Жоспар
Кіріспе……..3
1. Жеке табыс салығының экономикалық негіздері
1.1 Салықтар ұғымы, мәні, қалыптасуы……4-10
1.2 Жеке табыс салығының әлеуметтік – экономикалық мәні…..10-16
2. Жеке табыс салығының бюджеттегі орны
2.1 Жеке табыс салығының төлем көздері….17-24
3. Жеке табыс салығының даму перспективалары
3.1 Дамыған нарықтық экономикалы мемлекеттердегі жеке табыс салығының алыну ерекшеліктері…25-29
3.2 Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығының жетілдірілуі..30-35
Қорытынды……36
Қолданылған әдебиеттер тізімі……37
Кіріспе
Қандай да болмасын мемлекеттің өсіп – дамуының материялдық базасы – қаржыларды қалыптастыратын ең басты қайнар көздерге салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің жататыны белгілі.
Сонымен салықтар дегеніміз — мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдері болып табылады.
Экономикалық категория ретінде салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарын сипаттайды.
Салықтардың экономикалық мәні:
- Салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;
- Шаруашылық жургізуші субъектілер мен халық табысының белгілі-бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі — қазіргі кезде еліміздің бюджетінің кіріс көзін 90 пайызы салықтардан тұрады. Ел экономикасы дамып, мемлекеттік бюджеттің кіріс көздері ұлғайған сайын салықтық түсімдердің де өсіп отырғаны байқалады. Себебі салықтың экономикалық табиғаты өндіріске байланысты. Өндіріс бар жерде табыс бар, одан алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндірістің дамуына барынша өз ықпалын тигізіп, өндірушілердің ынтасын артыруға жағдай жасауы қажет.
Салықтардың бақылаушылық қызметі арқылы салық механизмінің қызмет етуінің тиімділігі бағаланады, қаржы ресурстарының қимылына Салықтардың екінші маңызды қызметі ол, реттеушілік қызметі. Реттеушілік қызметі салық маханизмі арқылы іске асырылады. Оның ішіндегі негізгі тетіктері салық ставкалары мен салық жеңілдіктері. Салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймай, сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асыруы қажет. Әрине салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін олардың басқа да экономикалық тетіктерімен тығыз байланыста болуы керек.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жеке табыс салығының мәнін ашу, оның бюджетке деген үлесін анықтау, қажеттілігін айқындау және оны жетілдіру жолдарын қарастыру. Осы мақсатқа сүйене отырып келесідей міндеттержиынын құрғанымыз жөн:
— Жеке табыс салығының маңызы мен мәнін ашу;
— Қазақстан Республиксында салық жүйесін зерттеу;
— Жеке табыс салығының төлем көздерін айқындау
— Шетел тәжірибесін қарастыру
— Жеке табыс салығының жетілдіру жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыс / 37 бет
Тағы рефераттар
- Деректер базасының реляционды схемасы
- «БТА Банк» АҚ-ның лизингтік қызметін талдау
- Формулаларды тепе-тең түрлендіру
- Қылмыстық-атқару құқығының нормаларының түсінігі, мазмұны, түрлері мен құрылымы
- Эвакуациялык шараларды жоспарлау