Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘Тарих, қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы’ бөлімінің мұрағаты

Кеңес одағы ыдырағанға дейінгі шекарадағы ауыс-түйістер

1924-1925 жж. Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеу үлкен күрделі процесс  болды.  Бірақ осынау  межелеу шаралары  бас-аяғы бір жарым жыл ішінде  жүзеге  асырылып бітті. Сондықтан да  жоғарыда  айтып  өткеніміздей  шекараны  анықтауда жаңсақ тұстар  орын  алып жатты.

Аумақты межелеу процесі  өте қысқа  мерзімде, іс жүзінде  тақыр жерде  ұсақ масштабтағы  ескі, жаңсақтығы көп  карталар бойынша жүргізілген. Әлбетте құжаттың  сипаттамалық  және графикалық  бөлігінде  көптеген  қателіктер мен бұлдыр жайттар  орын алды. Бұған қоса  кейінірек сипаттамада  халықтың  этностық процестері  бойынша  тарихи  қалыптасқан тұрмысы мен шаруашылық  жүргізуі нашар  ескерілген дейтін ескертпелер  енгізілді. Толығырақ »

1924-1925 жж. ұлттық-мемлекеттік межелеу саясаты. Қазақстанның тұңғыш шекарасының белгіленуі

ХХ  ғасырдың  басында қазақ  жеріндегі мемлекеттілік үшін күрес  күрделі сипат  алды. В.И.Лениннің идеясы бойынша басталған Орта Азиядағы  ұлттық-мемлекеттік  межелеуге қазақ саяси басшылығының  көзқарастары үйлесе  бермеді. Мәселен Мұстафа  Шоқайдың «Тұтас Түркістан» идеясы Орта Азиядағы түркі  мемлекеттерін  біріктіруге арналған еді. Бірақ  Кеңестік билік Мұстафаның  бұл идеясынан  өлердей қорықты. «Мұндағы саяси   тіршілікке сын көзін  қадап  отырған М.Шоқайдың  түрлі мысалмен  дәлелдеп  қорытқанындай  большевизм « Түркістанда ұлттық тұтастық пен ұлттық мемлекеттің  құрылуынан өлердей қорқады. Сондықтан қайткен күнде де мұндай тұтастықты болдырмауға  тырысады».  Толығырақ »

«Шура-и-ислам» және «Шуро-и-Улема» ұйымдарының құрылуы мен қызметі

Ақпан оқиғалары түркістандық қоғамды тез саясаттандырып, ұлттық өзіндік сананың және ұлттық бірігудің өсуіне жәрдем берді.

Бірақ, әрине, бұл толық бірігуді білдірмеді және бәрінде де баламалардың жоқ болуынан еді. Көрсете кету ләзім, жас ұлттық ұйымдардың өкілдері өздерінің іс-әрекеттерінің бас кезінде ұлттық қозғалыстың өзінде де және одан сыртқары түрлі ағымдардың қарама-қарсы мүдделерімен қақтығысады. Толығырақ »

Түркістан өлкесінің мұсылмандар кеңесі

Түркістан өлкесінің мұсылмандар кеңесі туралы қазақша реферат

Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан революциясы тудырған жаңа тарихи нақтылы жағдайлар империяның отарлық аймақтарындағы ұлттық қозғалыстарға күшті қосымша серпін бере отырып, аса зор ықпал етті. 1917 жылы наурыздың бас кезінде патшаның тақтан түсірілгені туралы хабар Оңтүстік Қазақстан қалаларына телеграф арқылы тез тарала бастады – «алғашқы жеделхаттар тартыспен алынды»[i]. Бұл оқиға қоғамдық белсенділіктің қуатты толқынын тудырды, барлық болып жатқан оқиғалар түркістандықтардың тіпті аса бейқам бөліктерінің қызығушылығын оятты. Көптеген жерлерде сан мыңдаған адамдар жиналған митингтер және шерулер өтті. Толығырақ »

Түрік бірлігі мен исламшылдық, жәдидшілдік идеологиясының өлкеде қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуына әсері

Әлемдік өркениеттің ең ежелгі ошақтарының бірі, аты әлемге әйгілі болған – Түркістан өлкесі, ХХ ғасырдың басында Ресей империясының шалғай шеткі отары болды. Жаңа капиталистік нарықтық қатынастар отарлық тәуелділік жағдайында қалыптасу процесі, өлке халықтарының тағдырында мұңды-зарлы, драмалы үлгіде көрініс берді.

