Карбон қышқылдары туралы қазақша реферат

R-COOH карбон қышқылдары карбоксильді топ деп аталатын, молекула құрамында -COOH топтасуы бар көмірсутектердің туындылары болып табылады.

Карбон қышқылдарының бөлінуі молекуладағы карбоксил тобының санынан және көмірсутекті қалдықтың табиғатынан тәуелді болады. Әдетте, карбон қышқылдарының класында карбоксил тобының туындыларын қарастырады(карбон қышқылдарының функционалды туындылары және ауыстырылған карбон қышқылдары – құрамында басқа да функционалды топтары бар карбон қышқылдарының туындылары):

1) Монокарбонды қышқылдар (қаныққан, қанықпаған, аренкарбонды);

2) Дикарбонды және поликарбонды қышқылдар (қанықпаған, қаныққан, аренди- және поликарбонды қышқылдар);

3) Карбон қышқылдарының функционалды туындылары (ацилгалогенидтер, ангидридтер, күрделі эфирлер, амидтер, имин эфирлері, амидиндер, тиоқышқылды және дитиоқышқылдар, пероксикарбонды қышқылдар, нитрилдер, изоциандар);

4) Құрамында әр түрлі функционалды топтары бар карбон қышқылдардың туындылары (гомогенкарбонды қышқылдар, гидроксикарбонды қышқылдар, аминкарбонды қышқылдар, оксикарбонды қышқылдар);

5) Формальды түрде карбон қышқылдарының туындыларына жатқызуға болатын көмірқышқылының туындылары.

Ди- және поликарбонды қышқылдарды көмірсутек типіне байланысты бөледі. Алкандардан және полиалкандардан, қанықпаған ди- және поликарбонды қышқылдар, алкендерден, алкиндерден және қанықпаған алкадиендерден, ал арендерден- аренкарбонды және полиаренкарбонды қышқылдар түзіледі.

Қаныққан дикарбонды қышқылдар. Қаныққан дикарбонды қышқылдар екінегізді қышқылдар болып табылады. Олар ионизация кезінде моноанион, дианион және сәйкесінше тұздардың екі қатарын түзеді. Монокарбонды қышқылдарға қарағанда, бірінші өкілдер қатарының қышқылдығы айтарлықтай жоғары және ионизацияның бірінші константасы екіншісінен ерекшеленеді, әсіресе, қымыздық және малонды қышқылдар үшін.

Ең манызды өкілдері ретінде янтар қышқылын алсақ, оның балқу температурасы 183°С, суда және спирттерде еритін, түссіз, кристалды зат. Янтар қышқылы табиғи өнімдерде (бурылы көмірде, янтарда ) табылған. Өнеркәсіпте оны малеин қышқылымен гидрлеу және этиленгликольды карбонильдеу арқылы алады. Янтар қышқылы және оның күрделі эфирлері органикалық синтезде және полимер өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Янтар қышқылы молекуласының құрамында екі белсенділенген метиленді топтар бар. Олардың белсендірілуі малон қышқылындағы метилен тобының белсендірілуінен төмен, бірақ галогендеу, альдегид және ангидрид қышқылдарымен конденсация реакцияларының қатаң жағдайда жүруіне жеткілікті. [8].

Жұмыс авторлары .М.А. Краюхина, С.А. Козыбакова, Н.А. Самойлова, В.Г. Бабак, С.З. Караева, И.А. Ямсков. карбон қышқылдарының синтезі және малеинды қышқылдың амфифилді сополимерлерінің қасиетттерін қолдануын зерттеген. Амфифильді полимерлердің (АП) полимерлі тізбектер құрамында гидрофильді және гидрофобты топтар бар. Көптеген биополимерлер (фосфолипидтер, нуклеин қышқылдары, протеиндер) полиамфолиттер және амфифилдер болып келеді. Сулы ерітінділерді өздігінен ассоциациялану қабілетіне байланысты. АП мұнай шығаруда, биотехнологияларда, дәрілердің ерігіштігін жоғарылату үшін фармацевтикалық препараттарды өндіруде, құрамында биоактивті микро — наноагрегаттары бар тұрақтандыру үшін кеңінен қолданылуы мүмкін. Мұндай АП өндірудегі проблемаларды шешудің екі жолы бар: амфифилді мономерлерді (со)полимерлеу немесе гидрофилді полимерлер құрамына гидрофобты топтарды енгіздіру. Соңғысы гидрофобты орын басу макромолекуланың ұзындығын өзгертпей жүретіндіктен жағымдырақ. Бұл жағдайда гидрофобты лиганд макромолекула тізбекті статикалық біркелікі орналасқан. Жақында суда ерігіш карботізбекті АП алу мен қолдануы бойынша жұмыстар шықты. Жұмыстың мақсаты болып құрамына стеарилді немесе олеинді топтарды енгізу арықылы, N — винилпирролидонімен, стиролмен немесе этиленмен малеинді қышқыл негізіндегі АП жаңа синтезі, олардың физико-химиялық қасиеттерін және оларды антифунталды заттар ретінде қолдану мүмкіндігін зерттеу.

Гидрофобты — модификацияланған N-винилпирролидонмен, стиролмен немесе этиленмен малеин қышқылының сополимерлері негізіндегі жаңа амфифилді полимерлер болашағы үлкен болып шықты[9].


Тағы рефераттар