‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты
КСРО-ның ыдырауының әлеуметтік-экономикалық себептері
КСРО-ның ыдырауының басты себептерінің бірі саяси себептер болғандығы даусыз, сонымен қатар оның әлеуметтік-экономикалық себептері де болды. Жәнеде олар бір бірімен тығыз байланысты, бірінен бірі туындайтын себептер еді. Н.Ә. Назарбаев өз еңбектерінде КСРО-ны ыдырауға, дәлірке айтсақ, күйреуге алып келген сол әлеуметтік және экономикалық себептер туралы да айтып, оларға да жан-жақты талдау жасады. Демек, Н. Назарбаев еңбкетері КСРО-ның күйреуінің әлеуметтік-экономикалық тарихының да дерек көздері болып табылады. Толығырақ »
КСРО-ның ыдырауының саяси себептері
КСРО сияқты жер шарының алтыдан бір бөлігін алып жатқан империяның күйреп, тарих сахнасынан кетуі — ХХ ғасыр соңындағы әлем халықтары тарихының басты оқиғасы болды. КСРО-ның күйреуі, тек сол мемлекетті мекендеген халықтар тағдырына ғана емес, жалпы әлемдік даму үрдісіне де елеулі ықпал етті. Әлем “социалистік” және “капиталистік” деп аталған жүйелер арасындағы бәсекелестік пен текетірестен құтылып, халықтар мен мемлекеттер қатынасының жаңа кезеңіне аяқ басты. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің пайда болып, қалыптасуы да сол империяның күйреуімен тікелей байланысты. Сондықтан КСРО-ның күйреу тарихы, оның себептері мен салдары біздер үшін де өзекті мәселелердің бірі болып табылыды. Келешекте бұл мәселенің, тарихымыздың түйінді проблемаласы ретінде, арнайы да кешенді зерттелері күмәнсіз. Толығырақ »
Н.Ә. Назарбаев еңбектерінің тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Деректану ғылымының талаптарына сай тарихи дерек көздерінің маңыздылығын анықтау,біріншіден, зерттеушіге маңызды дерек көздерімен жұмыс істеп, олардан ғылыми құндылығы жоғары мәліметтер алуға мұмкіндік берсе, екіншіден, дерек көздерінің немесе нақты деректің ерекшелігін анықтау зерттеушіге, сол дерек көзінің немесе нақты деректің ерекшелігінен шыға отырып, соған сай келетін тәсілдер қолдану арқылы талдау жүргізуге көмектеседі. Дегенмен, тарихи деректердің де, дерек көздерінің де маңызы мен ерекшелігі, ең алдымен, сол деректерді немесе дерек көздерін жасаушы субъекттермен тығыз байланысты. Егер, белгілі орыс деректанушысы А.С. Лаппо-Данилевскийдің сөзімен айтсақ: “ Тарихи дерек дегеніміз — адам психикасының іске асқан жемісі” Толығырақ »
Тарле мен Манфред еңбектеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар
Ұқсастықтары
Е.В.Тарле де А.З.Манфред те Наполеонның жастық шағын баяндаған кезде оның ерекше еңбекқор болғандығын жазады. “Еңбек пен қатал тәртіпке деген махаббатты Наполеон анасынан иемденді” деп жазады Тарпе Наполеонның түнеріңкі жүрі ашуланшақ, шыдамсыз болып өскенін баяндай келе, Тарле кейіпкерлерінің өз естеліктеріндегі сөзін келтіреді: “Маған ешнәрсе жақпады. Мен ұрып пен төбелеске жақын едім, мен ешкімнен қорықпайтынмын. Толығырақ »
А.В.Манфредтің “Наполеон Бонапарт” атты еңбегіне шолу
Альберт Захарович Манфредтің “Наполеон Бонапарт” атты монографиясы алғаш рет. 1971 жылы жарыққа шыққан еді. Солд кездегі кеңес және шетел ғылыми мерзімді баспасөз беттероінде, оқырмандардың арнайы конференцияларында бұл еңбек әбден талданып, бағаланған еді.
