‘Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника’ бөлімінің мұрағаты
Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі
Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі туралы қазақша реферат
Стандартты әзірлеу алдында дайындық жұмыстарымен қатар мемлекеттік стандарттың өкілетті мекемесіне өтінім келтіреді. Қажетті жағдайда стандартты ынталы түрде әзірлеуге болады. Алайда жұмысты қабаттастырмас үшін стандартты әзірлеу туралы мәлімет мемстандартқа жіберілуі тиіс.
Өтінішті ҚР аумағында орналасқан мемлекеттік басқару ұйымдары, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер, басқа да заңды және жеке тұлғалар бере алады. Толығырақ »
Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы қазақша реферат
ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі бекіткен заңмен стандарттаудың мақсатына жету үшін мына негізгі мәселелері шешілуі тиіс:
тұтынушылар мен мемлекетке қажетті қажеттілікті ескере отырып және олрдың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып өнім, үрдіс, қызмет көрсету сапасына қойылатын тиімді талаптарды бекіту;
өнімнің сыйымдылық (конструкторлық, электрлік, электромагниттік, үйлестіру бойынша техникалық үрдістерге, метрологиялық нормалар мен ережелерге талаптарды бекіту; Толығырақ »
Стандарттарды жасау және енгізу
Стандарттарды жасау және енгізу туралы қазақша реферат
Стандарттау – бұл тұтынушылардың орынды бағаға алынған затының сапа құқығын міндетті түрде қамтамасыз ететін, не ұсынылған норма, ереже, мінездеменің орындалуы үшін, сонымен қатар еңбектің жағдай жасалуы және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарды талдауға бағыттаған қызмет.
Стандарттау мақсаты — дұрыс және экономикалық нұсқаны іздеу, яғни дұрыс шешім табу. Табылған шешім белгілі бір стандарттау саласында орынды тізбектеуге жетуге мүмкіндік береді. Стандарттау мақсатын қамтамасыз етуіне сәйкес жалпы және одан да кіші бөлімдерге бөлуге болады. Толығырақ »
Топырақтың қасиеттері
Топырақтың қасиеттері туралы қазақша реферат
Топырақтың физикалық қасиеттері. Топырақ табиғи дене болғандықтан, ол белгілі физикалық қасиеттермен ерекшеленеді. Топырақтың физикалық қасиеттеріне оның тығыздылығы, көлемдік массасы және қуыстылығы жатады.
Топырақтың тығыздылығы деп оның қатты фазасы массасының 4 С-тағы судың сондай көлемдегі массасына қатынасын айтады.
Негізінен топырақтың тығыздылығы оның қатты фазасы құрамындағы минералдық және органикалық бөлшектер мөлшерінің арақатынасына тікелей байланысты. Егер топырақта қарашірік көп болса, онда қатты фазаның тығыздылығы төмен болады. Құмды топырақтың қатты фазасының тығыздылығы -2,70 г/см, қара топырақтікі-2,37 г/см, ауыр сазды топырақтікі-2,67 г/см болады. Толығырақ »
Топырақ
Топырақ туралы қазақша реферат
Топырақ үш фазадан тұрады: қатты, сұйық немесе топырақ ерітіндісі және газ немесе топырақ ауасы. Олар бір-бірімен тығыз байланыста және әрекетте болады.
Топырақ ауасы атмосфера ауасымен салыстырғанда құрамында шамадан тыс көмірқышқыл газының көп және оттегінің аз болуымен ерекшеленеді. Атмосфера ауасында көмірқышқыл газы (СО2) 0,03% болса, ал топырақ ауасында оның мөлшері 0,3-1,0%, кейде 2%-3% немесе одан да көп болады. Толығырақ »
Сүзбе өніміндегі ақаулар
Сүзбе өніміндегі ақаулар туралы қазақша реферат
Майлы ,жартылай майлы жәнемайсыз сұзбе жоғары және 1-ші сортқа бөлінеді.Қалған сүзбе түрлері сортқа бөлінбейді.Сүзбе жұмсақ болу керек ,біртексіз консистенция,ал майсыз сүзбе үшін сәл сарысуы бөлінген шашыраңқы консистенциялы болу рұқсат етіледі.Емдәмдік сүзбе нәзік,сәл жағылғыш консистенциялы,бөтен дәм мен иіссіз,ал 1-ші сортты сүзбе үшін сәл жем татымы,ыдыс татымы және әлсіз ашқылтым болуы рұқсат етіледі.Сүзбе түсі ақ крем реңді немесе сәл сарғыш реңді болу керек.Физико-химиялық көрсеткіштерден стандартпен майлылығы,ылғал мөлшері,қышқылдылығы нормаланады.
