Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Педагогика, дефектология’ бөлімінің мұрағаты

Ауыл – елдің алтын бесігі

Елімізде жарияланған ауыл жылына байланысты «Ауыл – елдің алтын бесігі» атты сабақ өткізуді жөн көрдім. Мұндағы мақсатым – ауыл жасөспірімдерінің өнегелілдік қасиеттерін қалыптастыруға, отансүйгіштікке,еліне, жеріне деген махаббаттарын ояту, әдемілікке баулу болды.

 Сабақтың көрнекілігі: ауылдың көркі бейнеленген плакат, «Ауылым» әнәнің сөзі жазылған плакат, үнтаспа «Сарыарқа» күйі, аспап- фортепиано, жер, су туралы мақал-мәтел. Толығырақ »

«Әкем мен шешемнен үлгі-өнеге алып өсемін»

        Төлеби ауданы, Қайнар ауылында Қайнар орта мектебінде 9 сынып оқушыларымен өткзілген тәрбие сағаты.

Онда алға қойған мақсатым: жекелеген ата-аналарды қатыстыра отырып, олардың өнегесі мен ықпалы арқылы оқушыларды әке-шешелерін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу, екіншіден, ата-ана, ұстаз,оқушы арасындағы ынтымақты нығайту, үшіншіден, халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері арқылы оқушылардың бойында асыл адамгершілік, өнегелі қасиеттерді қалыптастыру болды.  Ал көрнекілігіне отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздерді пайдаландым. Толығырақ »

Отбасы – ұлттық тәрбиелілік құралдарды сақтаушы

«Отан отбасыдан басталады» деген мақалға сүйене отырып,  келесіге тоқталсақ.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моралдік нормаларды игереді. Сондықтан үйелмендік өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Толығырақ »

Шешендік өнердің ауыл жасөспірімдерінің өнегелі қасиеттерін қалыптастырудағы маңызы

       Қазақ – ежелден шешен халық. Халықтың өзіндік тыныс-тіршілігі бар. Мысалы ел ішіндегі түрлі мәмілегерлік мәселелер, оларды шешіп, реттеп отырудың қарапайым халықтық тәсілдері айрықша. Дәстүрлі шешендік өнердің дами түсуіне әсер еткен жәйттердің бірі осы болса керек. Біз өзге халықтардың салт-дәстүрлерінде кездесе бермейтін қазақ халқының өзіне ғана тән айрықша құбылыс деп бағалауға тиіспіз.

Толығырақ »

Жанұя

Жанұя – қоғамның ең маңызды тобы, бірлестігі. Жас баланы жанұяда тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәлім-тәрбиелердің, төлтума халық педагогикасының маңызы зор. Оның өзекті арқауына ұлттық сана-сезім, қадір-қасиет, ар-ождан, ұлтжандылық, отансүйгіштік, ізгілік, ізеттілік, парасаттылық, тектілік, қайырымдылық және т.б. жататыны, олардың өмірдегі мән-маңызы сараланады. Жанұяда жас баланы ерлікке, жігерлікке, батырлық пен батылдыққа, сөз бен істің бірлігі сияқты қасиеттерге тәрбиелеудің орны ерекше. Толығырақ »

Этикалық тәрбие істері

Адамгершілік тәрбиесі – бұл тәрбиеленушілердің қоғамдық мораль тарапына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат-бағытына жүйелі түрде ықпал ету.

Адамгершілік тәрбиесінің негізгі міндеттері:

1)    ізгілік сана қалыптастыру;

2)    инабаттылық сезімдерге тәрбиелеу;

3)     адамгершілік әдет-қылықтың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Толығырақ »

Абай шығармаларының ұрпақ тәрбиесіндегі орны

     Жас ұрпақты адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сана-сезімнің қайнар бұлағы – мақал-мәтелдер, құнды әдеби мұралар, нақыл сөздер болып табылады.

   Академик Г. Н. Волков  «… батыстан келген бұл рухани апаттан жастарды аман алып қалудың жолын қарастыруымыз керек. Ол әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбисінде қалыптасқан, түрлі сыннан сүрінбей өткен халықтың бай тәжірибесіне сүйенген халықтық педагогика  болмақ» — деп жазады. Толығырақ »

Өнегелілік — адамгершілік құндылықтар негізінде

Қазір қоғам да, қоғамдық көзқарастар да күннен күнге өзгеру үстінде.  Әрі бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып, ақпарат тарту еркіндігіне кең жол ашылуы жасөспірімдердің сана-сезімі мен рухына кері әсер етуде. Қазақ бола тұра қазақ тілін ұмытып, ата-бабамыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарынан ажырап қалған, шетелдік компьютер ойындары мен қатыгездікке құрылған фильмдердің еркінде кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз?  Бүгінгі таңда бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек барша қауымды  толғандыруда. Толығырақ »

Жасөспірімдердің өнегелілік қасиеттерін тәрбие арқылы дамыту

Гуманистік педагогиканың негізінде алынатын бастауы гуманистік идеялардың бірі, адам табиғи жаратылысына ерікті, ол Жаратқаннан басқаға тәуелсіз, тек дүниедегі мақсатын    саналы іске асыру үшін жаратқанға ұмтылу арқылы ғана өзін баққытты сезіне алады. Адамның Адам болуына, оны өзге тіршілік иелерінен ерекшелендіретін дарыған құдіретті күш бар,

Өнегелілік — тәрбие мне оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар. Толығырақ »

Адамгершілік арқауы — ұлттық тәрбиеде

«Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім керек» деп ұлы Шоқан Уалиханов айтқанындай, егеменді елдің ертеңгі ұрпағының оқу-білім тереңдігі немен өлшенеді деген ой мені толғандырады. Сондықтан Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және жүріп жатқан күрделі жаңарту үлгісі жайында бүгінгі таңдағы түбегейлі мәселе – адамды іс  жүзінде қоғамдық дамудың басты тұлғасы ету заңды құбылыс деп есептеймін. Адамның өмір сүруі мен еңбек етуіне лайықты жағдай туғызу әлеуметтік әділеттілікті, азаматтық бостандықты және жан-жақты дамуды, рухани және интеллектуалдық әлеуетінің жетілу мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, сонымен қатар адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін жетілдіру    міндеттерін көздейді. Толығырақ »