‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты
Этнос және этос
Этникалық және ұлттық өздік сананың рухани-психологиялық және саналық өзегі мен негізі – этос. Мұның грекшеден сөзбе-сөз тәржімелегендегі мағынасы – әдет-ғұрып, мінез-құлық. Антикалық пәлсапада этос жалпы алғанда әлдеқандай адамның немесе құбылыстың ішкі сипатын бейнелейтін ұғым ретінде қолданылған. Ал, экзистенциялық пәлсапа оны адамның рухани мәнін, сол мәнділіктің негізін құрайтын функционалдық мазмұндағы ерекшеліктерді білдіретін термин ретінде қарастырады. Толығырақ »
Этностың өздік санасы
Этникалық өздік сананы (этникалық жағынан өзін-өзі тануды) этникалық факторды анықтаушы ретінде қарастырған авторлардың бірі – П.И.Кушнер. Ол этникалық жағынан текті анықтауда психологиялық факторлар кейбір жағдайларда шешуші маңызға ие бола алады деп жазды[1]. Толығырақ »
Этностық психологиялық тарихнамасы
Этникалық психология түрлі ғылымның өкілдері және философтар тарапынан зерттелген. Бірақ бұл мәселелер жекеленген тұстары, әсіресе кейбір этникалық топтар мен үлкенді-кішілі ұлттарға тән болған ерекшеліктері жетерлік деңгейде зерттелмегендіктен, бұл сала әлі де болса ғалымдардың назарын өзіне аудармақта. Толығырақ »
Этностың негізі мен айрықша белгісі — мәдениет
Әрқандай этникалық қауымның ерекшеліктерінің қалыпта-суында материалдық өндіріс әдісі маңызды рөл ойнайды. Олай болса, халық, ұлт, этникалық топтар өздеріне қажетті болған материалдық игіліктерді өндіру мен еңбек процесі барысында тарихи қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерін одан әрі дамыта алады, кей-кейде жаңа белгілерді де иеленуі мүмкін. Айрықша этникалық белгі-нышандардың қалыптасуында табиғи-кли-маттық, географиялық факторлардың әсерін теріске шығаруға болмайды. Толығырақ »
Этнос
Бізді қоршаған тіршіліктегі құбылыстар мен оқиғалардың өзгеруіөздігінен себеп-салдарсыз болмайды. Ол белгілі бір объективтік заңдылықтар негізінде жүзеге асып жатады. Сол сияқты адамзат та дами келе объективті түрде көптеген әлеуметтік қауымдарға бөлініп кетеді. Солардың бірі этнос болып табылады. Ол әлбетте, таптар мен әлеуметтік топтардан бөлек бір қатар айрықша ерекшеліктермен сипатталады. Толығырақ »
Этникалық қауымдастықтың тарихи типтері
Әрине, этнос – бұл түр емес, тіпті популяция да емес. Ол мәдениеттік сипаттас ұғым, сонымен бірге өте аз көлем мен дәрежеде биологиялық ұғым да болып табылады. Сондықтан да біз осынау кітабымызды «Этнос: табиғи және тарихи сипаты» деп атадық. Этнос үшін ең бастысы – экзогамияның төмен дәрежеде болуы да емес, генетикалық изоляция да емес, ең маңыздысы және тарихи сипаты» деп атадық. Этнос үшін ең бастысы – экзогамияның төмен дәрежеде болуы да емес, генетикалық изоляция да емес, ең маңыздысы – мәдениет, тіл тазалығының және тәртіптің ішкі этникалық нормалары. Толығырақ »
Биоэволюция мен этноэволюцияның арақатынасы
1992 жылдың мамыр айындағы «Атамекен» үнқағазында Жапония генетиктерінің ұзақ жылғы ғылыми-лабораториялық анализдері бүкіл адамзат ұрпағының бір атадан тарағандығын анықтағандығы жайлы хабар берілді.
Бүгінгі адам атаулының түбі бір ата-анадан – Адам ата мен Хауа анадан тарағандығы туралы сөз «Құран Кәрім» және т.б. діни кітаптарда айтылған. Толығырақ »
Қола дәуіріндегі шаруашылық-мәдени және этникалық тұтастық
Қола дәуірінде өлкемізде климат өзгере бастаған еді[1]. Мұның өзі экономиканың қайта құрылуына бәрінен бұрын себепші болды. Қола дәуірінде ұзаққа созылған салқын-ылғал кезеңнің орнына климаттың жылылық пен қуаңшылыққа қарай бірте-бірте өзгеруінің мың жылдан асатын дәуірі басталды. Қуаңшылық дәуірінде өзендердің суы тартылды, жайылымдағы алаңқайлар бірте-бірте құрғады, көлдердің су деңгейі төмендеді, түптеп келгенде солтүстік жартышардағы құрлықтардың жалпы ылғалдығы азайды[2]. Толығырақ »
Мезолит, неолит және энеолит
Мезолитте (б.э.б. Х-VІI мыңжылдықтар) мұз кезеңі аяқталып, ұлан-ғайыр территорияларда қазіргі ландшафт пен климат қалыптасты. Ауа райының күрт жылынуына байланысты мұздар шұғыл еріп, мұның өзі топан тасқыны сынды алапатқа әкеліп соқтырған болуы керек. Топан тасқынын куәландыратын деректер мен болжамдар жетіп артылады. Топан тасқынының нәтижесінде адамдар зардап шегіп, біразы қырылып кетті. Толығырақ »
Тас дәуірі
Географиялық климаттық фактордың этникалық топтардың алғашқы қалыптасу кезеңінде олардың шаруашылық-мәдени ерекшіліктері мен жалпы әлеуетін анықтайтыны туралы көп жазылды. Мұның «тарихи Түркістан» жері мен еліне де қатысы бар екендігі талас тудырмаса керек.
Біздің заманымыздан 1 млн.-дай жыл бұрын Түркістан өл-кесінің климаты мүлде басқаша еді. Таулар аласа болған-дықтан оңтүстіктен, Үнді мұхиты жағынан ылғалды жылы ауа кедергісіз еніп тұрған. Жиі жауған жылы жаңбырдан алуан түрлі өсімдіктер қаулап өсті. Толығырақ »