Сүзбені буып-түю және сақтау.Саудаға сүзбе өлщенетін және өлшеніп оралған түрде түседі.Майлы,жартылай майлы және майсыз сүзбе 250 г-нан пергаментке,қағазға оралады,емдәмдік сүзбе-100,200,250 г-нан полимерлі стакандарға,пакеттерге салынады.
Өлшеп сатылатын сүзбені 50 кг дейін ағаш бөшкелерге,35 кг дейін металл флягтарға,10 кг-нан алюминий бидондарға салынады.Дүкендерде сүзбені 8°С дейін температурада 36 сағатқа дейін сақталады.
Ұзағырақ сақтау үшін сүзбені-25°С-та қатырады да,-18°С-та оралған сүзбені 4 айға дейін,өлшемді сүзбені 6 айға дейін сақтайды.
Сүзбе өндірісінің жалпы технологиясы
Сүзбе өндірісінің жалпы технологиясы туралы қазақша реферат
Сүзбе-белокты сүт қышқылды өнім.Құрамында толық құнды белоктардан басқа минералды заттар бар.Оның құрамына белок 14-17% ,май 3-18%,минералды заттар 1-1.5% кіреді.Сүзбе қарт адамдарға,сонымен қатар өкпе және сүйек туберкулезінде,асқазан,бүйрек ауруларына пайдалы.
Сүзбе өндірісінде пастерленген және пастерленбеген сүт қолданылады. Толығырақ »
Сүтті жылумен өңдеу
Сүтті жылумен өңдеу туралы қазақша реферат. Сүт шикізатын жылулық өңдеуді залалсыздандыру мақсатында жүргізеді. Ол микроорганизмдер өміршеңдігін тежеп қана қоймай, сонымен қатар максималды түрде сүттің бастапқы қасиеттерін сақтауға тырысу керек. Кез – келген жылулық әсер сүттің бастапқы құрамы мен физико – химиялық қасиеттерін өзгертеді. Физико- химиялық өзгерістер дәрежесі жылулық өңдеу температурасы мен ұзақтығына тәуелді. Толығырақ »
Сүтті механикалық өңдеу
Сүтті механикалық өңдеу туралы қазақша реферат. Сүтті – тарту және нормалау. Сүтті – тарту – оны әртүрлі тығыздықты екі фракцияға жоғары майлылықты (кілегей) және төмен майлылықты (майсызданған сүт) бөлу.
Сүтті сепараторда майсыздандыру келесі түрде жүреді: ішкі сүт арнайы қабылдау қондырғысына түсіп, одан сепаратор барабанына беріледі. Онда сүт тарелка арасында жұқа қабатпен таралады. Сүт тарелка аралық кеңістікке түскен кезде май түйіршіктері сүттің ең жеңіл құрамдас бөлігі ретінде айналу өсіне қарай ығысады. Майсызданған сүт – сүттің ауыр бөлігі ретінде ортадан тепкіш күш әсерінен периферияға қарай орын ауыстыруға тырысады. Шикі сүттің жаңа порциялары ағынның қысымы әсерінен майсызданған сүт пен кілегей жоғарыға ығысады. Толығырақ »
Сүтті алғашқы өңдеу
Сүтті алғашқы өңдеу туралы қазақша реферат
Алғашқы өңдеу мақсаты – тасымалдау және сақтау кезінде сүт тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Алғашқы өңдеу келесі процесстерден тұрады: тазалау, суыту және өңдеуге дейін немесе өткізуге дейін сақтау. Толығырақ »