ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДА ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК  ҚОРҒАУДЫҢ  МАҢЫЗЫ туралы қазақша реферат

Әлеуметтік саясат – адамдармен қоғамның жан-жақты дамуы үшін жағдайлар жасау және алуан түрлі әлеуметтік топтардың белгілі-бір құқықтық қалпын сақтау мен қолдауға адамдардың әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттің іс жүзіне асыратын кешенді шаралары болып табылады [2].

Қазақстан Республикасында рыноктік экономикаға тән ғылыми және теориялық жағынан тұжырымдалған әлеуметтік саясатты қалыптастыру процессі 90-шы жалдардың басында күн тәртібіне қойылды. Халықты әлеуметтік жағынан қорғау мемлекеттің өтпелі кезеңдегі басты міндеттерінің бірі болды. Еліміз экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызатын база жасау үшін рыноктік даму жолын бастан кешіру керек. Сонымен бірге объективті және субъективті сипаттағы бірқатар күрделі мәселелерді шешу күн тәртібіне қойылды. Атап айтқанда әлеуметтік саладағы проблемаларды және қоғам мүшелерінің табыс деңгейін теңестіруге байланысты мемлекеттік шараларды айқындау барлық деңгейге, әлеуметтік кепілдіктің түбегейлі жаңа жүйесін қалыптастыру керек болды. Соның негізінде: ең алдымен еңбекке қабілетсіз және дәулеті аз жіктерді-зейнеткерлерді, мүгедектерді, көп балалы отбасыларды оқушы жатарды мемлекеттік қолдау және әлеуметтік жебеу жүйесін құруға ғылымға, мәдениетке, білімдендіруге және денсаулық сақтауға мемлекеттік қолдау, жұмыссыздыққа байланысты әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету, адамдар тұрмысының дамыған елдердің тұтыну стандартына жақын жаңа сапасына қол жеткізу, жас ұрпаққа рынокты сана-сезімді қалыптастыру есебінен қоғамдағы қазыналық бағдарды өзгерту. Жеке адамның шынайы экономикалық бостандығына қол жеткізуге мүмкіндік беретін жұмыспен қамту мүмкіндіктерін ұлғайту және мемлекеттік емес құрылымда экономикалық сөрелер есебінен халықтың нақты икемділігі үшін жағдайлар жасау. Бұл міндеттерді іске асыру үшін ең алдымен Қазақстандықтардың әлеуметтік және материалдық игіліктермен басым бөлігін мемлекеттен талап етушілік, одан иек артушылық мінез-құлық КСРО дәуірінен қалған мұра болады да көп уақытқа дейін адамдардың қандай да бір болмасын экономикалық проблемаларды өз бетінше шешу мүмкіндігінен айырып, барлық мұқтаждықты мемлекет қана қанағаттандырады деген сеніммен өмір сүрді. Сондықтан рыноктық қатынастарға  сай мінез-құлықты қалыптастыру барысында ғана әркім өзінің тұрмыс жағдайын белсенділікпен еңбек ету арқылы ғана жақсартуға болатындығына көз жеткізеді. Қазіргі уақытта Қазақстандықтардың көпшілігі осындай мінез-құлықпен өмір сүруге бейімделген. Бұрынғысынша кепілдік игіліктерді күту орнына ендігі жерде өз күшіне ғана сен деген ұғым ұялай бастады. Өркениетті елдердің бәрі де осындай кезеңді басынан өткізді. Өтпелі кезеңдегі әлеуметтік саясаттың аса маңызды мақсаты – жаңа әлеуметтік экономикалық мінез-құлықтың орнықтырушысы бола алатын ортаңғы тапты қалыптастыру болып табылады [3].

Ортаңғы тап дегеніміз – орта табысы бар халықтың ең сауатты бөлігі, өмір сүруінің қалыпты бөлігі, өмір сапасы, пайым дағдысы, әлеуметтік экономикалық мінез-құлықтың нұсқаулық үлгісі, оның құрамдас шығармашылық тобы болып табылады. Ол негізінен қоғамды қалыпты жағдайда ұстап тұру жөнінде іргелі міндеттер атқарады.

Бұлар бір-бірімен тығыз байланысты үш міндет:

1. Экономикалық және техникалық, технологиялық процестерді қамтамасыз ету. Ортаңғы топтың бұл міндетін орындаушыларға мыналар жатады: ұсақ меншік иелері мен кәсіпкерлер, фермер коммерсанттар, осы салада жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар, инженер техниктер, жоғары білікті жұмысшылар.

2. Басқару және әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және міндетті біліктің барлық тармақтарындағы жоғарғы және орта буынды басқарма құрамы, тәуелсіз кәсіпорынның, қоғамдық қозғалыстар басшылары тағы басқа атқарады.

3. Адам әлеуетін сақтау мен дамыту. Мұның  өзі мынадай өлшемдермен көрініс табады:

— Физиологиялық әлеует-денсаулық жағдайы;

— Зиялылық (білім мен біліктілік деңгейі);

— Рухани (адамгершілік принциптері бағаланады)

Бұл міндеттерді орындау мен ғылым мен мәдениет салалары шұғылданады. Бұл саланың өкілдері өзінше іскерлікпен айналысатындарға, сондай-ақ жалданып жұмыс істейтіндерге жатқызылады. Сөйтіп ортаңғы тап осылайша қалыпты өмір сүру үшін аса маңызды міндеттерді атқарады.

Әлеуметтік қорғау үш түрлі бағытта:

1. Әлеуметтік ынталандыру бағыты;

2. Әлеуметтік қамсыздандыру бағыты;

3. Әлеуметтік бейімделу арқылы жүзеге асады.

