Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты

Қазақстан Республикасындағы құқық функциялары мәселелерін шешу жолдары

Құқық функцияларының мәселелерін кейінгі заманғы отандық мемлекет пен құқық теориясы үшін жаңа деп айтуға болмайды, өйткені, олардың белгілі бір жобалары көтеріліске дейінгі және кеңестік кезеңдерде пайда болды. Сонымен қатар бұл мәселеге қатысты барлық сұрақтарды жеткілікті терең зерттелген деп айтуға болмайды. Олардың қатарында құқық функцияларын түсіну мен сыныптастырудың сұрақтарын атап кеткен абзал. Толығырақ »

Қазақстандағы құқық функцияларының жүйесі

Үрдістер мен құыбылстарды зерттеуде жүйелік тәсілді қолдану қазіргі заманғы ғылымның, жаңа ғылыми ойлаудың қазіргі заманғы стилінің айрықша ерекшеліктерінің бірін тудырады.

Бірыңғай тұтас жүйе ретіндегі құқық функциясының талдауы жеке функцияларды зерттеген кезде білімді жай ғана топтастырып, тәртіпке келтірмейді. Мұндай талдау білімнің өсіп-өнуін береді, әр функцияның мазмұнын тереңірек, толығырақ түсінуге мүмкіндік береді. Толығырақ »

Құқықтың негізгі қызметтеріне қысқаша сипаттама

         Құқық функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін құқықтық ықпадың негізгі бағыттары.

Құқық функцияларының түрлері: сыртқы (экономикалық, саяси, тәрбиелік) және ішкі (реттеуші және қорғаушы). Толығырақ »

Құқық функциясының ұғымы

Құқық функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін құқықтық ықпадың негізгі бағыттары.

Құқық функцияларының түрлері: сыртқы (экономикалық, саяси, тәрбиелік) және ішкі (реттеуші және қорғаушы).

Құқықтың қайнар көздері – бұл мемлекеттен туындайтын немесе құқық нормаларын көрсететін және бекітетін, оларға заңды және жалпыға міндетті күш беретін мемлекет қабылдаған ресми құжаттық нысандар. Толығырақ »

Құқық нысанының мазмұны

Құқық нысаны деген заңды ұғымды бірнеше ғасырлар бойы әлемдегі барлық мемлекеттер қолданып келеді. Құқықтың мазмұнының негізгі мәні мемлекеттік билікті іске асыру үшін, оны уақытында, сапалы орындау үшін қоғамның әр саласында сан қырлы нормативтік актілер қабылданып жатады. Бұл нормалар мемлекеттік билікке қоса, қоғамның мүдде-мақсатын, саясатын іске асырып отырады. Құқықтың нысандарының алдында осы күрделі үш мәселенің тұрғанын барлық халық, барлық қоғам біледі. Сондықтан құқықтық нормаларды адамдардың, заңды тұлғалардың басым көпшілігі ерікті түрде орындайды. Толығырақ »

Құқықтың қайнар көздері

Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) — жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы. Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық, мысалы жүйелілігі. Құқық — бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі — табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік-құқықтық талаптармен анықталады. Толығырақ »

Құқықтың белгілері

Нормативтік сипаты — құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида — тұлғалардың мінез-құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері қажет. Сондықтан құқықтың нормалары — тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 19-бап). Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды. Толығырақ »

Қазақстан Республикасының Аралық Соты

Қазақстан Республикасының Аралық Соты аралық талқылаудың барысында азаматтық–құқықтық қарым–қатынастардан туындаған келіспеушіліктерді қарастыруда тәжірибесі зор болып келетін «Independent Arbitration Centre» мекемесімен құрылған. Қазақстан Республикасының «IAC» Аралық Сотының құрылу негіздерінің бірі, кәсіпкерлікпен айналушы тұлғаларға келіспеушіліктерді талқылауда сот ісінің жүргізілуінде тәуелсіздікті, әділдікті, объктивтікті, экономдықты қамтамасыз ететін, мемлекеттік сот ісінің қарамағынан тыс түрлерін таңдауға мүмкіндік беру болып табылады. Толығырақ »

Аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындату жөнінде заңдардың кейбір нормаларын соттардың қолдануы

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі — АІЖК), Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы «Аралық соттар туралы» Заңының (бұдан әрі — Заң), Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормалары аралық соттардың шешімдерін мәжбүрлеп орындатуға құқықтық негіз болып табылады.  Толығырақ »

Аралық сот шешiмiнiң нысаны мен мазмұны

Аралық соттың шешiмi жазбаша нысанда баяндалады және оған аралық соттың құрамына кiретiн судьялар, соның iшiнде айрықша пiкiрi бар аралық судья қол қояды.

Аралық соттың шешiмiнде:

1) шешiм қабылданған күн;

2) ҚР-ң Аралық соттар туралы заңының  21-бабына сәйкес айқындалған аралық сотта iс қарау орны; Толығырақ »