Қазақша рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар

Рефераттар бөлімі

‘География, Геология, Геодезия’ бөлімінің мұрағаты

Солтүстiк Анды

Солтүстiк Анды туралы қазақша реферат

Венесуэла, Колумбия және Эквадор Андылары орографиялық құрылымы және орогендiк үрдістердiң уақыты бойынша әр түрлi. Оларда экватор маңы ендiктерiндегi ылғалды климат пен бiртiндеп солтүстiкке және оңтүстiк батысқа қарай құрғақ субэкваторға ауысы біріктіреді. Бүкіл тау жүйесімен салыстырғанлда Солтүстік Анды тауларында, субтропиктiк Андының оңтүстiгiнен басқа аймақтарында, яғни Тынық мұхиты мен шығыстағы жазықтарда  ландшафттық ала – құлалық байқалады. Ұзыннан ұзаққа созылған тау жүйесінің басым бөлігінде биiктiк белдеулердiң бiрыңғай спектрi сақталады. Солтүстiк Анды тауының етектерiн аккумулятивтi ойпаттар алып жатыр. Толығырақ »

Патагония

Патагония туралы қазақша реферат 

Патагонияның баспалдақты үстірттері шөлейтті ландшафттармен ерекшеленеді: физикалық үгілу мен эолды құрылымдық мезорельеф пішіндері, суы аз өзен торлары мен фаунасында эндемикалық түрлердің басым болуы палеогеографикалық даму ерекшеліктерімен байланысты.

Патагония – орографиялық оқшауланған шөлейт. Егер де, ылғалды батыс желдерге тосқауыл болатын Анды таулары болмаса, Патагонияның климаты осы ендікте орналасқан Англия немесе Батыс Франция климатына ұқсас болатын еді. Патагонияда жылдық жауын-шашын мөлшері 120-200 мм – ге тең. Тек қиыр оңтүстігі мен Анды тауы маңында мөлшері 400 – 500 мм — гедейін артады. Температураның орташа көрсеткіштері (қаңтар айында 12-200 С және шілде айында 2-80С). Жаз мезгілінде аяқ асты суыту, тіпті үсік болуы мүмкін, қыста-300-тық аяз жылылықпен ауысуы мүмкін. Жылдың кез келген уақытында қатты желдер соғып тұрады. Толығырақ »

Ориноко және ішкі жазықтары

Ориноко және ішкі жазықтары туралы қазақша реферат

Ориноко жазығы, немесе Льянос Ориноко деп аталатын жазық солтүстік – шығыстағы иінге сәйкес келіп неоген кезеңінің теңіздік құмды шөгінділерімен толтырылған, ал оңтүстік – батысы – көрші биіктеу аймақтардың үгілуінен пайда болған континентті өнімдерден тұрады. Ойпаңның орталық бөлігінде өзен аңғарларымен тілімденген тегіс аллювийлі ойпат орын алған (төменгі Льянос). Оңтүстік – батыста (Льянос Мета), мен әсіресе, солтүстік – шығыста (Биік Льянос) биіктігі 200 – 300м –ге жететін өзен аралық тегістеу үстірттер (месас) басым. Олар кейінгі көтерілімдер мен эрозияның күшеюі нәтижесінде пайда болған тар және терең су аңғарларымен тілімденген.  Толығырақ »

Амазонка ойпаты

Амазонка ойпаты туралы қазақша реферат

Амазоняның жалпы көрiнiсiн ылғалды-экваториалдық климат жағдайларындағы Гилея жамылғысы тегiс жапқан күлгiн-қызыл түстi латериттi топырақты кең әрi жалпақ жазық құрайды. Бiрақ, кәдiмгi экваториалды ландшафттар тек Батыс Амазонияға тән. (Риу-Негру-Пурусадан) Гвиан және Бразилия таулықыраттары арасымен қиылысатын Шығыс Амазония көршi табиғи облыстар әсерiне ұшырайды, және өтпелi субэкваториалдық ландшафттар түрлерiне ие. Толығырақ »

Гвиан таулы қыраты мен ойпаты

Гвиан таулы қыраты мен ойпаты туралы қазақша реферат

Биіктігі 2700 м-ге дейін жететін Гвиан таулы қыратының үлкен шоңғалына Льянос Ориноко мен амазония ойыстары аралығы Оңтүстік Америкалық платформаның Солтүстік антиклизин қалыптастырады. Бұл шоңғал Атлантика пассатымен бірге жыл бойы, әсересе көктемде және қыста келетін ылғалды ұстап қалады, ал жазда бұл жерге экваториалдық ауа массалары келеді. Ыстық ылғалды климат жағалаудағы шайылу мен кебу процестерін бұл жердегі мезозой құм жамылғысын бұзып, кристалдық негіздегі пенеплен қатты бөлшектенген, көптеген лықсымалар мен жаңа көтерілімдер тудыратын өзендер бұл жердегі қатты тау жыныстарына терең кесіп кете алмай, көптеген сарқырамалар мен шоңғалдар қалыптасады. Тау қыратының ежелгі тау жыныстарында темір рудаларының ірі кендері бар. Серра Иматака жотасы-Эль Пао тау-кен ішінде 1,3 млрд. тоннаға жетеді. Сонымен қатар бұл жерде алмас пен алтынның (Эль Кальяо), қуатты үгілу қыртысында бокситтер және марганец  қоры кездеседі, боксит өңірінің (1/3 бөлігін суринам мен Британ Гвианасы өндіреді). Ал марганец кендері Серраду-Навиуда Оңтүстік Жарты шардағы ең үлкен болып есептеледі, мұндағы қорлардың көлемі, 25 млн тоннаға дейін, ал кейбір мәлемттер бойынша 80 млн тоннаға дейін жетеді. Толығырақ »