1) Ынталандыру бағыты – барлық әлеуметтік топтардың өз мүдделерін білдіруіне қандай да бір нысанды өздерінің әл ауқатына қатысты мәселелерді шешуге қатысуына мүмкіндіктер беретін жағдай жасауына байланысты стратегия болып табылады. Сайып келгенде  ынталандыру стратегиясы халықтың, ұйымның, отбасының өзін-өзі дамытуға деген күшін жандандыруға бағытталады. Бұл стратегия экономикалық саясатқа қолдау көрсетеді, экономиканы жеңілдету мен реформалаудың қуат көзі болып табылады.

2) Әлеуметтік қамсыздандыру бағыты – қоғам мүшелеріне әлеуметтік кепілдіктер беруге, сондай-ақ мемлекеттің мекемелер тарапынан жәрдемге мұқтаж топтары әлеуметтік қорғауға бағытталады. Ол экономикалық саясаттың келеңсіз зардаптарын азайтуды экономикалық тиімділікпен әлеуметтік әділеттілікті ұштастыруды мұрат тұтады.

3) Әлеуметтік бейімделу бағыты — әртүрлі топтарға өзінің тұрмыс жағдайымен әсіресе, экономика саласында шапшаң өзгеріп отыратын нақтылы ақуалды ескере отырып әл-ауқатты қалыптастыру өзіндік нұсқауларын таңдау үшін жағдай туғызуға бағытталады. Өтпелі кезеңде бұл стратегияның ішінде ынталандыру стратегиясының рөлі шұғыл арта түседі. Өйткені бұл стратегия әлеуметтік саясат құралдары арқылы экономиканы реформалауда жәрдем жасайды [4].

Әлеуметтік қорғау жүйесі экономикаға мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі қатарында қоғамның тұрмыс халінің жоғары  деңгейде болуына және одан әрі дами түсуі үшін жағдай жасайтын құрал болып табылады. Бұл саясатты қалыптастырудың механизмінің қызметі өзінен-өзі барлық қоғам мүшелерінің тұрмыс хәлінің ең қажетті деңгейінің өзін қамтамасыз ете алмайтын болып отыр.

Ақылға қонымды, парасатты әлеуметтік саясатсыз әлеуметтік қайшылықтарды, дау-дамайды бәсеңдету мүмкін емес. Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуында адам факторы шешуші рөл атқарады. Осыларға байланысты әлеуметтік саясаттың негізгі міндеттерін қалыптастыруға болады. Ол міндеттер мыналар:

1. Адамдарды әлеуметтік қорғауды іс жүзіне асыру, олардың негізгі әлеуметтік экономикалық құқықтарын іске асыру.

2. Әрбір адамның және тұтастай алғанда қоғамның тұрмыстық ахуалын көтеру үшін жағдайларды жасау;

3. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. Бұл саланың өнімінің көлемі, сапасы және сипаты хәлінің өмір сүріп тіршілік етуінің қамтамасыз ететін болуы керек;

4. Қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталылықты қалыптастыру;

5. Адамның жан-жақты дамуы үшін олардың қажетсіну жүйелерін жасау және ерікті түрдегі еңбекке араласу мүмкіндіктерін қарастыру [5, б. 95-98].

Әлеуметтік саясаттың негізгі міндеттері әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Әлеуметтік сала мамандарының ойы бойынша әлеуметтік саясат екі салыстырмалы блокке бөлінеді.

Әлеуметтік саясаттың бірінші блогінің элементтеріне халықты әлеуметтік қорғау және қолдау, сонымен қатар адамдардың өмір сүру деңгейіне әсер етуші әр түрлі коммерциялық емес нысандарды дамыту жатады.

Әлеуметтік саясаттың екінші блогін мынадай іс-шаралар мен шешімдерді қамтиды. Олардың қатарына халықты тауармен, тұрғын үймен әлеуметтік инфрақұрылымның қызметімен жұмыс орнымен, қажетті ақша кірістерімен қалыпты экономикалық жағдаймен қамтамасыз ету жатады.

Әлеуметтік саясаттың модельдерін таңдаған кезде ең бірінші қоғамдық саяси және микроэкономикалық факторлар әсер етеді. Тұрақты даму тұжырымдамасымен жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған рынтоктік экономиканы құру болып саналады.

Ал енді халықтың тұрмыс деңгейін төмендетуге жол бермеу жекелеген бағыттары бойынша әлеуметтік саясаттағы негізгі мақсаттарын қарастырайық. Яғни, әлеуметтік саясаттың негізгі блогындағы әлеуметтік қорғау және қолдау мәселелеріне оралайық.

Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай іс-шаралар кешенін қамтиды:

— тұрақты ақылы еңбекке ынталандыру;

— негізгі әлеуметтік қателердің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;

— халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесін қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;

— азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құжаттар мен қызметтерге қол жеткізу.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Назарбаев Н.Ә. «Әлеуметтік — экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы – Астана, 2012 жылғы 27 қаңтар.

2 Қазақстан Республикасындағы халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы//Егеменді Казахстан.- 2001.- 21 тамыз

3 Баймуратов У. Социальная экономика //Соч.: В 7т – Алматы.: Экономика, 2005.-Т.4.- 320 с.

4  Райханұлы Қ.. Әлеуметтік саладағы экономикалық қауіпсіздік // Ақиқат. – 2007.

5 Габдуалиева Р.С., Муханова Р.Г., Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары // Ғылым және білім. — 2009. — № 2. — С. 95-98

Негізгі мақсаты: ұлттық экономиканың дамуында адам факторы шешуші рөл атқарады, сондықтан әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру әлеуметтік саясаттың негізгі міндеттері болып табылады.
Тағы рефераттар