‘Құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, заңтану’ бөлімінің мұрағаты
Қылмысқа қатысу нысандары
Қылмысқа қатысу нысандары туралы қазақша реферат
Қылмысқа қатысудың нысандары және түрлері туралы мәселені анықтау қылмысқа қатысушылардың субъективтік байланыстарының сипаты мен дәрежесіне, олардың әрекеттерінің өзара келісушілігінің дәрежесіне, қатысушылардың өзара объективтік байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара әрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне байланысты шешіледі. Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерінің келісушілік дәрежесіне байланысты қылмысқа қатысу екі түрлі нысанға алдын ала келіспей қылмысқа қатысу және алдын ала келісіп қылмысқа қатысу болып бөлінеді. Бұл нысандар Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде әр түрлі көрініс тапқан. Бұлар алдын ала келісіп қылмысқа жай қатысу, ұйымдасқан топ болып және қылмыстық бірлестік арқылы қылмысқа қатысу болып көрсетілген. Толығырақ »
Қылмысқа қатысудың ұғымына сипаттама
Қылмысқа қатысудың ұғымына сипаттама туралы қазақша реферат
Қылмыс – бір адам арқылы немесе адамның бірлігі арқылы істеуі мүмкін. Бір адам істегеннің нәтижесінде істің қылмыстық мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген қылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттілігі туындайды.
Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізі мен шегін, олардың әрқайсысының бірлесіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың маңызы зор. Қылмысқа катысу институты ғана осы мәселелерді анықтауға толық мүмкіндік туғызады. Толығырақ »
Қылмыс
Қылмыс туралы қазақша реферат
Қылмыс – бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген қылмысқа қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың саны тура анықтау қажеттілігі туындайды. Толығырақ »
Қылмыстың әкімшілік құқық бұзушылықтан, азаматтық және тәртіптік қылықтардан айырмашылықтары
Қылмыстың әкімшілік құқық бұзушылықтан, азаматтық және тәртіптік қылықтардан айырмашылықтары туралы қазақша реферат
Қылмыс құқық бұзушылықтың ең ауыр түрі болып табылады. Осыған байланысты қылмысты әкімшілік, азаматтық құқық бұзушылықтан және тәртіптік қылықтардан бөлектеп қарауға тура келеді.
Кеңестік құқық теориясында қоғамдық қауіптілік құқық бұзушылықтың қасиеті ме немесе тек қана қылмыстың ғана қасиеті ме деген сұраққа жауап ретіндегі бірыңғай нақты пікірлер жоқ деуге болады. Кейбір ғалымдар, қоғамдық қауіптілік — бұл кез келген құқық бұзушылыққа тән қасиет десе/60/, енді біреулері оны тек қана қылмыстың қасиеті/61/ деп қарайды. Толығырақ »
Қылмыстарды жіктеу және оның мәні
Қылмыстарды жіктеу және оның мәні туралы қазақша реферат
Заң әдебиеттерінде қылмыстырды жіктеу мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлінеді. Қылмыстарды жіктеу жеке нақты белгілері бойынша істелген қылмысты анықтауға, яғни әлеуметгік мәніне, қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі, кінәнің нысаны, қылмыстың саралануы мен тартылатын жазасына қарай санаттарға бөлуге мүмкіндік беретін болғандықтан қылмыстық құқықта негізге алынатын мәндердің біріне ие болады.
Қылмыстарды жіктеу заң ғылымында құқықтың түрлі салаларын (қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару) қамтитын болғандықтан кешенді сипатқа ие болады және турлі құкықтық ғылымдармен, соны ішінде криминологиямен және криминалистикамен қарастырылады. «Дегенмен, ол үшін негізгісі қылмыс болып саналатын коғамдық қауіпті әрекеттер шеңберін анықтау тек қылмыстық кұқыққа жүкгелгендіктен, қылмыстық-құкықтық жікгеу болып табылады» /43/. Толығырақ »
Қылмыстың құқықтағы қылмыстың анықтамасы. Қылмыс белгілері
Қылмыстың құқықтағы қылмыстың анықтамасы. Қылмыс белгілері туралы қазақша реферат
«Қылмыс» ұғымы нақты бір белгілері бар, қылмыс деп санауға болатын елеулі қасиеттегі әрекеттерді көрсетуі тиіс қылмыстық құқықтың негізгі категориятарын бірі. Оның заң жүзіндегі анықтамасы әдістемелік те, тәжірибелік те мәнге ие болады. Осы ұғымға қандай мағына берілсе, соның мазмұны қылмыстық заңнамалардың тиімділігін арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алу үшін арнайы және заңгерлік шараларды таңдауға әсер етеді /15/.
