Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты

Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары

Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары туралы қазақша реферат

     АК-тің З1-бабына сәйкес, егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны өлді деп жариялауы мүмкін. Азаматты өлді деп жариялауға оның хабар-ошарсыз кетуі, ұзақ уақыт бойы өзінің өлі-тірі екендігінен хабар бермеуі, тірі болса ендігі бір жерден шығатындығы назарға алынады. Адамды өлді деп жариялауға берілетін уақыт хабар-ошарсыз кеткенге қарағанда неғұрлым ұзақ болады. Толығырақ »

Азаматты хабар- ошарсыз кетті деп тану

Азаматты хабар- ошарсыз кетті деп тану туралы қазақша реферат

    Азаматтық кодекстің 28-бабына сәйкес, егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тануы мүмкін. Жылдық мерзім азаматтың хабар-ошарсыз кеткені жөнінде хабар түскен күннен басталады. Ондай азамат туралы соңғы деректер алынған күнді анықтау мүмкін болмаған жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейінгі айдың бірінші күні, ал бұл айды анықтау мүмкін болмаған жағдайда келесі жылғы 1-қаңтар хабар-ошарсыз кетудің бірінші күні деп есептеледі. Толығырақ »

Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері

Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері туралы қазақша реферат

Азаматтың құқығы мен міндеттерін алу мен жүзеге асыру тиісінше дербестікке ие болуы керек. Әрбір жеке азамат өзінің атымен аталады. АК-тің 15-бабы 1-тармағына сәйкес азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын да қоса алады. Азаматқа туған кезде ат қояды. Ал ата-анасы болмаған жағдайда оны тәрбиелеп отырған адам жүзеге асырады. Әдетте балаға ата-анасының фамилиясы беріледі. Егер әртүрлі фамилияда болса, онда ата-аналары қайсысын беруді өздерІ келісіп шешеді.

Некесіз туған балаға ѕкесі жоқтығынан сот арқылы қажет болмаған жағдайда анасынығ фамилиясыт беріледі. Толығырақ »

Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері

Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері туралы қазақша реферат

   Жоғарыда айтылғандай, әрекет жасау қабілеттілігі жоқ адамдардың да құқықтарға және міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар өздерінің құқықтарьн қалайша жүзеге асырады, азаматтық айналымға қалайша қатысады? — деген сұрақ туады.

Бұл мәселе қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау жолымен шешіледі. Толығырақ »

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтардың құқық қабілеттілігі

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы қазақша реферат

Шетел азаматтары дегеніміз — ол ҚР-ның азаматтығында жоқ және басқа мемлекеттің азаматтығында болатын тұлғалар.

Ал тұрғылықты жер заңы бұл жеке тұлғалардың тұрғылықты мекен жайы орналасқан мемлекеттің заңын қолдануды айтамыз, жеке тұлғаның азаматтық заңын қолдануға себеп болған 1804 жылғы Француз Азаматтық кодексі онда шетелде жүрген ,Француз азаматтарының әрекет қабілеттілігі мен азаматтың жағдайы ұлттық заңмен анықталады делінген. Толығырақ »

Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттігі

Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттігі туралы қазақша реферат

Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсілІне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешкандай кемсітуге болмайды. Толығырақ »

ҚР азаматтық құқығындағы жеке тұлға ұғымы

 ҚР азаматтық құқығындағы жеке тұлға ұғымы туралы қазақша реферат

 Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері — ең алдымен адамдар (жеке тұлға). Әрбір адам — құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл — ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдар және т.б. да құқық пен міндеттердің иелері болып табылады.

Жоғарыда айтылған екі категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар мен ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды жеке тұлғалар және занды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз — Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Заңды тұлға деп — мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды және т.с.с. атайды. Толығырақ »

Аса ауыр қылмыс үшін тағайындалатын жазаның жеңілдігі

Аса ауыр қылмыс үшін тағайындалатын жазаның жеңілдігі туралы қазақша реферат

Қазіргі таңда өлім жазасын орындауға мораторий енгізілген елдерде жасалатын ауыр және аса ауыр қылмыстар саны қатты көбейіп кетті. Бұл қылмыстар өздерінің мазмұны мен сипаты жағынан әр түрлі, және әрқайсысы жан түршігерліктей асқан қаталдықпен жасалған болып келеді. Осы қылмыстардың кең етек жайып кетуінің басты себептері:

  1. мораторийдің енгізілуі;
  2. қолданылатын жазаның жеңіл болуы. Толығырақ »

Жаза тағайындаудың түрлері

Жаза тағайындаудың түрлері туралы қазақша реферат

Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау. Егер адам ҚК-тің әртүрлі баптарында немесе бір бабының әртүрлі бөліктерінде көзделген екі немесе одан көп қылмыстарды жасағаны үшін айыпты деп танылып, олардың ешқайсысы бойынша сотталмаған болса, сот әр қылмыс үшін негізгі, ал керек жағдайда қосымша жаза тағайындап, олардың жиынтығы бойынша түпкілікті жазаны жеңілірек қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру жолымен немесе тағайындалған жазаларды толық немесе ішінара қосу жолымен белгілейді (ҚК-тің 58-бабының 1 бөлігі). Толығырақ »

Жаза ұғымы және оның түрлері

Жаза ұғымы және оның түрлері туралы қазақша реферат

Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан ҚК-пен көзделген айыру немесе оларды шектеу б.т.

Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.(ҚР ҚК 38-бап). Толығырақ »