Сан қилы саяси және әлеуметтiк қайшылықтармен өткен ХХ-ғасыр адамзат санасында жойқын соғыстарымен де сақталары сөзсiз. Өйткенi, бiр ғана Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың өзi қаншама ұрпақты қайғы-қасiретке душар еттi. Жалпы, үлкен тарих тұрғысынан алғанда азғантай мерзiм болғанымен ұзақтығы жағынан төрт жылға жуық, нақтылап айтқанда 1418 күнге созылған Ұлы Отан соғысы өзiнiң ауқымы мен қилы-қилы оқиғалары жағынан тұтас бiр дәуiрге тең. Өйткенi, бұл соғыс сан миллион адамдардың өмiрiн қиған, жер бетiнде бұрын-соңды болмаған ең зардапты, әрi қантөгiстi зор соғыстың бiрi болған едi.
Қазақстан соғысқа 1 млн.366 мың адамды аттандырып, Отан қорғауға 5183 қазақтың қыз-келiншектерi қатысыпты. Осы орайда республикада 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және екi артиллериялық, 4 минометтiк, 3 авиациялық полк және 14 жеке батальондар құрылып, майданға жiберiлген. Олар соғыстың барлық шайқастарына қатысып, майдан далаларына 601 мың 815 адамын қалдырып, елге оралған. Оның iшiнде туған жерiне жете алмай қаза тапқан қазақтардың саны 135 мың адамды құрайды.
Қарулы күштердiң қатарында Кеңес әйелдерi де жаумен шайқасты. Соғыстың соңғы бiр сәтiнде Кеңес Армиясында 330 мыңнан астам әйел жауынгерлер болды. Олар самолетпен аспанда самғады, танк жүргiздi, барлауға барып, ұрыс даласында мергендiк көрсеттi. Атқыш мергендер мектебiн бiтiрген әйелдер 12 мыңнан астам жауды жермен жексен еттi. Майдандағы дәрiгерлердiң 41 пайызы, фельдшерлердiң 43 пайызы, медбикелердiң 100 пайызы әйелдер болатын. Ұлы Отан соғысында 100 мыңнан астам әйелдер ордендермен, медальдармен марапатталған. 92 әйел Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Аяғына солдат етiгiн киiп, Мәскеуден Берлинге дейiн шеру тартты.
Өздерiнiң нәп-нәзiк қолдарымен жаралы жауынгерлердi от-жалынның арасынан алып шыққан, ең соңғы бiр тамшы суын, бiр шөкiм тұзын жауынгер достарының аузына тосқан, белiне граната байлап жау танкiсiнiң астына түскен, фашист эшелондарын құлатып, балаларды аман алып қалған, кейде тiптi ерлердiң өзiн де ұрысқа бастап алып шыққан от жүрек жандарға бас иесiң.
Соғыс басталған күнi-ақ ұлан байтақ республикамыздың зауыттары мен фабрикаларында, мекемелерiнде, ауыл селоларында жүздеген, мыңдаған адамдар қатынасқан митингiлер өттi. Жастар топ-тобымен соғыс комиссариатына, партия және комсомол комитеттерiне келiп, өздерiн Қызыл Армия қатарына алуды, майданға тез жiберудi сұрады. Алматы қаласындағы педагогикалық училищеде оқитын 28 қыз соғыс комиссариатына жазған хаттарында: «…Бiздi майданға жiберсеңiз екен, қыз да болсақ қару алып Отанымызды жаудан қорғау үшiн жанымызды ортаға сала соғысамыз», – деп өтiнген.
Соғыс басталған алғашқы күндерi Қарағанды облыстық әскери комиссариатына өздерiн майданға жiберудi сұраған 25 мыңнан аса адамнан өтiнiш түссе, 10 мыңдайы әйелдер болды. Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша соғыстың алғашқы бiр жылы iшiнде майданға сұранған 755 қыздың 627-сi батысқа жөнелтiлдi.
1942 жылдың қаңтар айында Алматыда жеке әйелдер ротасы құрылады. Ротаның құрамына негiзiнен Алматы, Шымкент, Семей, Қарағанды облыстарынан келген студенттер мен жас жұмысшы қыздар кiрген. Ротадағы 278 әйел қыздардың жартысынан астамы Алматының жоғары оқу орындарының студенттерi едi. Майданға жiберуге тiлек бiлдiргендердiң 40 пайызы әйелдер болды.1942 жылдың көктемiнде Семейден 200 қыз майданға аттанған. Олардың арасында №11 Семей қазақ мектебiнiң 11 түлегi бар.
Тағы рефераттар
- Көрнекті ақын – жыраулар
- Ағыбай батыр Қоңырбайұлы
- Кәсіби бағдар берудің мазмұны
- «Helios» компаниясының тауарлық қорын есептеу және талдаудың АЖ. дипломдық жұмыс
- Ведомствалық мұрағат құжаттарын топтастыру