Талқылау барысында көптеген құнды және маңызды тұжырымдар айтылған еді. Толығырақ »
Е.В. Тарленің “Наполеон ” жєне “Нашествие Наполеона на Россию” еңбектеріндегі Наполеон туралы көзқарастары
Евгений Викторович Тарле алғаш рет Наполеон жайлы өзінің «Континентальная Блокада» атты монографиясында сөз қозғаған болатын. Наполеонның үстемдік құрған дәуіріндегі европалық мемлекеттердің экономикалық тарихына, осы елдердің “ескі Франциямен” жасаған экономикалық қарым-қатынастардың табиғатына аса қызығушылық білдірген Тарле француз, неміс, итальян, голланд архивтерінде көптеген құжаттармен танысады./а/
Осы құжаттарды талдаудың негізінде ол континенттік болкаданың Европа мен отар елдердегі рыноктарында ағылшын-француз антогонизмінің яғни қарама-қайшылықтың нәтижесінде пайда болған деген қорытынды жасайды. Толығырақ »
Еуразиялық Одақ XXI ғасырда
Өткен он жыл коммунистік кезеңнен кейінгі елдерді қамтыған «нарықгық романтизмнен» көпшілікті айықтырды, себептің де осында екендігін ағаруымызға болады. Қоғамдық сана енді, өзге жаққа қарай бет бұра бастады. Солай болса-дағы ырықтандырылған экономикаға, тіпті болмағанда, қазіргі уақытта, нақты балама жоқ деп санауымызға болады. Әлемдік еңбек бөлінісі обьективті түрде өмір сүруде. Өндіріс -шығын қай жерде аз болса, сол жерде дамиды. Осы заманғы өнеркәсіптік және басқа технологиялар адам өмірінің барлық саласына таралуда. Қандай да ғылыми әлеуетке ие екендігіне қарамастан бірде бір ел жалғыз өзі әлемдік техникалық прогреспен жарыса алмайды. Сондықтан біздің жағдайымызда экономикалық өзара кірігушілікке кедергі келтіру дегеніміз шығыны жоғары өндіріс пен тиімсіз басқаруды қызғыштай қорғау.болып шығады. Толығырақ »
Еуразиялық Одақ дүниежүзілік өркениеттің бір саласы ретінде
Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия Одағын (ЕАО) құру туралы өзінің жоспарын 1994 жылы ерте көктемде Ұлыбританияға барған ресми сапары шеңберінде оны халықаралық мәселелерді зерттейтін король институтына лекция оқуға шақырғанда алғаш рет жария еткен. Корольдік халықаралық қатынастар институтында сөйлеген сөзінде ол «Кеңес дәуірінен кейінгі кеңістіктің дамуы екі бағытпен айқындалды: бір жағынан, ұлттық мемлекеттің қалыптасуы жүріп жатыр, екінші жағынан, ТМД елдерінің интеграциялық бағыты байқалды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының өзін реформалау қажеттілігі пісіп жетті, мұның өзі аймақта тұрақтану белдеуі мен қауіпсіздік орнатуды қамтамасыз етер еді және саяси эволюцияны болжаудың дәрежесін жоғарылатуға мүмкіндік беретіні кәдік»/1/-деп мәлімдеген еді. Толығырақ »
Еуразия Одағы ішіндегі Орталық Азия рөлі
Кеңестік жүйеден шыққан тәуелсіз мемлекеттерге сенімді тәуелсіздік туралы, ендігі жерде бір-біріне қалай көмектесу керектігін ойлау қажет. Егер де экономикалық салада, адами қатынастарда интеграцияға жол ашылса, сонда ілгері жылжиды, ілгері дамиды. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы басты бағыты посткеңестік елдермен (ең алдымен Ресеймен және Орталық Азия елдерімен) интеграциялық байланыс құру болып табылады. Толығырақ »
Еуразия Одағы және еуразиялық интеграция мәселесі
Еуразия қос құрлығының жапсарына қанатын кере жайып, жүздеген ұлттың еркін дамуына төрт-бес ғасыр бойы тосқауыл болып келген алып империя XX ғасырдың соңғы он жылдығы басталар-басталмастан күйреп түсті. 70 жылдай үстемдік еткен Кеңес Одағының қабырғасы қаусап түскен кезде бұрын одақтас деп аталған елдер бас-басына жеке тәуелсіз мемлекетке айналып, тәуелсіздігін жариялады. Дегенмен де 70 жылдам астам бір одақ ішінде болған республикалар туыстық жақтан да, экономикалық жақтанда бір-бірімен бірігіп кеткен елдер бірден араларындағы қалыптасқан байланысты үзе қойған жоқ. Шекара ашық, қарым-қатынас тоқтамады. Тіршілік үшін бірлік керек екенін түсінген тәуелсіз мемлекеттер басшылары одақ болмағанымен Достастық қажет екенін түсінді. Осы түсіністік нәтижесінде дүниеге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы келді. Толығырақ »