Моноклоналды антиденелердің класы диффузиялық преципитация реакциясымен анықталды. Құрғақ, таза шыны бетіне қалыңдығы 2 мм-ге жуық балқытылған 1%-ды агароза («Sigma», АҚШ) ерітіндісін құйып, ол қатқаннан кейін арнайы трафаретпен диаметрі 2-3 мм шұңқыршықтар жасады. Ортаңғы шұңқыршыққа 0,05 мл зерттелетін МКА үлгісін, ал айналасындағы шұңқыршықтарға тышқан иммуноглобулиндерінің кластарына қарсы алынған арнайы антиденелердің («Sigma», АҚШ) 0,05 мл-ін құйды. Үлгілер құйылған шыныны дымқылдатылған камераға салып, бөлме температурасы жағдайында екі тәулік ұстады. Моноспецификалық қан сарысуы мен МКА үлгілері бар шұңқыршықтарының араларында преципитация сызығы пайда болған соң, реакция нәтижелерін шығарды. Преципитация сызығының анық көрінуі үшін препаратты Кумасси бояуының ерітіндісімен 10-15 минут бояды. Бұл ерітіндіні келесі тәртіппен дайындады: құрамында 45% дистелденген су, 45% этанол және 10%-ды сірке қышқылы бар 1000 мл еріткіште 5 г G-250 Кумасси ұнтағы ерітілді. Бояғаннан кейін гельді түссіздендіргіш ерітіндімен (спирт 50%, сірке қышқылы 10%, дистелденген су -40 %) өңдеді.
Моноклоналды антиденелердің класын анықтау тышқандардың (IgM, IgG1, IgG2a, IgG2b, IgG2c, IgG3) қарсы монотелімді қан сарысуларын қолдану арқылы диффузиялық преципитация реакциясында жүзеге асырылды. Аталмыш тәсілдің нәтижелері 2Д9 штамы өндіретін моноклоналды антиидиотиптік антиденелердің IgM, ал 2G9 штамы өндіретін моноклоналды антиидиотиптік антиденелер IgG2b класына жататындығын дәлелдеп берді.
Моноклоналдық антиденелерді қоректік сұйықтықтан (егер гибридомалар in vitpo көбейтсе) немесе асциттік сұйықтықтан (егер гибридомаларды зертханалық жануарлардың іш қуысында көбейтсе) бөліп алады. Гибридтік жасушалар in vitpo моноклоналдық антиденелерді өте көп көбейткенде өсудің логарифімдік фазада 4-5×105 кл/мл құрлымында ұсталып тұрады; қоректік сұйықтықта антиденелердің құнарлығы 10-100мкл/мл құрайды. Антиденелер in vitpo көбейгенде асцитті алу үшін, тышқандарға іш қуысына алдын ала 0,5мл пристан енгізеді, ал антидене құнарлығы (титрі) қоректік сұйықтықтағы титрден 100-100 кл/мл есе асады.
Құнарландыру масқсатында моноклоналдық антиденелерді преципипациялайды, аммоний сульфатымен тұздап, тұнбаға түседі; тазалау үшін аффиндік немесе ион алмасу хроматографиясы қолданады. Антиденелер арнайлылығын анықтау үшін іртүрлі серологиялық реакциялар-иммуноферменттік анализ, имунофлюроцензия реакциясы, тағы басқа пайдалынады. Алынған моноклондық антиденелер барлық шамалары бойынша бірдей иммуноглобулиндер молекулалар класы, оның типі, арнайлылығы, авидтігі, аффиндігі бойынша.
Моноклоналды антиденелерді медициналық балауда кең қолданады. Диагноздарды қоюға арналған сөмке-салғыштар құрастырылған. Егер антиденелерге радиоактивті немесе магнитоактивті материалдарды жалғап және оларды тірі организмге енгізсек, онда организмде патологиялық аймақтарды анықтауға болады. Ондай МКА аурумен зақымдалған организм жасушаларына жалғанып, ал сәйкес индикатор материалдары олардың орналасу аймағын анықтауға мүмкіндік береді.
МКА заттарды тазарту үрдісінде де қолданылады. Заманауи технологиялар антиденелердің қатты матрица тасығашқа жалғануына негізделген. Оларға құрамында ізделіп отырған антигені бар молекулалар қоспасын қосады. Содан кейін антиген-антидене кешенін матрицамен байланыспаған қоспалардан шайып тастайды. Антиген-антидене ковалентті байланыстарының бұзылуынан кейін ерітіндіде бос антигендер қалады. Егер белгілі типті антиденелерді алсақ және олармен жануарларды иммундесек, онда анти-антиденелер (анти-идиотипті антиденелер) қалыптасады. Олар иммунды жүйеге псевдоантигендер ретінде әсер етеді, сондықтан оның стимуляциясы үшін қолданыла алады. Осы принцете жаңа типті вакцина алу негізделген. МКА жинақтары сондай-ақ аллергендермен күресу үшін арналған болуы мүмкін.
Моноклоналды антиденелер және «мишенді» дәрілік терапия. Ісік жасушаларының көтеген әртүрлілігі химиялық агенттермен, ішкі хромосомдық қайтақұрастырулармен туғыздырылатын эндогендің гендердің активациясына негізделген деп болжанып отыр. Бұл гендер белгілі ақуыздарды кодтайды, және сондықтан жасуша беткейінде ісік жасушалары құрамында бірегей ақуыздар болуы мүмкін. Мүмкін, дәл осы ақуыздар сау жасушалардың өсу супрессиясына қатысады. Осы ақуыздарды инактивирлей отыра, ісік жасушаларының өсуін тоқтатуға болады.
МКА-ның жоғары телімділігіне байланысты, оларды жасуша органеллалары мен жасу беткейінің молекулаларының табиғатын дәл анықтау үшін зондтар ретінде кең қолданады. Олардың көмегімен сондай-ақ ферменттердің белсенділігінің детекциясын жүргізуге болады.
Иммунды ферменттік талдаудың әдістерін өсімдіктердің вирусты ауруларын балау кезнде қолданады. Бұл вируссыз отырғызу материалын алудың уақытын қысқартуға, жаңа вирусқа төзімді сорттарды сұрыптауға мүмкіндік береді. Генді-инженерлі тәжірибелер кезінде клон-продуценттерді тез арады сұрыптауға болады.
Тағы рефераттар
- Кәсіпорындағы шығындарды басқару курстық жұмыс
- Уақытты пайдалану
- Активтердің өтімділігі мен төлем қабілетін бағалау
- Конституцияның негізін салушылар
- Қазақтың күй өнері