Қолданыстағы заңнамада қылмыс ұғымының анықтамасы ҚР ҚК 9-бабында былай деп беріледі: «Қылмыстық кодекспен жазалау қатерімен тыйым салынган айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады». Толығырақ »
Қылмыстық-атқару құқығының нормаларының түсінігі, мазмұны, түрлері мен құрылымы
Қылмыстық-атқару құқығының нормаларының түсінігі, мазмұны, түрлері мен құрылымы туралы қазақша реферат
Құқық құрылымының бастапқы бөлімі қылмыстық-атқару нормасы болып табылады. Норма – ереже, мінез-құлық ережесі. Сонымен, қылмыстық-атқару құқығының нормасы деп субъектілердің тиісті мінез-құлық үлгісін және қатысушылардың (мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, қоғамдық құрылымдардың, лауазымды адамдардың, сотталғандардың және жеке адамдардың) құқықтық қатынасын айтамыз.
Қылмыстық-атқару құқығының нормалары ішінде де құқық саласының жалпы ережелері мен жалпы түсінік принциптері құрылып қалыптасатын нормалар бар, сонымен қатар лайықты мемлекет органдарының міндеттері біріктіріледі. Бұл нормалар мәлімдеме ретінде жүргізіледі. Олар қылмыстық атқару саясатын іске асырады. Көрсетілген нормалар ережесі қылмыстық-атқару құқық қатынастарында субъектілердің субъективтік құқық пен заңдық міндеттерін белгілейтін нормаларда айқындалады. Құқықтық нормалар қоғамдық қатынастарды керекті бағытта реттеу үшін қабылданады. Толығырақ »
Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігі мен түрлері
Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігі мен түрлері туралы қазақша реферат
Әкімшілік-құқық, кез келген құқық саласы сияқты, заңды нормалардың жиынтығынан тұрады. Әкімшіліктің құқықтық негізін әкімшілік нормалар құрайды.
Әкімшілік — құқықтық нормалар – бұл мемлекеттік, қоғамдық басқару сферасындағы қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің басқа сферасында туындайтын басқару сипатындағы қатынастарды (әділ соттылықты, прокурорлық қадағалауды) реттейтін мемлекетпен белгіленген немесе бекітілген, рұқсат етілген ережелер болып табылады және оларды орындамаған жағдайда мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы жүзеге асыралады.
Әкімшілік — құқықтық нормалардың негізгі міндеттері:
1)Мемлекет басқару жүйелерінің әртүрлі құрамдас бөліктерін ретке келтіру;
2)Басқарушы мен басқарылатын жүйелердің арасындағы тиімді арақатынасты нығайту;
3)Әртүрлі басқару салаларындағы байланыстарды, мемлекет органдардың кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, азаматтармен арақатынастарын белгілеу;
Әкімшілік реттеудің мәні — басқару қатынастарын ретке келтіру, әкімшілік құқықтың көмегімен осы қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Олар басқару қатынастарының субъектілерінің мінез — құлықтарын қалай болуы керек екендігін анықтайды.
Әкімшілік құқық нормаларының мән -маңызы мыналарға бағытталған:
1) мемлекеттік басқару сферасында қалыптасқан қатынастарды ұйымдастыруға, ретке келтіруге және жетілдіруге;
2) құқықпен реттелген басқару қатынастарын қорғау.
3) біздің қоғамымызды дамытатын объективті заңдардың талаптарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды тудыруға және дамытуға;
4)қазіргі уақыт талабына сай емес қоғамдық қатынастарды басқару сферасынан шығаруға бағытталған.
