастырған заңдарға кімде-кім бағынбаса, оны «кәпір», яғни «еретик» айыппен сотқа тартып, шіркеуден шығарған. Көбінесе құқық бұзушылықтың қандай түрі болмасын (ауыр немесе жеңіл) құқықты бұзған адамды өлім жазасына кескен. Бірақ та, қандай да жаман қылық болмасын, оған кешірім де болған. Бұл – Католик шіркеуі сатқан, индульгенция болды. Индульгенция – (латын тілі «кешіру», «шыдау») жаман әрекет жасаған адамға уақытша кешірім ретінде, берілген құжат болған. Бұл, шіркеу үшін, қаражат жинау көзі болған. Өте бай азаматтар, құқық бұзушылық үшін жауапқа сирек тартылған, көбінесе инквизиция сойылы қарапайым халықтың басына түскен. Алғашқы рет, Рим папасының индульгенция сату құқығына қарсылық көрсеткен неміс ойшылы Мартин Лютер болатын. Оның көзқарасы бойынша, жаман іс үшін кешірім сұрау және кешірім беру құқығы тек Құдайдың қолында. Оның көзқарасы Германия (лютерианство) және солтүстік Еуропа (кальвинизм) елдерінде кең қолдау тапты. Рим шіркеуіне қарсылық ретінде реформа жүргізіле басталды. Радикал – реформаторлар Рим шіркеуінен бас тартуды ұсынған. Көп уақытқа созылған күрес нәтижесінде, қоғамды жаңадан реттейтін реформалар жүргізіле бастады.
Қиыр – шығыс Азия елдерінде 7-8 ғасырда араб түбегінде Ислам діні пайда болды. Пайғамбар Мұхаммед(с.ғ.с.), араб халқының көзқарастарына, мәдениетіне, қоғамдық өмірге, үлкен өзгерістер енгізді. Мұсылман елдерінің заңдары, шариғатқа қарсы болмау керек. Шариғат дегеніміз Құран сүрелері мен Сүннеттен тұратын, құқықтық – нормативті құжат. Шариғатты басты заң құжат ретінде Араб мемлекеттері 20 ғасырға дейін қолданылған. Оның себебі, мұсылман елдері «жабық есік» саясатын ұстанып, басқа дін немесе басқа саяси типология елдердегі юриспруденция жағынан жаңалықтарды қолданысқа алмаған.
Жоғарыда зерттелген ақпарат, бұл «құқық бұзушылық» мәселесін тарих жағынан қарастырылған, сонымен бірге бұл мәселеге юриспруденция жағынан талдау біздің міндеттіміз. Құқық бұзушылық құқықтану анықтауында, оның тарихи және логигалық бастауында социологиялық түсінік тұр. Құқық бұзушылық – заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйм салынған әрекеттерді жасау. [4] Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет – бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.