‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты
1917 жылғы саяси өзгерістер тұсындағы қазақ-қырғыз байланыстары
1916 жылғы көтерілістің ауыр зардаптарынан қазақтар мен қырғыздар құтыла алмай жатқан шақта Түркістан аймағында «Жетісу қырғыны» деп аталатын қасірет орын алды. Көтеріліс кезінде босқыншылыққа ұшыраған Жетісу қазақтары мен қырғыздары 1917 жылдың көктемінде елге орала бастағанда оларды жерін иемденіп алған қоныс аударушы орыс шаруалары мен казактардың оқпен қарсы алуы жығылғанға тиген жұдырықтай болды.
1946 жылғы конституция және Француз Республикасының құрылуы
Францияның екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы адам шығыны, алдыңғы соғыспен салыстырғанда аз болды. Дегенмен бомбылау мен оккупациялық режимнің материалдық зардаптары көп тиді. Франция бұрынғы құдіреттілігі мен ықпалынан айырылды. Ол тек өз одақтастарының көмегімен ғана қалыпқа келе алды. Тәуелсіздігі мен тұтастығын сақтағанымен, оның экономикасы құлдырады және АҚШ-тың долларлық саясатының ықпалына түсті. Француздық Үндіқытай бақылаудан шықты, Сирия мен Ливан тәуелсіздігін алды. Осындай жағдайда Франция мемлекеттің жаңа құрылымын анықтауы керек болды. Толығырақ »
ХҮІІІ ғ. Қазақ елінің сыртқы жағдайы. Шапқыншыларға қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылар
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ХҮІІІ ғ. Қазақ елінің сыртқы жағдайы. Шапқыншыларға қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылар.
Жоспар:
1. Кіші және Орта жүз билеуші топтарының ресей бодандығын қабылдауы және оның салдары.
2. Абылай ханның Қазақ хандығын нығайту жолындағы қызметі.
3. Кіші жүз қазақтарының патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы күресі.
Сенің атың кім?
Ғылыми жоба
Тақырыбы : Сенің атың кім?
Әлемде алфавит әріптерінен тұратын мыңдаған сөздер бар. Бірі адамға жағымды әсер етеді, бірі ренжітіп, күлдіртеді, енді бірі сыңғырлап тұрса, басқасы есті алып шаршатады. Бір ғана сөз әр адамға әрқашан жағымды естіліп, құлақты тартып, қалай айтса да көңілін аударып, бойын сергітеді. Ол – адамға азан шақырып қойған аты. Сонау адам баласы туғаннан бері, өмір сүріп жүргеннен бері еститіні, өзінің аты. Адам аты қалай айтылса да, қай тілде айтылса да, қандай көңіл күй болса да ешқашан өзінің мағынасын жоғалтпайды. Адам атының қасиеті осында. Толығырақ »
Көне түркі ескерткіштері
Көне түркі ескерткіштері ғылыми жұмыс
Ж о с п а р
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
І тарау
Көне түркі ескерткіштері
ІІ тарау
Көне түркі ескерткіштеріндегі сөздердің байланысу түрлері
Қорытынды Толығырақ »
XV — XVIII ғ.ғ. Қазақ хандығы
XVI ғасырдың басында нығайған Қазақ хандығының жағдайы аталған ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлсірей бастады. Қазақ хандығын нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қайтыс болғаннан соң оның мұрагерлері арасында өкімет билігі үшін ішкі талас пен қырқыстар туды. «Тарихи Рашидидің» авторы Мұхаммед Хайдар Дулати айтқандай: «Қазақ сұлтандары арасында дау-шар басталды». Қасым ханның баласы Мамаш әкесінің орнына хан болып, бірақ көп ұзамай өзара қырқыстың бірінде қаза тапты. Толығырақ »
Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері
Қазақ хандығы мемлекет ретінде көшпелі шаруашылықтың регресті дамуы немесе дағдырысқа ұшырай бастаған дәуірінде дүниеге келді. Ұлы жібек жолы тарихи сахнадан кетіп, сауда жолдары теңіздер мен мұхиттарға көшті. Батыста феодалдық қатынастар шегіне жетіп, жаңа нарыққа негізделген капиталистік қатынастар етек келе ала бастады.Көшпелі өмір тұрақты мемлекеттік аппарат ұстауға мүмкіндік бермеді. Себебі ханның өзі де халықпен бірге көшіп қонды. Толығырақ »
Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы
Қазақ хандығының әлеуметтік құрылымы: а) хан мен сұлтандардың әлеуметтік-құқықтық мәртебесі; б) діни адамдардың әлеуметтік-құқықтық мәртебесі; в) ру беделдерінің би батыр бай әлеуметтік-құқықтық мәртебесі; г) шаруа, төлеңгіт, құлдрдың құқықтық мәртебесі
Хан. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Қазақ хандары Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарады. Ханның қолында әскери және азаматтық билік шоғырланды. Хан әскердің бас қолбасшысы болып есептелді. Толығырақ »
Қазақстан территориясындағы хандықтар
Екінші кезең XVIII ғ-ң 20 ж.ж. 1864 жылға дейінгі қазақ хандықтарының және олардың жойылу кезеңі. Бірінші кезеңде қазақ хандығы мемлекет ретінде дүниеге келіп оның территориясы анықталды. Қазақ халқы қалыптасып, оның түрік дүниесі негізінде пайда болған өзіндік тілі, мәдениеті, өнері, ғылымы, әдебиеті, тұрмысы, шаруашылығы мен құқығы қалыптасты.</h4> Қазақ хандығы өзінің кемеліне келіп, әлемге танылды. Толығырақ »
Дәстүрлі қазақ көшпелі қоғамындағы өкімет билігі мен басқаруды ұйымдастыру ерекшелігі
XV ғасырдың ортасында қазақстан территориясында аса маңызды тарихи оқиға болды. Қазақ хандығы атты жаңа мемлекет пайда болды және осы мемлекеттің негізгі тұрғындары қазақ халқы этнос ретінде қалыптасты.Қазақ хандығы да қазақ халқы да шет жерден келіп қоныстанған жоқ. Қазақ хандығы бұған дейін осы өңірде өмір сүрген ежелгі ғұн, үйсін, қаңлы мемлекеттерінен бастап Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығына дейінгі мемлекеттердің заңды жалғасы ретінде дүниеге келді. Толығырақ »