‘Маркетинг, Менеджмент, Лизинг’ бөлімінің мұрағаты
Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру
Жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыру туралы қазақша реферат
Жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқару органдары тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын болады.
Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. Сонымен бірге тиісті аумақтық мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпымемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етіп отырады. Олардың құзыретіне : аумақты дамыту жоспарлары, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды; жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету, коммуналдық меншікті басқару, жергілікті органдардың жұмысын ұйымдастыру т.б жатады. Толығырақ »
Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті туралы қазақша реферат
Жергілікті атқарушы органдардың өздеріне мемлекет жүктеген міндеттерді жүзеге асыруы үшін кең көлемде құзырет бірелген.
Құзыреттің негіздер республиканың Негізгі заңның 87 –бабында баянды етілген, ал «жергілікті өкілді және атқарушы органдар» туралы Заң мен басқа да нормативтік-құқықтық актілерде неғұрлым егжей-тегжейлі баяндалады. Толығырақ »
Рынок
Рынок туралы қазақша реферат
Рынокта адамдар тауарды сатып алмайды. Олардың нақты қажеттілікті қанағаттандыратын тауардың қызмет қабілеттерін сатып алады. Демек тауардың қабілетін білгеннен кейін ғана адам оны сатып алады. Былайша айтқанда, араның өзін емес, айталық, оның ағаш кесетін қабілетін сатып алады. Сонымен маркетинг мақсаты мынаған келіп тіреледі адамдарға қажет тауарды белгілі орынға, керек уақытта, қолайлы бағамен, оңтайлы өткізу арнасымен, бағытталған белсенді жарнамамен жеткізуі тиіс. Рынокта әртүрлі көптеген тауар түрлері орын алады. Тауар рыногындағы зерттеу жұмысын жеңілдету үшін және маркетинг стратегиясын құрып, тұтынушылардың сатып алу жағдайын қалыптастыру үшін тауарлар топтастырылып қарастырылады. Толығырақ »
Жаңа тауарды жоспарлау
Жаңа тауарды жоспарлау туралы қазақша реферат
Жаңа тауар дегеніміз қолда бар тауарларға қарағанда жаңа тұтыну қасиеттерімен ерекшеленіп рыноққа ұсынылған жаңа өнім.
Жаңа тауардың маңыздылығын мына факторлар бейнелейді:
* пайданы өсіруге көмектеседі;
* қалыптасқан тауар және ассортимент топтарына қарағанда ерекше қасиеттері бар;
* өндіріс қалдықтарын пайдалануға мүмкіндік жасауы мүмкін;
* фирманың инновациялық қабілетін сақтауға және оны көтеруге ықпалы бар; Толығырақ »
Жаңа тауарларды әзірлеу стратегиясы
Жаңа тауарларды әзірлеу стратегиясы туралы қазақша реферат
Технологияның, тұтынудағы талғамның және бәсекелестіктің жылдам ауысуына байланысты кез келген фирма бұрынғы тауарларына сеніп отыра бермейді. Тұтынушы жаңа жетілдірілген бұйымдарды күтеді. Ал бәсекелестер осындай жаңа тауарлармен нарықты жаулап алуға бар күшін салады десек те болады. Демек, әрбір фирманың жаңа тауарларды әзірлеу бағдарламасчы болуы қажет.
Компания жаңа тауарларды екі түрлі жолмен ала алады. Біріншіден, оны басқа тараптан сатып алу арқылы, яғни жаңа тауар өндіруші бір фирманы, патентті немесе лицензияны сатып алады. Екіншіден, өз күшіне орай зерттеулер мен әзірлеу бөлімін ашып жаңа тауарларды өндіреді. Толығырақ »
Тауар ассортименті
Тауар ассортименті туралы қазақша реферат
Тауар ассортименты жоспарлау, құру және басқару маңыздылығы тауар өндірушілер өздерінің өндіріс мүмкіндіктеріне қарай белгілі тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін керек кезде нақты тауарлар жиынтығын ұсынуға бағытталған. Өндіруші кәсіпорын рынокқа ұсынған белгілі тауардың түрлі жиынтығын ассортимент деп атайды.