Әкімшілік — құқықтық нормалар көптеген басқару органдарының құқықтық жағдайы мен құзырлығын анықтайды, олардың қызметін, басқару нысандары мен әдістерін, басқа субъектілерімен ара қатынастарының тәртібін белгілейді.
Әкімшілік құқықтың нормалары, сондай-ақ, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлердің, мемлекеттік басқару сферасындағы азаматтардың құқықтық жағдайын анықтайды.
Әкімшілік заңнамада әкімшілік қатынастарды әртүрлі бұзушылықтан қорғайтын нормаларда бар.
Құқықтық мәртебе жалпы, арнайы және жеке болып бөлінеді. Мемлекет және құқық теориясында мемлекет пен құқықтың арақатынасы жөніндегі сұрақ бойынша екі амал – жолды бөліп атауға болады. Біріншісі –мемлекеттің құқықтан басымдылығынан туындайтын этатикалық тәсіл. Екінші тәсіл табиғи – құқықтың көзқарастар арнасында нығайтылды және мемлекетпен салыстырғанда құқықтың басымдылығынан туындады.
Әкімшілік нормалардың көпшілігі имперактивті сипатты. Оларды бұзғаны үшін заңды жауапкершілікке тартылады.
Әкімшілік-құқықтық нормалардың құрылымы – дегеніміз нормалардың ішкі құрылысы, норма элементтерінің, құрамды бөліктерінің өзара байланыстарының белгіленген тәртібі.
Әкімшілік -құқықтық нормалар мына элементтерден тұрады:
1)гипотеза;
2)диспозиция;
3)санкция.
Гипотеза – бұл құқық нормаларын қолдану жағдайлары. Норманың гипотезасымен қарастырылған мән-жайлар әкімшілік — құқықтық қатынастарды тудыратын, өзгертетін және тоқтатын заңды фактілер болып табылады, мысалы, адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасауы, соның нәтижесінде заңды жауапкершілікке тартылады, адамның белгілі бір жасқа толуы (16 жасқа толуы, бұл кезде азамат төл құжатын алады немесе 18 жасқа толуы, яғни кәмелеттік жасқа толуы, бұл кезде адам құқықтық қатынастардың толыққанды субъектісі болады). Бұл жерде заңды фактілер болып 16 жасқа толу (оқиға), төл құжатын жоғалтып алу (әрекет).
Гипотезаның мынадай түрлері болады:
— абсолютті — анықталған — бұл құқық нормасы қолданылатын нақтылы жағдайды көрсетеді, мысалы, уақытында салықты төлу.
— салыстырмалы — анықталған — бұл кезде құқық нормасы жүзеге асырылатын жағдайлардың жалпы сипаты ғана көрсетіледі.
Диспозиция -бұл мінез-құлық ережелері, бұнда субъектілердің құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Құқық нормасының негізін қалайтын басты элементі болып табылады. Диспозиция -бұл ұйғарымдар, бұйрықтар, жарлықтар, тиым салушылықтарлар, рұқсат берушіліктер.
Санкция – бұл мінез — құлық ережелерін бұзғаны үшін нормамен қарастырылған жағымсыз зардаптарды көрсететін құқық нормасының элементі.
Әкімшілік – мәжбүрлеу шаралары (шекараны жабу, жер сілкінісі болған жерлерді оқшаулау) санкцияға жатпайды, сол себебі олар құқық бұзушылықпен байланысты емес. Бұндай шаралар диспозицияда көрсетіледі.
Құқық нормасының түсінігі. Құқық нормасы — үлгі, ереже, шара, жүріс-тұрыс масштабы. Құқық нормасының белгілері: формалды анықтаушылық жалпы міндеттілік, жүйелілік, әрекеттің қат-қабаттылығы, адресаттық кейіптеушіліксізі мемлекетпен қамтамасыз етілуі, ұсынушылық-міндеттілік сипаты.
Құкықтың(қайнар көздерінің) формаларының түсінігі. Санкциялы дәстүр. Әдет-ғұрпы құқығы. Сот және әкімшілік прецеденті. Нормативтік құқықтық акт.Зандық доктрина құқықтың қайнар көзі ретінде.