Өлкеде бұл кезеңде тым қасіретті жағдай көрініс бере бастады. Сансыз табындарды азықтандыра алатын, суландыру құрылысының кең жазық желісі арқылы бидай, күріш, жеміс, көкөніс, жүзімдердің және т.б. көл-көсір өнімін бере алатын кең-байтақ құнарлы алқап, аса бай табиғи қазбалар қоры, бірақ та, өте ұқыпсыз және олақтықпен пайдаланылды. Толығырақ »

Қазіргі заман Қазақстан тарихнамасы

Көтерілістің басқы кезеңінен патша үкіметінің, әсіресе Батыс-Сібір генерал-губернатырлығының Кенесарыға қарсы қимылдары күшпен жаныштау әдісіне негізделді. Әрине, көлемі шағын мақаланың осы бөлімінде Ресей билеушілерінің барлық жазалау әрекеттерін жыл-жылға саралап салу өте күрделі. Әйтсе де, қолдағы әр түрлі сипаттағы деректерге қарап, Романов әулетінің Абылай әулетін жапыруға бағытталған жазалау қимылдарын біршама анықтауға  болады. /24/ Толығырақ »

Кенесары Қасымұлының дипломатиясына зерттеулер

          Қазан революциясына дейін дворяндық-помещиктік ағымдағы орыс тарихшылары Кенесарыны «қарақшы», «бүлікші» деп бағаласа, екінші жағынан, осы көтеріліс женінде арнайы еңбек жазған Н. Середа сұлтанның жеке қолбасшылық қасиетіне таң қалғаны сонша, оны «жеке басының аса ірі қасиеті бар билеуші, егер басқа жағдайда тәрбиеленсе, керемет мемлекеттік қайраткер болатынына» сенімі молдығын қайран қала суреттеген. Толығырақ »

Кенесары Қасымұлы көтерілсі тарихнамасы, кезеңдері, талаптар, қозғаушы күштері және саяси лидері

Кенесары Қасымұлы көтерілсі туралы қазақша реферат

Қазақтардың ХVІІ-ХVШ-ғасырларда болған ірі көтерілістерінен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі—оған үш жүздің бұқара халқы қатысты. Жұртшылық бір мезгілде бас қосып, қауымдаса атой салмағанына және қозғалыстың бір жерде күшейіп, екінші жерде бәсеңдеп отыруына қарамастан, Кенесары көтерілісі алғашқы жылдары-ақ кең қанат  жайып,  жалпы  халықтық қозғалысқа  айналды. Толығырақ »

Ұлт – азаттық көтерілістің Қазақстандағы орны

Ұлт – азаттық көтерілістің Қазақстандағы орны туралы қазақша реферат

Он  жылға  созылған,   үш   жүзді   қамтыған   азаттық қозғалыс қазақ қауымының қайшылықтарын да, бірлігін де, алауыздық пен осы арпалыстың сырында ашты. Қазақ қауымының бір-біріне қарсы тұрған жігіне XVIII ғасырдың соңындағы Кіші жүздегі Сырым батыр бастаған көтерілісте, не 1836—1838 жылдардағы Кіші ордадағы Исатай Тайманов қозғалысында да дөл осындай айқындалмады. Отаршылдыққа қарсы бой көтеруді үш жүздің барлық тұқымдары, тіпті Кененің өозіне жақын Абылайдың ұрпақтары бірауыздан қолдады десек біржақтылық болар. Толығырақ »

Ф. Франко режимінің күйреуі

Ф. Франко режимінің күйреуі туралы қазақша реферат

1939 жөне 1970 жылдардағы режимнің арасында айырмашылық болғанымен, олардың көп ұқсастығы бар еді, атап айтқанда саяси, заң, атқару, сот және әскери билік диктатураның өмір сүрген барлық кезеңінде Франконың қолында болды. Франко үкіметтің қызметінің барлық бағыттары мен нормаларын анықтауда, декреттер мен заңдарды бекітуде, әскери және азаматтық шенеуліктерді, кортес пен муниципалитеттердің депутаттарын тағайындауда барлық билікке ие болатын. Ол мемлекет басшысы, қарулы күштердің бас қолбасшысы, жалғыз саяси партия — Испан фалангасының, ол күйреген соң режимнің барлық жақтастары біріккен «Ұлттық қозғалыс» партиясының каудильосы болды. 1973 жылға дейін барлық құрылған үкіметтің Франко басшысы болды. Толығырақ »