Тауар ассортименті кәсіпорын өндіретін белгілі тауардың барлық түрлері жиынтығы. Оған әртүрлі тауар түрлері кіреді. Tayap түрі (автокөлік, трактор, станок, т.б.) функционалды айырмашылықтарына, сапасына, бағасына қарай ассортименттік топтарға бөлінеді. Әр топ топтастырудың төмен сатысын көрсететін (тауар түрлілігі немесе таңбалары) ассортименттік позициядан тұрады. Мысалы, кәсіпорын тоңазытқыш және кір жуғыш машинасын өндіреді делік. Тоңазытқыштың бір, екі және үш камералық т.б. үлгілері болады. Олар әр түрлі таңбаға ие болуы мүмкін және көлемімен, ерекше техникалық көрсеткіштерімен сипатталады. Толығырақ »
Тауардың өміршеңдік кезеңі
Тауардың өміршеңдік кезеңі туралы қазақша реферат
Экономика ғылымында көлемдердің кезең түріндегі толқуын және өнім өмірінің кезеңдерін экономикалық циклі, немесе тауардың өмір циклі деп аталады. Тауардың өміршеңдік кезеңі дегеніміз тауардың рыноктағы өмір сүру мерзімі, өмір сатылары болады. Өнімнің өтіміне, пайданың көлеміне, тұтынушылардың мінез-құлқына, бәсекелестіктеріне, маркетинг стратегиясына тауардың өмір циклі аса күшті ықпал жасайды. Тауардың өміршеңдік кезеңінің фазалары: Толығырақ »
Тауарды топтастыру
Тауарды топтастыру туралы қазақша реферат
Рынокта әртүрлі көптеген тауар түрлері орын алады. Тауар рыногындағы зерттеу жұмысын жеңілдету үшін және маркетинг стратегиясын құрып, тұтынушылардың сатып алу жағдайын қалыптастыру үшін тауарлар топтастырылып қарастырылады.
Дәстүрлі тауарларға тоқталайық:
1. Тұтыну тауарлары түпкі тұтынушылардың жеке пайдалануына арналған тауарлар. Тұтыну уақытына сәйкес олар мынадай топтарға бөлінеді:
а) Ұзақ және жиі қолданылатын тауарлар (мысалы, киім, автокөлік, телевизор, т.б.);
б) Қысқа мерзім пайдаланылатын тауарлар бір мәрте немесе бірнеше рет тұтынатын тауарлар (салфетка, нан, тіс шаю пастасы, т.б.) Толығырақ »
Маркетинг әрекеттеріндегі тауардың орны
Маркетинг әрекеттеріндегі тауардың орны туралы қазақша реферат
Тауар дегеніміз рынок жүйесіндегі негізгі әрекет етуші «тұлға» десек те болады. Өйткені ол өндірушінің экономикалық пәрменділігінің шынайы көрсеткіші болады. Рыноктағы коммерциялық табыстың көлемі тап қазіргі жағдайда сапасы жоғары және тұтынушыға да, өндірушіге де, тиімді тауарға байланысты болып отыр. Бұнымен бірге белгілі уакытқа дейін тауар зат ретінде тұтынушыға ешқандай құндылық еместігі есепке алынуы тиіс. Дәлірек айтсақ, рынокта адамдар тауарды сатып алмайды. Олардың нақты қажеттілікті қанағаттандыратын тауардың қызмет қабілеттерін сатып алады. Демек тауардың қабілетін білгеннен кейін ғана адам оны сатып алады. Былайша айтқанда, араның өзін емес, айталық, оның ағаш кесетін қабілетін сатып алады. Сонымен маркетинг мақсаты мынаған келіп тіреледі адамдарға қажет тауарды белгілі орынға, керек уақытта, қолайлы бағамен, оңтайлы өткізу арнасымен, бағытталған белсенді жарнамамен жеткізуі тиіс. Толығырақ »
Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл
Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл туралы қазақша реферат
Әрбір субъект міндетті түрде салық комитетінде тіркелуі тиістігін бәріміз білеміз. Мұндай субъектілер республикада қанша? Салық органдарында тіркелетін салық төлеушілер санына ел экономикасының өсуі қаншалықты әсер етті? Осы және басқа да салық салу мен салық есептілігіне байланысты мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салықты әкімшіліктендіру басқармасының бастығы Арғын ҚЫПШАҚОВТЫҢ айтып беруін өтінген едік.
– Салық төлеушілер саны жылма жыл өсіп келеді. Бұл, әрине, мемлекетіміз экономикасы өсуінің арқасы. Мысалы, 2003 жылдың 1 қаңтарына салық органдарында 582 937 салық төлеуші салық салу мен салық есептілігіне тіркелген болса, 2005 жылдың 1 қазанында олардың саны 865 311-ге жетті. Өсу 48 пайызды құрады. Толығырақ »