Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Қошқарбай батыр

Тарихи фактілерге жүгінер болсақ, Абылай ханның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі 1723 жылғы әйгілі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған үлкен соғыстан кейін, еуропалық есеп бойынша 1750 жылдар шамасында басталады. Сөйтіп қазақ даласы жоңғарлардан тазартылады. Бұл азаттық соғыста Қанжығалы қарт Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай секілді қолбасшылар айтарлықтай рөл атқарды. Ал, жоңғарларды әскери қорған ретінде салынған Омбы түбінен қуып, Обь өзенінен асыруда Қошқарбай батырдың сіңірген еңбегін ерекше атап өтуге тұрарлық. Толығырақ »

Шотана батыр

Орманшы ақсары Шотана батыр туралы Мәшһүр Жүсіп: «Қызылтауда (Баянауылдан оңт.-шығысқа қарай 60 км. Ә.Қ.) Шотана тасы деген тас бар. Шотана батырдың үйі сол тастың түбінде отырғанда қорадан екі өгізін түнде ұры ұрлап кетіпті. Алакеуімнен түрегеліп, өгізді ұры алып кеткенін біліп, Шотана батыр тастың басына шығып айғай салыпты:

— Тастап кет менің өгізімді, атым Шотана, жердің тесігіне тығылсан да қоймаймын, — дегенде алған ұрылар Түндіктін өзенінен асып барады екен», — деп жазады. Толығырақ »

Сары батыр

Сары батыр — қазақ сардары, он екі атасына дейін атынан түспей, сауытын шешпей ел қорғаған адам. Уақ нәсілінің немересі Қарақасқа атты Қамбар болса, оның немересі Ер Көкше, шөбересі – Ер Қосай. Бұл үшеуінің аңызға бергісіз ерліктерін халқы жырға қосқан. Белгілі жыраулар қисса-дастандар арнаған. Соңғы екеуі «Манас» жырында да аталады. Олардан бергі Бетеге, Қылды, Өтеміс батырлар туралы ел аузында әңгімелер көп. Сары мен Баян осылардың ұрпағы. Толығырақ »

Баян батыр

Арнайы bigox.kz сайты үшін жазылған. Баян батыр «Ақтабан шұбырындының» зарын көзімен көріп өскен, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай тәрізді қаһармандардың ерлік өнегесімен тәрбиеленген батырлардың екінші толқынында жатады. Біздің қолымызда батырдың нақты туған жылы туралы дерек жоқ. Батырдың ұрпақтарының айтуына қарағанда шамамен 1710 жылы мен 1715 аралығында туса керек. Осы жорамалды басшылыққа ала отырып біраз тереңдесек, соңғысы шындыққа бір табан жақын болар деген ой түйеміз. Толығырақ »

Байғозы батыр (1705-1803)

Қазақ халқының елдігі мен еркіндігін қорғау жолында жоңғар шапқыншылығына қарсы ерең ерліктер жасап, иісі қазаққа даңқы жайылған батырлардың бірі. Байғозы батырдың туып өскен жері Арқаның Ортау, Қызылтау деп аталатын сілемді тауларының арасы. Топырақ бұйырған жері Қарағанды облысының Жаңаарқа және Шет аудандарының жапсарындағы Жаман Сарысу өзенінің бойы. Батырдың бейіті тұрған жер «Батыр басы» деп аталады. Толығырақ »

Сырымбет батыр

Бәсентиін ішінен ХVІІІ ғасырда қан майдан, жаугершілікте көзге түскен азаматтардың бірі Сырымбет батыр. Бәсентиін, одан Ақмайдан, одан Көкшекөз, одан Бәйімбет. Осы Бәйімбеттің Жолымбетінен Маңдай, одан Сәмек екені шежіреден анық. Сәмектің ішінен шыққан ерлердің арасынан көзге түсетіні Сырымбет батыр. Толығырақ »

Жидебай батыр (М.Ж. Көпеев қолжазбаларының ішінде Жидебай батыр жөніндегі екінші нұсқасы)

Болатқожаның бел баласы: Ақша, Төйте. Мұның Ақшасынан- Бошан, Айтілді. Төйтеден- Майқы, Танас (Танаш). Майқыдан- Әлтеке-Сарым. Әлтекенің бәйбішесінен- Өтеген. Өтегеннен: Байдәулет, Байымбет, Жанығұл, Қойгел. Жанығұлды «Жамаңке»- десе, жұрт біледі. Әлтекенің тоқалынан: Есболай, Дос, Әлмұрат. Толығырақ »

Жидебай батыр

Қазақ елінің азаттығы үшін күрескен жандардың бірі — Әлтеке Жидебай Қожназарұлы.

Ол туралы жазба дерек қолжазба қорында, баспасөз материалдарында ғана кездеседі. Мәшһүр-Жүсіптің Жидебай туралы жазғаны баспа бетінде жарық көрген. М.Ж. Көпеев жазбаларында қаһарманның ата-тегі таратылады, өмір сүрген жылдары, ортасы, ел қорғаудағы қызмет баяндалады. Толығырақ »

Қожағұлұлы Қабанбай батыр

Қожағұлұлы Қабанбай – жоңғар басқыншыларына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі, қазақтың біріккен қолының Бас қолбасшысы, жекпе-жекте жеңіліп көрмеген халық қаһарманы. Шыққан тегі Орта жүздің Найман тайпасының Қаракерей руынан, ел азаттығы жолында күрескен киелі батыр әулетінен. Оның атасы Мәмбет те, әкесі Қожағұл да, Қожағұлдың ағасы Күшік те өз заманының аты шыққан батырлары болған. Толығырақ »

Шақшақ Жәнібек батыр (1693-1752)

Қазақ елі тарихында жан-жақты қырымен танылған тарихи тұлға- Жәнібек Қошқарұлы.

Батыр, қолбасшы, рубасы (старшын), би, шешен, қоғам қайраткері, тархан, елші, мәмлегер Шақшақ Жәнібек туралы мәліметтерді қолжазба қорынан, Ресейлік архив құжаттарынан, кездестіреміз. Қаһарман өмірі Ш.Ш. Уалиханов, М. Тынышпаев, Р.Б. Сүлейменов, В.А. Моиссев, А.И. Левшин зерттеулерінде сөз болады. Жәнібек хақында арнайы зертеу еңбектері де бар. Толығырақ »