1 Оқу әдебиеттерінде шартты бекіту туралы жағдайлардың нақты бір нұсқасын көрсетпейді. Денегмен бұл жағдай тәжірибеде қолданылуда.

Сіздің көзқарасыңыз бойынша шартты бекітудің неше нұсқасы болады деген ойдасыз? Қандай факторлар шарттың бекітілуіне себеп болады? Шартты бекіту жағдайлары неше сатылы үрдістен өтеді? Шартты бекітудің әр нұсқасының өзіндік қандай ерекшеліктері бар?

2 Павлодар қаласындағы Бектұров көшесінде орналасқан Қ. Армановтың жеке меншігіндегі үйді А. Құрмановтың сатып алу туралы шартының мазмұнын талдай отырып, шарттың мәтінін құрастырыңыз? Үй үш бөлмелі және ас үйден, төбесінің шатыры бар, қоршалған және ақ тастан қаланып салынған. Үйдің орналасқан жер аумағы 0,12г тең. Жер телімінде шифермен қапталған қора, ағаш дәретхана, сонымен қатар ас үй бар. Сатушы өзінің үйін 900 мың  теңгеге бағалайды, дегенмен техникалық инвентаризация бюросының берген анықтама қағазына сәйкес үйдің құны 700 мың теңге деп көрсетілген.

3 2000 жылдың қаңтар айында «Лада» сауда бірлестігі СМУ-8 құрылыс ұйымымен мамыр айына құрылыс медігерлігі жөнінде  шарттасады. Құрылыс объектісі-көкеніс қоймасы болатын. СМУ-8 кіәнісне байланысты шарт мамыр айында да немесе одан кейінгі үш айда да бекітілмей қалады. Құрылысты салу мерзімі өтіп кетеді.

Қаңтар айында азаматтық-құқықтық шарт күшіне ене алам ма? Егер ол күшіне енетін болса, қандай түрге, және қандай кінәнің нысанына жатады? Сіз бұл шартқа қалай қарайсыз?  Оған сипаттама беріңіз? Сіз қалай ойлайсыз «Лада» ЖШС СМУ-8-ге келтірген шығындарын өндіпір алуға құқығы бар ма?

4 Балалар демалыс бағында орналасқан ресторанның иесы П. Болатбаев наурыз айында шаруа қожалығының иесі Р.Момыновпен апта сайын әр жеткізілімде мерзімге сәйкес редисканы 20 теңгемен, құлпынай мен бүлдіргенді 10 теңгемен алуды келіседі.

Бұл шартқа қандай сипаттама бересіз? Тараптардың келісіміне сәйкес редисканың бағысы өзгертілуі мүмкін бе? Бұл шарт бойынша   құлпынайдың бағасы қалай аныталады?

5 Шет елдік (бағасы доллармен көрсетілген) аяқ киім сататын дүкенннен аяқ киім алмақшы болған 65 жастағы А. Саматовқа түсініксіз жағдайлар туындайды. Екі жас әйелге аяқ киім көрсетіп жатқан сатушы Айгүлге аяқ киімті көрсетуге сұраған А.Саматовқа сатушы ол «аяқ киім сізге келмейді» деп жауап береді.

Сатушы қандай әдеп нормасы мен заң нормасын бұзып отыр? Бұл арада қандай шарттың түрі мен нұсқасы туралы айтылып отыр? А.Саматовтың қандай құқығы бұзылып отыр?

6 А. Солтанов Қостанай қаласындағы ерлер киімі дүкенінің директоры, «Сәт» тігін фабрикасының директоры  Қ. Амановпен шарт жасасады, бірақ ол затты жеткізуді дәл сол қалада орналасқан өндірістік дүкеннің иесі А. Есеновпен шарт жасасады бірақ, затқа ақшаны Қ.Амановқа төлеуі тиіс болатын.

Бұндай шарт қалай аталады? Қандай жағдайда А.Солтанов пен Қ.Аманов, А.Есеновтың келісімінсіз шарты өзгертуге және бұзуға қандай жағдайда құқықтары жоқ және оны еркін пайдалануға құқықтары бола ма?

7 Астана қаласының тұрғаны  Қ.Арманова барлық қала үшін шет елдік өндірістік тұтыну заттарын сатып алумен айналасады, жаңа жыл мерекесінің алдында ол «Экстра-М» газетіне көп мөлшерде заттар сатып алушыларға 10% -тен 50%-ке дейін бағасының төмендетілетін жөнінде хабарлама береді. Хабарламаны оқыған Қарағанды қаласының тұрғыны, «Сұлулық» дүкенінің иесі М. Әсетова Қ. Армановаға өзіне қажетті заттардың көлемі мен саны және затты алып кетуге келетін уақыт мерзімін көрсете отырып өзінің келісімін көрсете отырып хат жазады. Бірақ үш күн өткен соң ол тапсырыс берген заттардан бас тартатындығы туралы екінші хатын жазады.

Сіздің ойыңызша, мына жағдайда жарнама, оферта, акцептің қайсысының маңызы артықырақ болады? шарт жасалынды ма? Қ.Арманов М.Әсетованың бірінші хаты бойынша берілген тапсырысын алып кеткен жағдайда қандай жағдайлар туындауы мүмкін?

Әдебиеттер 

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы . 1995 жылдың 30 тамызында республикалық бүкілхалықтық  референдумда қабылданған

2 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлімі), 1994 жылдың 27 желтоқсаны

3 «Шаруашылық серіктестігі туралы» ҚР Президентінің 1995 жылдың 2 мамырындағы заң күші бар Жарлығы

4 «Мемлекеттік кәсіпорын туралы»: ҚР Президентінің 1995 жылдың 19 маусымындағы заң күші бар Жарлығы

5 «Жылжымайтын мүліктерді ипотекалау туралы» ҚР Президентінің 1995 жылдың 23 желтоқсаныныдағы заң күші бар Жарлығы

6 «Банкротттық туралы» ҚР заңы. 1997 жылдың 21 қаңтары

7 О регистрации залога движимого имущества: Закон РК, от 30.06.98 г.

8 О товариществах с ограниченной и дополнительной ответственностью: Закон РК, от 22.04.98 г.

9 «Акционерлік қоғамдары туралы» ҚР заңы 2003 жылдың 13 мамыры

10 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР заңы 2001жылдың 16 қаңтары

11 «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР заңы 1997 жылдың 19 маусымы

12 Төлеуғалиев Ғ. ҚР азаматтық құқығы 1т. – Алматы:                    «Жеті Жарғы» 2001. – 450 б.

13 Гражданское право: учеб. / под ред. М. К. Сулейменова,             Ю. Г. Басина. – Алматы, 2000. – 480 с.

14 Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть): Комментарий  / под ред. М. К. Сулейменова, Ю. Г. Басина. Кн. 1.                –  Алматы: 2003. – 544 с.

15 Гражданский кодекс Республики Казахстан (Общая часть): Комментарий  / под ред. М. К. Сулейменова, Ю. Г. Басина.                        Кн. 2. – Алматы: 2003.-528 с.

16 Басин Ю. Г. Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан: понятия и общая характеристика. –  Алматы: 2000. – 120 с.

17 Басин Ю. Г. Сделки. –  Алматы: 1999. – 142 с.

18 Басин Ю. Г. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. – Алматы: 1997. – 136 с.


Тағы рефераттар