Таулы шығыс пен Атлант маңы ойпаты

Таулы шығыс пен Атлант маңы ойпаты туралы қазақша реферат

Таулы шығыс пен Атлант маңы ойпатының табиғи жағдайы негiзiнен құрлықтың шығыс бөлiгiндегi биiк таулы тосқауылдармен, атмосфераның циклондық циркуляциясы мен пассатты жылы мұхитпен байланысты. Солтүстiктен ығысатын оңтүстiк-шығыс пассаттарының (күз және қыс мезгілдерінде), 150о.ендіктің солтүстiкм- шығыс (жазда) және қиыр солтүстікке дейін жететін қысқы фронтальдық циклондардың әсерінен жағалаулық беткейлер жақсы ылғалданған. Нәтижесiнде солтүстiкте жылына 1000-1500 мм, оңтүстiкте – 4500 мм — ге дейiн жауын – шашын түседi. Жағалаудағы орташа айлық температура солтүстiкте 25-280С, оңтүстiкте 20-260С дейiн, салыстырмалы ылғалдылық 76-82%. Толығырақ »

Бразилия және гвиана тау қыраттары

Бразилия және гвиана тау қыраттары туралы қазақша реферат

Бразилия таулы қыраты құрлықтың шығыс бөлiгiнiң 4-10° пен 35° аралығындағы ядросын құрайды. Бұл таулы қырат батыстағы құмтасты үйiндi жағалауымен және оңтүстiк-батыста Уругвай өзенiнiң ағынымен, сол сияқты шығыстағы жағалық сызықпен оңтүстiкте Ла-Платамен және тек солтүстiгiнде және солтүстiк-батысында ғана Амазонамен ұштасып кетедi. Бiрнеше географиялық зонаның шеттерiнде орналасқан таулы қыраттың жалпы сипаты негiзiнен оның даму тарихымен және морфоқұрылымымен байланысты. Бұл сипаттар таулы қыратты бiр табиғи жерге бiрiктiруге ықпал етедi. Толығырақ »

Батыс Анды

Батыс Анды туралы қазақша реферат

Андылық Батыс Анд геосинклинальді бөлігінің күрделі және әртүрлі қатпарлы құрылымдарын қамтиды.Морфогенезінде жанартаулықтың (Эквадор Андылары),өзендік немесе мұздықтың эрозиясы (Перу мен Патагон Андылары) ролі зор облыстармен қатар мұнда рельефінде тектоникалық құрылыстың анық байқалған үлескілері (Кариб және Солтүстік – Батыс Андылар ) де немесе күрделі әр жастағы полигенетикалық құрылымдық – морфологиялық кешендер (Орталық Андылар ) бар. Толығырақ »

Гвиана таулы қыраты

Гвиана таулы қыраты туралы қазақша реферат

Гвиана таулы қыратына шөгінді құмды жамылғының шайылуы және кристалды жыныстарда қуатты үгілу қабатының қалыптасуы тән қасиет. Шығыс бөлігінде шөгінді жамылғы толық шайылған; биіктігі 1300м дейін жететін кристалды массивтер эрозияның әсерінен пайда болған тектоникалық депрессиялармен алмасып отырады. Олар солтүстігінде жас аккумулятивті Гвиана ойпатымен шектеседі. Қыраттың орталық бөлігінде мезозойлық қызыл түсті құмдар мен конгломераттар жамылғысының қалдықтары сақталып қалған. Олар үстірт тәрізді тік жар қабақты жоталар (Пакарайма жотасы) немесе тау жұрнақтары (Рорайма тауы 2271м – қыраттың ең биік нүктесі); солтүстікте жер бедері арал тәрізді таулар мен кристалды жыныстардағы жайпақ – толқынды пенеплен түрінде кездеседі. Оринокодан батысқа қарай байырғы кристалды жыныстар көбінесе үштік және төрттік кезеңнің  шөгінді жыныстарының астында қалған. Олардың арасында триас кезеңінің қиыршықты тау жұрнақтары жер бетіне жақын орналасқан (Пардаос массиві); қырат шайылған баспалдақ тәрізді жер бедерімен Амазония мен Ориноконың ойпаттарына ауысады. Толығырақ »

Амазонка ойпаты

Амазонка ойпаты туралы қазақша реферат

Амазонка ойпаты (Амазония) Оңтүстік – Америка платформасының ең ірі иілімінде орналасқан. Оның негізін палеозой және үштік мезгілдің шөгінділері құраса беткі қабатын неогеннің көлді — өзенді жыныстары жауып жатыр. Ол жер шарының аса ірі ойпаты болып есептеледі – көлемі 5 млн. шаршы км –ден астам. Батысында ойпат өте кең әрі тегіс, өзен аңғарлары аса көп тілімделмеген. Амазонканың орта ағысында биіктігі 25 – 30 м, шығысында (Шығыс Амазония) ойпат Гвиана және Бразилия массивтерімен қосылып кетеді. Шығыс Амазонияның  беткі қабатын құрайтын ежелгі латериттік қабат, төрттік дәуірдің жыныстары, қалқандардың шеткі бөлігінде жер бетіне шығып жатқан жыныстар биіктігі  150 – 200 м болатын тегіс үстірттер (табулейрош) өзен аңғарларымен тілімденген. Бұл көрші массивтердегі кейінгі көтерілімдердің нәтижесі мен Амазонка өзен жүйесінің стөмен түсу үрдістерімен байланысты. Толығырақ »