Нормативтік құқықтық актілердің түсінігі және жалпы ситапттамасы. Нормативтік құқықтық актілерлің түрлері, заңдық күші, әрекет ету ортасы, оларды шығару субъектілері және әрекет ету мерзімі бойынша саралануының критериилері.
Қағида шығармашылығының, құқықшығармашылықтың заңшығарушылықтың түсінігі. Халықтың бірден-бір құқықшығармашылығы. Референдум түсінігі. Заң шығару процессінің сатысы және түсінігі.
Құқық жүйесінің түсінігі. Құқықтың құрылымы. ҚҰҚЫҚТЫҚ институттар және олардың түрлері.
Құқықтық қатынастардың түсінігі.Құқықтық қатынастардың құрамы. Құқықтық қатынастардың мазмұны. Құқықты жүзеге асырудың түсінігі, оның түрлері мен әдістері.
Құқықты қолдану — құқықтық жүйе асырудың ерекше формасы (әдісі). Құқықты қолдану субъектілері: мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, құқық қорғау органдары.
Нормативтік құқықтық актілерді талқылаудың түсінігі. Құқық нормаларының мазмұмын түсіндіру және анықтау.
Құқықтық сана — қоғамдық сананың түрі. Құқықтық сананың басқа да қоғамдық санамен арақатынасы: сасяси, өнегелік, діндік.Құқықтық мәдениеттің түсінігі элементтері және деңгейлері.
Құқықтағы кемтіктің түсінігі. Құқықтағы аналогия институты. Заңның аналогиясы және құқықтық аналогиясы.
3аңды мінезқұлық заң нормаларының нұсқауларына сәйкес мінез құлық ретінде.3аңды мінез құлықтың түрлері. Активті, пассивті және қалыпты мінезқұлық.
Құқық бұзушылықтың түсінігі, түрлері. Қылмыстылықтық себептері және басқа да құқық бұзушылыктардың әлеуметтік табиғаты. Заңды жауапкершілік және оның түрлері.3аңдылықтың түсінігі. Заңдылықты қамтамасыз етудегі Конституцияның орны мен ролі. Конституциялық заңлылық заңдылық пен құқықтық тәртіптің негізі
Құқық нормаларын талқылау түрлері
Құқық нормаларын талқылау түрлері туралы қазақша реферат
Құқық нормаларын талқылаудың бірнеше түрлері бар.
1. Субъектілері бойынша құқық нормаларын талқылау ресми және ресми емес болып екі түрге болінеді.
1.Ресми талқылау арнайы құзыры бар мемлекеттік органдар мен субъектілермен іс жүзіне асырылады. Біріншіден, бұл талқылау арнайы кұқықтык кесім аркылы бекітіледі. Екіншіден, ресми талкылаудың нәтижесі түсінік берілген құқық норманы колдануда барлық субъектілерге міндетті болып саналады. Үшіншіден, құқық қолданатын субъектілерге талқыланған құқық нормасын бір мағынада үғынуға мүмкіндік береді және құқық қолдануда кателіктерге баруға тосқауыл қояды. Ресми талқылау нормативтік, казуальдық болып бөлінеді. Толығырақ »
Құқық нормалары және олардың жіктелуі
Құқық нормалары және олардың жіктелуі туралы қазақша реферат
Құқық жалпы ұғым болып табылса , құқықтық нормалар құқықты қалыптастыратын , дара ұғымдардың көп сандағы жиынтығы. Құқықтық нормалар құқықтық формалық болмысы , өмір сүруінің тыныс — тіршілігі объективтендірілген түрі және сипаты. Құқық тек құқықтық нормалар арқылы өмір сүреді. Қоғамдық қатынастарды реттейді және қорғайды. Сондықтан құқықтық нормалар құқықтың клеткалары болып табылады. Норма сөзі латын аударғанда « үлгі », «ереже» деген мағынаны білдіреді. Құқықтық нормаларды қабылдау , бекіту әр уақытта мемлекет тарапынан болады және олардың мазмұнында қоғамдық қатынастарға түскен субъектілердің мінез- құлықтары , әрекеттері туралы информация бекітіледі. Толығырақ »