Суккуленттің бір түрі–жүз жылдықтың жүз емі туралы қазақша реферат

Жүзжылдық бәрімізге таныс және оны көпшілік үйлердің терезесінің алдынан көруге болады. Бірақ осы өсімдіктің көптеген емдік және косметологиялық қасиеттерін біле бермейміз.

Жүзжылдықты жедел жәремші деп атауға болады. Жүзжылдықты пайдалану үшін, оның күтімі мен қасиеттерін білу қажет. Жүзжылдық деп аталуы жүз жылда бір рет гүлдейді дегеннен шыққан. Жапырақтары шырынды, ұзын сүйір, қатты, қалың қабықты, шеттері өткір тікенекті болып келеді. Шыынында бактерицидтер көп болғандықтан медицинада үлкен қолданыста. Ауа тазартуда да басқа бөлме гүлдеріне қарағанда фитонцидтерді көп бөледі. Фитонцидтер ауадағы бактерияларды жояды. Осындай керемет қасиеттері бола тұра, күтімі өте жеңіл өсімдік. Жарық сүйгіш, тіке түскен күн сәулесіне, құрғақ ауаға төзімді. Бірақ өсімдіктің жапырақтарын шаң-тозаңнан су бүркіп немесе жуып тазалап тұру қажет. өйткені шаң басып тұрған гүл бізге қызмет жасай алмайды. Жуар алдында түбектің бетін полиэтиленмен жауып, жылымық сумен жапырақтарын жуып болған соң 1-2 рет сілкіп, дымқыл жапырақтарын көлеңкеде кептіріп алғаннан кейін ғана өзінің орнына қояды. Қыста жазға қарағанда аз суғарады, 10-12ºC салқын, бірақ жарық жерге қою керек.

Жүзжылдықтың жапырақтарының құрамында 20-ға жуық аминқышқылдары, В, С, Е дәрумендері, бета-каротин, өзектер, микроэлементтер және антибиотиктер бар.

Косметологияда жараларға, безеуге, сыздауық, шиқан, дерматиттерге қарсы қолданылады. Жүзжылдықтың шырыны бет терісіндегі ұсақ тесіктерді тазартып, суландырып, беттің зат алмасуын жақсартады әрі беттің қабыну мен тітіркенуін кетіреді, өңіңізді кіргізіп, теріңізді жасартады. Үй жағдайында күнде жатар алдында бетіңізді тазалап жуып, кішкене буға ұстап жібітіп, жүзжылдықтың жаңа алынған шырынымен бетіңізді,мойныңызды сүртіп тұрсаңыз, теріңіздің жасарып тұруына жақсы ықпал етеді.

Үй жағдайында бетке маска жасау жолдары:

  1. Жаңа алынған жүзжылдық шырыны мен кілегейді 1:1 мөлшерде, 10-15 минут бетке жағып, соңынан жуып тастау керек. Бет сергіп, өңі жақсарып қалады.
  2. Жиі қабына береін терілерге жұмыртқаның ағына 2 ас қасық жүзжылдықтың шырынын қосып, 10-15 минут уақыт мөлшерінде бетке асықпай жағып, соңынан жуып тасау керек.

Медицинада жүзжылдықтың ауруды басатын, қабынуға, бактерияларға қарсы қасиеттері үшін гинекология, тіс, тері ауруларына, хирургия, терапия, иммунологияда қолданады. Асқазан-ішек ауруларына, асқазан ойық жараларына, іш қату ауруларына, көз ауырғанда, ауыз қуысының қабынуы, тұмау ауруларына пайдаланылады. Фармацевттер шығаратын дәрілерді қолданумен бірге, терезе алдындағы жүзжылдықты да ұмытпаған жөн. Жүзжылдықы кез келген уақытта, жыл он екі ай бойына пайдалана беруге болады. Жапырақтарын қолданғанда жоғарғы жаңадан шығып жатқан жапырақтарын емес, төменгі жағынан, үлкен жапырақтарынан алу керек. Шырынын, кейде жапырағын жуып толығымен езіп пайдаланады. 2-3 сағат ашық қалса емдік қасеттері жойыла бастайды, сондықтан қолданар алдында ғана жасау қажет.

Күйген жерлерге жүзжылдықтың шырынын жағып, жараның бетіне сіңіп кету үшін 20-30 минуттай ашық қалдырады. Қатты кесіп алған жерлерге, іріңдеген жараларға жапырағын езіп компресс жасайды немесе жапырағын ортасынан кесіп жараға қойып, дәкемен таңып тастайды.

Тұмау, суық, құлақ, тамақ, мұрын ауруларына қарсы мынадай ем жасауға болады:

300 г жүзжылдықтың жапырақтарын езіп, 3 ас қасық бал, 3 ас қасық медициналық спирт қосып, күніне 3 рет тамақ алдында ішу керек. Тұмауда мұрынға, аңқа қабынғанда жүзжылдықтың жаңа алынған шырынан әр 3 сағатта үлкендерге 5-8 тамшыдан, 3-тен 16 жасқа дейінгі балаларға 4-5 тамшыдан, 3 жасқа дейінгі балаларға 2-3 тамшыдан мұрынға тамызып тұру керек.

Асқазан ауруларына төмендегідей ем қолдануға болады:

  1. Асқазан ойық жарасына аш қарынға күніне екі рет жүзжылдықтың 5см-дей жапырағын жақсылап шайнап жеу керек. Соңынан ащы дәмін азырақ бал жеп кетіруге болады. Үш ай бойы осылай емделу қажет.
  2. Гастритке жапырағын езіп, шырынын сығып алып, 3-4минут қайнатып, бір шәй қасықтан күніне үш рет тамақ жер алдында жарты сағат бұрын ішіп ұру керек. Сақтап қоюға болмайды, әр жолы жаңадан жасап отыру қажет.

Туберкулезбен ауыратындардың жағдайын жақсарту үшін: 1 ас қасық жүзжылдық шырыны, 100 г мамыр айында жиналған бал, 100 г сары май, 100 г қаздың майы, 100 г какао араластырып, күніне екі рет тамақ алдында 1 ас қасығын жылы сүтпен ішу керек.
Тағы рефераттар